Халық ауыз әдебиеті

ФИО:Орынбекова Бибинур Абдукадыровна

Қала: Шымкент қаласы

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

 Қызметі: мұғалім-дефектолог

 

Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім-білігін арттыру, салыстыру ажырату, оқу, таладу машықтандыру қалыптастыру, мағынасын түсіне білуді ұғындыру.

Дамытушылық:Оқушылардың мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге, ой-өрісін кеңейту. Өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой-жүйріктігін дамыту.

Тәрбиелік:  Өз тілін мақтан ете білуге, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап және ой қозғау.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, математика, тарих.

Көрнекілік:  Суреттер, мақал-мәтелдер, жаіылтпаштар және сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Халық ауыз әдебиеті атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра халық ауыз әдебиеті. Оған жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жатады. Ауыз әдебиетінде халықтың өмірі, тұрмысы жан-жақты қамтылған.

Ертеде халқымыз хат танымаған, жазу-сызуды білмеген, халық арасында шығармалар ауызша тараған.

Сондықтан оны «Халық ауыз әдебиеті» деп атаған.

 

  1. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Әлемде бір қызық болыпты. Біреу бір ақымақ байдың тоны мен астындағы атын алдап алып кетіпті.

— Балалар, сендер білесіңдер ме кім екенің, кім туралы айтып тұрғанын. Ал білмесеңдер мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Мүмкін содан кейін естеріне түсер.

Әлсіздерді жақтайды,

Сараңдарды алдайды.

Шайтанды да алдайды

Білесіңдер ме?    «Алдар көсе» — дейді балалар.

Дұрыс айтасыңдар бұл Алдар көсе.

Алдар көсе әлсіздерді жақтаушы, ел үстінен күн көруге машықтанған жемқор саудагерлерді, дүмше молдаларды және сараң байларды аямай алдап соғып келеке етуші болған.

Көрініс. Алдар көсенің байды алдауы.

Алдар көсе қандай адам екен?        Айлакер, қу, мейірімді.

Бай қандай адам?                              Сараң, жалқау.

  1. Ендігі кезекті мақал-мәтелге берейік.

Өздері білетін мақалдарын айту.

« Білгенге маржан » деп аталатын ойын.

Мақал-мәтелге сандарды тауып қою.

  1. теңгең болғанша,

досың болсын.

  1. тістен шыққан сөз,

рулы елге жетеді.

  1. Қызға үйден тыю,

 

  1. ала болса ауыздағы кетеді,

түгел болса төбедегі келеді.

  1. — тың бірі қыдыр.
  2. Білекті -ді жығады,

Білімді                          -ды жығады.

Осы кезде есікті тоқылдатып пошташы кіріп , оқушыларға хат әкеп береді.

III. Сурет бойынша мақал құрастыру.

  1. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.
  2. Қыздың жолы жіңішке.
  3. Ит жоқ жерде шошқа үреді.
  4. Қыз өссе елдің көркі.
  5. Оқу инемен құдық қазғандай.
  6. Жұмбақтар. «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны.

Жұмбақ тақырыбы әр алуан хайуанаттар мен жәндіктер, құстар мен өсімдіктер, адам және дене мүшелері, тамақ, үй жабдықтары, оқу-білім құрал-жабдықтары.

  1. Алыстан қарасаң аппақ

Татып қарасаң тәтті ақ                    (қант)

  1. Орманнан жалпақ даладан,

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкентай арадан,

Үп-үлкен боп қорқады.                            (аю)

  1. Ызақор бұғып жатыр,

Сақалын тығып жатыр.                            (пияз)

  1. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады.                    (кітап)

  1. Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім.               (көбелек)

  1. Қозғалмастан бір елі,

Түні бойы жүреді.

Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар.                       (сағат)

  1. 7. Бірі үй күзетіп қалсада,

Бірі жүрер қалтада.                         (құлып пен кілт)

  1. Үстім жолақ,

Тісім орақ

Күшім молақ

Барып тұрған қайсармын

Өзін айтшы қайсы аңмын               (жолбарыс)

  1. Жаңылтпаштарды жатқа айту.
  2. Тау дәу болады

Дәу тау болады

  1. Ақ қақпаққа көк қақпақ

Көк қақпаққа ақ қақпақ

  1. Тұз мұздай

Мұз тұздай

  1. Тебеншек ат шегеншек

Шегеншек ат тебеншек.

VI.«Даналықтан дән терейік»

Тыйым – тәлім – тәрбие, үлгі –өнеге, ақыл – кеңес берудегі тәрбие  құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл әдепсіз істерден маңызды қызмет атқарады.

Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

-Бүйіріңді таянба.

— Есікті керме.

— Ақты төкпе.

— Адамға қарап қолыңды шошайтпа.

— Үйге қарай жүгірме.

— Бос бесікті тербетпе.

  1. Қорытынды.

Тұз астың дәмін келтіреді,

Мақал сөздің мәнін келтіреді..

Мақал қайдан шығады ой болмаса,

Киіз қайдан шығады қой болмаса, — дегендей мақал-мәтелдермен, жұмбақ, жаңылтпаш жарысын тамашаладық.

Жарайсыңдар,  қазақтың мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын және жаңылтпаштарын жақсы білетіндіктеріңді көрсете білдіңдер.

Осы жаттаған жұмбақ, мақал-мәтелдермен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, тілге шешен,сөзге жүйрік болуға ұмтылайық.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *