Металды бұрғылап тесу

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Металды бұрғылап тесу
Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға бұрғылап тесу, металдарды бұрғылап тесу әдістерін көрсету,қол бұрғылар, электр бұрғылармен таныстыру, құрылысын сипаттау. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін арттыру, мамандықтың қыр –сырын жетік игеруге ұмтылдыру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, еңбекке баулу. Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары», технологиялық нұсқау карталары, металл дайындамалар әртүрлі бұрғылар,коловороттар, тескіштер жиынтықтары, металл тескіш станоктар,проекторлар т.б .
Өндірістік оқу сабағының уақыты: — 6 сағат

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30- 8.35 1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру. 2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру. 3. Құрал — жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35- 9.25 1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2.Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білім деңгейлерін тексеру: — Металды егеу, өңдеу не үшін керек? — Егеудің қандай типтерін білеміз? — Егеудің құрылысына сипаттама беріңдер? — Егеумен жұмыс істеу тәсілдерін атаңдар? — Қандай егеу түрлерін жазық бетті өңдеуде пайдаланамыз? — Қисық беттерді өңдеу жұмысында ше?- Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз?

3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру: * Металдарды бұрғылап тесу операциясы, тәсілдері. * Металдарды тесу үшін қолданылатын құралдар. * Қол бұрғылар, коловороттар, электр және пневматикалық бұрғылар, олардың құрылысы, ерекшеліктері. * Тескіштер, түрлері, оларға сипаттама беру. * Металдарды тесу жұмысында электр бұрғыларды пайдалану. * Металл тескіш станоктар, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі. * Металл тесу процесінде ақаулардың пайда болу себептері. * Ақаулардың алдын алу, болдырмау жолдары. * Бұрғылап тесу жұмысы кезінде сақталуға тиісті техника қауіпсіздігі ережелері.

4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:
• Металды тесу жұмысы қай жағдайда орындалады?
• Тесіктердің қандай түрлерін жасауға болады?
• Металлл тесу жұмысында қандай құралдар қолданамыз?
• Бұрғылардың қандай түрлерімен таныстық?
• Тескіштердің қандай түрлері бар? Құрылысына сипаттама беріңдер?
• Металл тесу жұмысында ақаулар не себепті пайда болады?
• Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауымыз керек?
ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.30-9.50 1. Құрал –жабдықтарды дайындау. 2. Металды дәлдігі ІІ класс бойынша диаметрі 8-20 мм тесік жасау 3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.

ІҮ.Ағымдық нұсқау: 9.55-13.101. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу. 2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау. 3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру. 1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау. 2-арала Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау. 3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру. 4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау. 5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру. 6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау. 7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.

Ү. Қорытынды нұсқау: 13.10 — 13.35 1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау. 2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау. 3. Үйге тапсырма беру: Металы бұрғымен тесу. (Слесарь ісі -110-175) бет

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *