Денсаулық күні: «Тазалық-денсаулық кепілі»

Денсаулық күні «Тазалық-денсаулық кепілі»
«Кірқоймас бекеті»
Білім беру саласы:Денсаулық, Қатынас.
Тақырыбы: «Тазалық – денсаулық кепілі»
Мақсаты: Мәдени-гигиеналық дағдылардың маңыздылығы туралы
білімдерін бекіту. Өз-өзіне қызмет көрсете алу және
салауатты өмір салтын ұстанып, күн тәртібінің сақталуы
туралы білім беру. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.
Заттың дамыту ортасы: тазалыққа керекті заттардың суреттері және ойынға арналған ( сабын, сүлгі, тарақ, тіс щеткасы, тіс пастасы,елеген, су,жөке) үн таспа, тақырыпқа сай газет.
Блингвалды сыңары: тазалық- чистота, сабын-мыло, сүлгі-полотенце, тіс пастасы-зубная паста, тіс щеткасы-зубная щетка, табиғат-природа.
Сөздік жұмыс: Дені саудың- жаны сау. Салауатты өмір салты.
Барысы:
Тәрбиеші: Балалар,бүгінгі әңгіме тазалық жөнінде болады.Біздер әрдайым таза жүрсек,ауырмаймыз.Деніміз сау болады.Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек екен?
Балалар:Жуыну керек,үстімізді ұқыпты ұстау керек,жаттығулар жасау керек.
-Жарайсыңдар,сендер көптеген ережені біледі екенсіңдер.
Қоңырау шылдырлайды.
-Бізге біреу хабарласып жатыр.Кім екен?
-Алло! Бұл кім екен? Дәрігер Айболит? Иә, бұл «Бота»тобы.Келіңіз.Біз сізді күтеміз.
-Балалар,бізге дәрігер Айболит келеді.Оны қарсы алайық.
Айболит: Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен алыс Африкадан келдім.Аңдарды,құстарды,жануарларды емдеймін.Сендердің көңілді көздеріңді,әдемі күлкілеріңді,әдемі тістеріңді қарауға келдім. Сендер жуынасыңдар ма?
Балалар:Иә, біздер таңертең де кеште де жуынамыз.
Тәрбиеші: Балалар,Айболитке біздің ең жақын достарымыз не екенін айтайықшы.
1-бала: Сәулелі шуақты
Сәулетті қуатты.
Күн-елші анамыз.
Күннен күш аламыз.
2-бала Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін
3-бала:Қоршаған ауамен
Шығып кең далаға.
Шынық сен әрдайым.
Керемет ауада.
Кір қуыршақты балаларға көрсету. Мынау кірқожалақ қуыршақтың аты Жайна жан-жағын қарандаршы қалай лас болып кеткен: киімі,заттары,ойыншықтары бәрі шашылып жатыр. Тазалық жоқ жерде денсаулық та, сұлулық та болмайды. Қане Жайнаға көмектесейік.
Ойын: «Ретімен жина» (балалар себеттергі ойыншықтарды, киімдерді, гигиеналық заттарды реттеп жинайды)
-Балалар,мына қуыршақтың үсті қандай?
-Кір,лас.
-Ол тазалық құралдары туралы білмейді.Оған тазалықтың тұрағы қайда екенін айтып берейік.
4-бала: Тазалықты іздесең,
Мөлдір судан аласың.
Жиі-жиі жуынсаң,
Аппақ,таза боласың.
5-бала: Тазалықты іздесең,
Шампунь,сүлгі керегі.
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.
6-бала: Тазалықты іздесең,
Айна,тарақ керегі.
Бірі тарап шашыңды,
Екіншісі көреді.
7-бала: Тазалықты іздесең,
Тіс пастадан табасың.
Тістеріңді шөткеге
Тазалатып аласың.
Ойын «Қуыршақ Жайнаны құрбысымен жуындырайық» (балалар екі командаға бөлініп қуыршақтарды жуындырады)
Қуыршақ Жайна балаларға алғыс айтып,жуынуға,таза жүруге уәде береді.

Ойын «Жақсы-жаман»
-Балалар,мен тақпақтар оқимын.Егер жақсы бала туралы болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер жаман бала жөнінде болса көздеріңді жұмасыңдар.
1.Шашымды тарадым.
Айнаға қарадым.
Ерте тұрдым ұйқымнан.
Мен бақшаға барамын.
2.Анау бала,бетін қара.
Жуынбапты масқара.!
Тырнағы өскен,шашы көптен
Алынбапты масқара!
3. Мен кішкентай баламын.
Айтқан тілді аламын.
Көмектесем анама,
Үйді жинап қоямын.
4. Тұрысбектің түрін-ай.
Көйлегінің кірін-ай.
Жейдесі мен шалбары.
Бірі балшық,бірі лай.
Айболит:Бәреклді!Сендер бәрін біледі екенсіңдер.Сендерге риза болдым.Әрқашан осылай таза жүріңдер,ауырмаңдар.
Айболит балаларға дәрумендер үлестіріп,олармен қоштасады.
Біз не білдік? Әрдайым таза жүреміз. Күтілетін нәтиже: Балалардың таза жүруі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *