ҚМЖ 9 сынып Құлпытастағы жазулар

Сабақ: 1-2 Мектеп: №27 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты –жөні: Абилшаикова П.Ж.
Тақырыбы: Құлпытастағы жазулар
Сынып 9 Қатысқаны Қатыспағаны
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
9.А1.Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау
9.Ж5.Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Сабақ мақсаты. Барлық оқушылар орындай алады:
Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды.
Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Берілген тақырыпқа сай сөздердің мағынасын аша отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндерді құрай алады, жұпта, топта жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілердіорынды қолдана алады
Кейбіроқушыларорындайалады:
Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрап, қорғай алады.
Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады:
Сөздердің мағынасын түсінеді, ақпаратты анықтайды, жұпта, топта жұмыс жасай алады, ауызша мәтіндер құрай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
құлпытас, мүсін, қаша, дәуір, түркі, жазба, дүниетаным.
Ауызша мәтін құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
көрінді, жуынды,салынды, жасалды, жайылды, жазылды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Адамзат тарихында жазу мәдениеті қай дәуірден басталған?
Қандай көне жазуларды білесің?
Алғашқы жазбалар қандай құралдарға жазылған?
Құлпытастардағы әрлеу, нақыштау, бедерлеу ненің белгісі деп ойлайсыз?
Қандай көне қалаларды білесің?
Түркістанда қай ғұламаға кесене тұрғызылған?
Бағалау критерийі Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана алады, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды
Бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады, тыныс белгілерді орынды қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану.
Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» идеясы: көне мәдени жәдігерлердің, құлпытастардың,жазба ескерткіштердің маңызын түсіну, білу, құрметтеу.
Алдыңғы оқу: Сұрақтарды түсінеді, нақты ақпаратты жинақтайды, диалогке түседі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Мәтіналды
7 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Тақырыпты жасыру» — әдісі: Балалар, бізге келген хат бар екен. Сабақты бастамас бұрын осы хатпен танысайық.
(Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер. Бүгінгі сабаққа берілген тақырыпты жақсы түсініп алыңыздар. Себебі бұл тақырып қазақ тілінің тарихынан мәлімет береді. Өз хатымда сіздерге тапсырма жасырдым, оны тез және дұрыс шешсеңіздер бүгінгі өтетін тақырып атауын оқисыздар. Ал сабақта көмек ретінде қолдансын деп, сыныптың әр тұсына жаңа сөздер іліп қойдым.
Сәлеммен Жұмбақ жан)
Балалар, Жұмбақ жанның жасырын сөзін оқып көрейік.
Ж. «Болжау» әдісі

(Жасырын сөз – Қпаттұлыасығ уажзрал —
Құлпытастағы жазулар)

Оқушылар бейне материал тамашалайды.
Мұғалім төмендегідей сұрақ қояды.
— Бейнефильмнен қандай әсер алдыңыздар?
-Осы бейнеде не байқадыңдар?
— Бейнефильмнің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар?
Кері байланыс. Сұрақ-жауап.

ЖЖ.«Жәшіктегі сөздер» әдісі арқылы жаңа сөздермен жұптық жұмыс жүргізіледі.
Жаңа сөздер: құлпытас, қаша, дәуір, дүниетаным, түркі, жазба.

2-тапсырма
Сөздер Өз түсінігің бойынша мағынасын жаз Сөздіктегі анықтамамен салыстыр Сөзді пайдаланып тіркес, сөйлем құр.
құлпытас
қаша
дәуір
дүниетаным
түркі
жазба

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі
Бағалау критерий Дескриптор
1.Тақырыпқа сай сөздердің мағынасын ашып, сөз тіркестерін және сөйлемдер құруда қолданады
2.Тыныс белгілерін дұрыс қолданады. 1. Сөздердің мағынасын аша алады
3.Жазба жұмысында қолдана алады
4. Тыныс белгілерін орынды қолданады.

Жасырын сөз – Қпаттұлыасығ уажзрал —
Құлпытастағы жазулар

Мәтінкезі
10 минут

3 минут

8 минут

Мәтінсоңы
6 минут

ТЖ.Сыныпты топқа бөлу: мұғалім 3 оқушының атын атайды, сол оқушылар топ басшысы ретінде кезекпен сынып оқушылары арасынан топ құрайды. Топ жинақталған соң оқушылар өздігінен оқып мәтінмен танысады.
Топтық жұмыс
1-топ. Прожектор әдіс
2-топ. Ромб әдісі
3-топ. Т – кестесі
3-тапсырма.
«Прожектор» әдісі бойынша оқығандарынан тірек сөздерді тауып, мағынасын ашып, түсіндір.

