Сумен тәжірибе жүргізу

Сумен тәжірибе жүргізу

Байділда Гүлзада Құлшыққызы
«Аққайың» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тобы: кіші «Күншуақ»
Тәрбиеші: Байділда Г.Қ.
Тақырыбы: Сумен тәжірибе жүргізу
Мақсаты: Судың мөлдір екенін, бірақ оны кез-келге түске бояуға болатынын көрсету.
Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.
Көрнекі құралдар: су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер,ванилин,глобус,таяқшалар,сүт,тас,доп,мұз.
Шаттық шеңбері:
Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
— Тамаша!!
-Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:
Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?
Жауабы: Су
Дұрыс балалар, әрине су.
Судың дыбысын тыңдау.
— Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
Судың дыбысын.
Глобустан көрсете отырып айту:жер бетінде су өте көп, су көк түспен белгіленген, көк түс судың түсі, өзен, көлдердің түсі
-Су бізге не үшін қажет?
-Суды ішеміз және жуынамыз. Бірақ кез-келген су ішуге жарамды емес. Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.Үлкендердің рұқсатынсыз суға шомылуға болмайды
Тәжірбелер.
І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші?
Судың иісі жоқ
(Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады).
ІІ.Судың пішіні бар ма?
Судың пішіні жоқ
Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз (тәрелкеге су құю)
Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.
ІІІ. Судың дәмі бар ма?
Судың дәмі жоқ
Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер.
Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болады екен?
Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.
ІҮ. Судың түсі бар ма?
Су — мөлдір
Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжірибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салса көрінедіме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.
Y. Боялған таяқшаларды стакандағы суға салу арқылы судың түсінің өзгеретінін байқау
Сергіту сәті:
Сылдыр,сылдыр,сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің,маңдайың.
-Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс.
Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжірибе жасап көрдік.
1.Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.
Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен?(балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)
2.Допты суға салса батпайды,өйткені жеңіл,сендердің үстеріңдегі киім арнайы суға шомылуға киюге арналған, тасты суға салса батып кетеді,себебі тас ауыр
-Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық.
Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:
Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?
Судың қандай қасиеттері бар?
Қандай тәжірибе жасадық?
Сусыз өмір сүруге бола ма?
Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?
Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Су-түссіз, бояу қосқанда өзгереді.
Игереді: Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.
Меңгереді: Судың пішіні болмайды.

Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *