Қар ұлпалары

Тоқан Гулжанат Мұратбекқызы

Облысы: Ақтөбе

Қаласы: Ақтөбе

№41 «Назерке»  МДҰ МКҚК .

Қызметі: Тәрбиеші

Тақырыбы: : «Қар ұлпалары» 


Білім  беру  саласы:
«Шығармашылық»                                                                                                           Бөлімі: Сурет салу.

Мақсаты:Қыс қызықтарымен  таныстыру, табиғат құбылыстарын сезіне білуге: қардың аппақ, ұлпа, мамықтай, жұмсақ болатынын көрсету. Дербес түрде қар ұлпаларын салуды үйрету.Балалардың қыс мезгілдері туралы білімдерін кеңейту, қар  туралы сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру , сүйіспеншілікке , достыққарым-қатынасқа ,әсемдікке тәрбиелеу.Балаларды дәстүрден тыс сурет салуға: мақталы таяқшаны бояуға малып салып үйрету; сурет салуға деген ынтасымен қызығушылыған ояту және қолдау.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар.

Қажетті  көрнекі  құралдар:  интер тақта,слайд, мақталы таяқшалар,суреттер,ойын

Сөздік жұмыс:Қыс мезгілі, қар жауды, күн суық, аппақ, үлпілдек, жұмсақ , шана, шаңғы, сырғанаймыз, аққала

Бәрі  бірге  келген қоңақтармен амандасады.
Шаттық шеңбері
.

Алақанды ашамыз

Күннің нұрын саламыз
Жүректің жылуын саламыз
Осы жақсы лебізді
Бір бірімізге сыйлаймыз
Интер тақтамен жұмыс.

Балалар айтыңдаршы
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
бұл қай мезгіл  болады?

Қыс мезгілі туралы бейне  таспа қарау.

Сұрақ – жауап.

-балалар біздер қай жыл мезгілі туралы бейне көрніс көрдік?

Қыс туралы өлең шумақтарын кім біледі?
Серік Мерей «Қыс» Абай Құнанбаев

-қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

-қыста адамдар қалай киінеді?

-қыс айларын атап беріңдерші?

-қыста не жауады?

— Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
— Қар қандай екен?

-қардан не жасаймыз?

— Жұмбақ:
Тісі жоқ тітеп алады,
Қолы жоқ сурет салады (аяз)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді
Ауызы жоқ, ұлиды (боран)
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады (қар)

Қар ұлпаларына қарайықшы олар қандай?
Қар ұлпалары неге ұқсайды? (Жұлдыз, гүл, т.б.)
Қар ұлпасы неше бөліктен тұрады? (6)
Балалар қалай ойлайсыңдар қарлар бірдей бола ма?

Тәжірбие көрсету.

  1. Қарды қолмен ұстап көрсету, салқын , тез ерейтінің айту.
  2. Қардың сыртта күн салқындығынан еримейтінің , ал ішке кіргенде ауа температурасы жылы болғандықтан еритінің көрсету.
  3. Қар еріген кезде суға

айналатының көрсету.

  1. Салқын жерге қойған кезде мұзға айналатының көрсету.
  2. Мұзбен қардың айырмашылығы

Қар аппақ, жұмсақ, суық.Ал мұз қатты , жылтыр, тайғанақ, мөлдір әйнек сияқты.

Ия ұлпа қарлардың  сансыз көп түрі бар. Бірақ бір нүктеден басталып  алты бөліктен тұрады.

Кенеттен қардың бораған дауысы естіледі. Ұлпа қар кіреді.
-Саламатсыздар ма, балалар! Мен ұлпа қармын.
Т: Саламатсың ба! Ұлпа қар сен көңілсізсің ғой? Саған не болған?
Ұ: Мен өзімнің достарым ұлпа қарлардан адасып қалдым. Қатты боран соғып, мен мына бұлтпен ұшып келдім.
Балалар біз қар ұлпаларына көмектесеміз ба, Үлпа қарды салып береміз бе? Жұмысымызды бастамас бұрын бойымызды жазып, сергіп алайық.

Сергіту сәті: видео
Балалар ұлпа қар өзінің достары жанында болмаған соң көңілсіз. Балалар біз ұлпа қардың суретін салып берейік.

Бірінші – алты бөлігін салып аламыз
Екінші – өрнектерін саламыз, Мақталы таяқшамызды бояуға батырып  жоғарыдан-төменге, оңнан – солға. Ауада салайық.Жарайсыңдар ендеше жұмысымызды бастаймыз.

-Балалар өз орындарына отырып жұмыстарына кіріседі.
-Ұлпа қарды, мақталы таяқшамен салады.
-Орындаған жұмыстарын Қар ұлпасына сыйға тартады.
Ендеше сізге арнап жаңылтпаш, тақпақ айтып берейік:
Дала аппақ

Қар аппақ

Бәрі аппақ

Қар аппақ.

Аппақ қылып даланы

Жапалақ қар жауды

Балалар тым көңілді

Сұлулыққа таң қалды.

-Жарайсыңдар балалар.Тамаша. Әуен ойнатылып, ұлпа қар балаларды марапаттайды.
Қорытындылау , мадақтау, бағалау.

Қоштасу шеңбері.

Қол ұстасып тұрайық

Жарты шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

 


Күтілетін  нәтиже:

Нені  біледі:   Қысқы табиғаттың өзгерісін , табиғат қызығы туралы толық мағлұмат алу.

Қандай  түсініктерді  игерді: Қыс мезгілі туралы толыққанды түсінігі болуы.

Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері:  дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып пластикалық бетке қар бейнелеуді меңгерту.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *