«Кел жемісті, Алтын күз!»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Кел жемісті, Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол Күз ханшайымы.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе,Күз ханшайымы!
Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Күз ханшайымы деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші:: Қазір мен сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар
-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).
-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).
-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).
-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).
Балалар күз мезгілінің неше ай бар?
— 3 ай
— Айларды атап беріңдерші?
-Қыркүйек,қазан, қараша.
«Күз» ханшайымы: — жарайсындар балалар дұрыс айттыңдар!
Жүргізуші: «Күз» ханшайымы, біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Күз туралы тақпақтар
Сезім Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Айана Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Әмина Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.
Асылхан : Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды.
Хор: Ән «Алтын күз »
Жүргізуші: «Айгөлек» тобы қыздарының «Жапырақтар биі»
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын «Кім жылдам?» деп аталады.
Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Жүргізуші: Балалардың жемістер туралы тақпақтарын қарсы алайық
Алмұрт: Сезім
Мен алмұрпын,алмұртпын,
Күздежинапалатын,
Балбырағанбіреуін.
Жесеңтойыпқалатын.
Өрік :Аділет
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау — бақшаға көрікпін.
Алма: Кәусар
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал,
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал
Нарттай қызыл алмаман,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем
Жүргізуші: «Айгөлек» тобы қыздарының «Жаңбыр биі»
Күз ханшайымы: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.
Жүргізуші: «Шалқан» -орыс халық ертегісін сахналау.
Жүргізуші: Балалардың көкөністер туралы тақпақтарын қарсы алайық
1.Ас бұршағы: Асылхан
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.
2.Қияр: Мейіржан
Дәнін егіп қиярдың,
Тыным таппай суардым
Түйнектерін көргенде ,
Бес алғандай қуандым
3.Пияз: Көркем
Қос батырдай түйілген,
Тоғыз қабат киінген.
Аршимын деп пиязды
Жылап шықтым үйімнен.
4.Бұрыш: Айана
Аршығанда бұрышты
Абай болған дұрысты
Ашытады көзіңді ,
Жылатады өзіңді.
5.Қауын: Қазына
Исім жұпар аңқыған ,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
6.Қырық қабат: Айкөркем
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын
Қабат, қабат киініп,
Қырық қабат атандым.
7.Сәбіз: Нұрдәулет
Өсіретін бойыңды ,
Дамытатын ойыңды.
Қоянғада азықпын
Сәбізбін жазықсыз
8.Картоп: Шахмарал
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
9.Қызанақ:Амина
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген
10. Шалқан:Жібек
Кім біледі шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарханды.
Күз ханшайымы: Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын:
1.Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар.(бидай)
2. Көк лағым көгенде жатып семіреді (қарбыз)
3.Отыз көйлек киінген
Бір түйме жоқ ілінген (қырыққабат)
4.Қалыңкиімдіұнатады,
Шешіндірсеңжылатады.(пияз)
5.Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Жүргізуші: «Айгөлек» тобы ұлдарының «Көкөністер биі»
Ән «Қолшатыр әні »өленің тамашалыныздар
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Елтай Элмира Орынбайқызына сөз береміз.
Жүргізуші: Осымен, «Кел жемісті, Алтын күз!» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *