«М» дыбысымен таныстыру

 

Тобы:  «Жұлдызша»   Тәрбиеші : Әзиева Б.

Білім беру саласы: Комуникация.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы :  «М» дыбысымен таныстыру.

Мақсаты: «М» дыбысы және әрпімен таныстыру,сөздерге дыбыстық талдау жасауға,буындарды және қысқа сөздерді оқуды үйрету,балалардың ойларын дамыту,әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар :жұмыс дәптері,қолайна.

Сөздік жұмыс : мөңірейді.

Билингвальды компонент:  мысық-кошка,марғау-котенок.

Шаттық шеңбері: Қайырлы таң достарым!

Қайырлы таң ұстазым!

Бір-бірімізге қарайық!

Жылулық сыйлайық!

Добрый  утро друзья!

Добрый утро  учитель!

Посматрий друг на другу!

Пожелать добра!

 

Шеңбер бойыда балалар  тұрады. Балалар ойын ойнағыларың келеме?

Ойынымыздың аты «Айналма доп» деп аталады.

Шарты: Мен сендерге доп лақтырып сұрақ қоямын ал,сендер допты қайта лақтырып жауап бересіңдер келістік пе?

  1. Сауат ашудан нені үйренеміз?
  2. Дыбыс дегеніміз не?
  3. Әріп дегеніміз не?
  4. Дыбыс нешеге бөлінеді?
  5. Қандай-қандай болып?
  6. Дауысты дыбыс қалай белгіленеді?
  7. Дауыссыз дыбыс ше?
  8. Дауысты дыбыс қалай айтылады?
  9. Дауыссыз дыбыс ше?
  10. Біз осы уақытқа дейін неше әріппен таныстық?
  11. Осы әріптердің ішінде нешеуі дауысты?
  12. Неше әріп дауыссыз? Жарайсыңдар балалар ендеше орнымызға отыра қоялық.

 

Балалар жауабы:(А,Т,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш,Й,О,Қ,Д) Біз өткен оқу қызметімізде «Д» дыбысы мен танысқан болатынбыз естеріңде ме?

«Д» дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

«Д» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі ? Кәне ендеше есімізге түсіріп ауада жазып көрейікші.

«Д» дыбысынан келетін сөздер айтайықшы мысалға адам аты(есімі) Дима,Дастан,Дана,домбыра,доп  жарайсыңдар .

Мен жаңа әріппен тасыспас бұрын сендерге бір жұмбақ жасырайын ал,сендер шешуін тауып көріңдер жарайма.

Адам пішіндес,

Айтсаң түсінбес.

Киім тоқымас,

Кітап оқымас (Маймыл)

Ендеше бүгін тағы бір жаңа әріппен танысамыз ол «М» әрпі екен.Балалар «маймыл» дегенде «м»дыбысы қай жерде кездеседі?

«М» дауыссыз дыбыс,сөздің басында ортасында кездеседі.

«М» дыбысының дұрыс  айтылу  артикцлясы мынандай: ерін бір-біріне тиеді,тіл еркін жатады. «М» дыбысы демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады.

 

 

Ендеше балалар «М» дыбысын ауада жазып көрсетейікші.

Жоғарыдан төмен қиғаш сызып ,одан қайта жоғары дан төмен тағы қиғаш сызып оны қайта

жоғары қиғаштау арқылы «м» дыбысын жазады екенбіз.

-Ендеше «м» дыбысынан басталатын сөздер айтып көріңдерші.

(Егер балалар қиналып жатса хатқалтаның ішіндегі  суреттерді алып соны айтады)

 

Мата,маса,марғау,мысық,мал,маржан,мама.

-Сол сөздерді буынға бөлейік.

Музыка естіледі балалар тауып қайталап буынға бөледі:

-Балалар, мынау ненің дыбысы екен?

-Сиырдың ,ендеше бізде  сиырдың  дыбысын  шығарып көрейік.

Балалар,байқадыңдарма сиыр мөңіреді ол қандай дыбыстан басталды ,жарайсыңдар «м»дыбысынан басталды.

Мынау-«м» әрпінің баспа және жазба түрлері.әріптерді көреміз ,естиміз,айтамыз.

Сергіту сәті: Балалар сергіту сәтін  ойын түрінде өткізейік мен мына әріптерді ілемін сендер сол ілінген әріптердер бір сөзді құрастыруларың керек.

Әріп қималарынан «мата», «марғау» сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.

Балалар , «мата» сөзінде неше дыбыс бар?

-Бұл сөз неше буынға бөлінеді?

 

Ендеше дыбыстардың дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықтайық.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру ,сөйлемді жалғастыруға үйрету.

Пеш түбінде ……..

Екі көзін қысып отыр.

Дастанның күшігінің аты …….

Далада сиыр …….

 

 

Қорытынды:  Балалар,біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

 

«М» дыбысы дауысты ма ,әлде дауыссыз ба ?

«М» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен?

Айтылу артикуляциясында тіліміз қандай қызмет жасайды?

Жарайсыңдар ,балалар бүгін сендер оқу қызметімізге жақсы  қатысқандарың үшін үлкен рахмет.

Күннің  2-жартысында жалғастырып жазатын боламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

№22 «Гаухартас» балабақшасы

 

 

 

 

Тақырыбы: «М» дыбысымен таныстыру

 

 

Тобы: «Жұлдызша»

Тәрбиеші: Әзиева Б

 

2017-2018жыл

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *