Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

7 санын қосу, азайту тәсілдері

Bilimger Media
2 мин оқу 355 оқылым

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру.
  2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
  3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, қызығушылығын ояту.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, сабаққа бейімдеу.

Қызығушылығын ояту.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар ?
  • Иә, тыңдаймыз.
  • Бүгінгі сабағымыз бастан-аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады.

Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына:

  • Лақтарым, шырақтарым ! Шұнақтарым, құлақтарым ! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар, - дейді.

Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады.

Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру)

  • Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.

Қасқыр болды қауіпті.

Лақтарды қамап қойыпты.

Қасқыр үлкен пакет беріп жіберіпті. Ішінде хат бар, неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба ?

  • Иә, орындаймыз.

ІІ. Дайындық кезеңі.

1 – тапсырма.

Суреттер бойынша өрнектер құрастыр.

ІІІ. Жаңа сабақ.

2-тапсырма. Математикалық диктант.

Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосынды жазу, мәнін табу.

3-тапсырма.

Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу және мәнін табу.

4-тапсырма.

Ойын «Кім тез есептейді ?»

5-тапсырма.

7см, 9см, 3см

6-тапсырма.

Суреттер бойынша теңсіздіктер құрастыру.

7-тапсырма.

Кітаппен жұмыс. Есеп құрастыру.

8-тапсырма.

Математикалық тест.

  • Міне лақтарды аман-есен анасына тапсырдық.

ІV. Бекіту.

  • Сонымен, 7 тапсырманы орындап, неше лақты құтқардық ?
  • 7 лақты.
  1. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 2 мин 53 оқылым
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Мақалада 7-сыныпта математика мен физиканы кіріктіріп оқыту тәсілдері, ортақ тақырыптар және STEM жобалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 54 оқылым
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 5 мин 107 оқылым
Математика

Математика мен күнделікті өмірдің байланысы, сабақтағы жобалық жұмыстардың маңызы

Мақалада математиканы күнделікті өмірмен ұштастыру жолдары мен жобалық жұмыстардың оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы маңызы қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 56 оқылым