«Ромб» әдісі бойынша
Негізгі мәліметті жоғары, ал негізгіге жатпайтын мәліметтерді төмендетіп орналастыр.

«Т» кестесі әдісі бойынша негізгі және қосымша ақпаратты анықта, бас әріппен жазылған және күрделі сөздерді тауып, мәтін құруда пайдалан.
Негізгі Т Қосымша

Кері байланыс. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалау.
1-жақсы тұсы
2-жақсы тұсы
3-ұсыныс
Бағалау критерий Дескриптор
1.Мәтіннен тірек сөздерді табады, мағынасын ашады
2. Бас әріппен жазылған және күрделі сөздерді қолданып мәтін құрайды.
3. Тыныс белгілерін қолданады. 1.Мәтіннен тірек сөздерді таба алады, мағынасын аша алады.
2.Бас әріппен жазылған сөздерді және күрделі сөздерді таба алады, ауызша және жазбаша жұмыстарда қолдана алады.
3. Тыныс белгілерін орынды қолданады.

4-тапсырма.Жазылым.
«Коллаж» әдісі – постер құр. Суреттерді қиып алып флипчарттарға жабыстырып, постерді қорға.

Әр топ мүшелерінің спикері шығып өз постерін қорғайды.
Өзара түзету
Бақылау парағының тармақтары Барлық жолдарды толтырғаннан кейін, осы жерге белгі қойыңыздар Түсініктемелер мен ұсыныстар
Орфоэпия Тақырыпқа сай сөздерді ауызша мәтінде дұрыс қолданды
Пунктуация Бас әріппен жазылатын сөздерді, сөйлем ішінде тыныс белгілерді дұрыс қолданды
3-тапсырма
Дарынды және талантты оқушылар:
«Оратор» әдісі — ауызша мәтін құрастыр.
Мәңгілік ел идеясының осы тақырыпқа қатысы бар ма? ….
Егер сен археолог болсаң……..
Ерекше қажеттілігі бар оқушылар:
«Дұрыс, бұрыс» арқылы жазба жұмысын орында.
Ақпарат дұрыс бұрыс
Құлпытас- бейітке қойылған тас белгі.
Онда табиғат қашап салынған.
Құлпытастарды әрлеу, нақыштау, бедерлеу, ісі сол кезеңде өмір сұрген халықтың қолөнерін, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен дүниетанымының белгісі іспетті.
Түркістандағы Ясауи құлпытасында осы үрдіс сақталған.

Құлпытастарда жазулар латын ғарпінде жазылған.

К.Б «Маған ұнады…» әдісі арқылы өзара бағалайды, түзетеді.
Бағалау критерий Дескриптор
Күрделі, құрама атауларды жаза алады,

— Ауызша мәтін құрастыра алады
-бас әріппен жазылған сөздерді таба алады

«Қазақ тілі мен әдебиеті» Бәйтерек Оқулық 9-сынып 1-бөлім
1-тақырып «Құлпытастағы жазулар», 6-7-беттер

3минут

3 минут «Ой таразысы» әдісі арқылы «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды? Не сезіндім? Не ұнады?

:й тапсырмасы бойынша саралау:
Барлық оқушылар орындай алады:оқулық 5 бет 3-тапсырма (берілген сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендір).
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:мәтінге жоспар құр.
Кейбір оқушылар орындай алады:бір ескерткіштің тарихы туралы ойтолғау жаз.

Қосымша ақпарат
Сабағымда оқушыларға тапсырмаларды саралау арқылы мейлінше қолдау көрсетуге тырыстым. Қабілетті оқушыларға шығармашылық тапсырма бердім. Сабақ барысында әр кезеңнен соң қалыптастырушы бағалау әдістері арқылы (Бас бармақ, мадақтау сэндвичі, өзара бағалау, маған ұнады) білімдерін бағалап отырдым. Пәнаралық байланыс – тарих және әдебиет пәнімен байланыстырдым.
Құндылықтармен байланыс – Мәңгілік ел идеясы.

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті.
Жоспарланған саралаужақсы іске асты ма?/тапсырмалар сәйкес болды ма?/Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:

2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:

2:

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *