«Кенгру болайық»

Тұрар Рысқұлов ауданы, Р. Сабденов ауылы « Бәйшешек» бөбек жай бақшасы Денешынықтыру жетекшісі Исаева Эльмира

Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: «Кенгру болайық» Мақсаты: Балаларға секірудің әдіс-тәсілдерін ойын арқылы меңгерту. Аяқтарын қос аяқпен секірту бірге, аяқтары алшақ. бір ырғақты сақтап шеңбер бойымен кеңгру болып секіріп жүру. Негізгі қимылдар: Қос аяқтап секіру (аяқтары бірге,аяқтары алшақ) шеңбер бойымен жүру. Әдіс тәсілі : ойнату, секірту,жүргізу, дабыл қағу . I -Кіріспе бөлім: Балаларға дабыл қағу арқылы сап тізбекте тұруға белгі беру. Балалармен амандасу -Сәлеметсіңдер ме балалар! – Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Көңіл күйлерімізді бір бірімізге қарап бас изеп күлу арқылы сездіреміз. Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады. II -Негізгі бөлім: Қос аяқтап секіру (аяқтары бірге,аяқтары алшақ) шеңбер бойымен жүру. Саптізбекте бір бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, сап тізбектен шығып кетпеуді, сап тізбектеп шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсету.
Жалпы дамытушы жаттығуларды орындауы үшін шеңберге тұруды ұсынады.
Балалар бүгінгі жаттығуымызды отырып жасаймыз.
Жаттығуларды атайды.
Жаттығулар ереже бойынша бастан басталып аяқ ұшымен аяқталады.
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.
Балалар бүгін біз қос аяқтап секіру (аяқтары бірге,аяқтары алшақ) және шеңбер бойымен жүру жаттығуларын жасап үйренеміз. Балалар кенгру балаларын алдына салып екі аяқпен секіреді Сап тізбекте жүріп, екі аяқтап секіру жаттығуын жасату.
Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді.
Балаларға бастарын төмен түсірмей иықтарын тікұстауын және қолдарын кеуде тұсына қойып жүрулерін естеріне салады.
Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалайды.
1. Шеңбер жасап сапқа тұру. Бір ырғақта шеңбер бойымен жүруге нұсқау береді Қимылды ойын «Шеңбердегі доп» Мақсаты : Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын ояту. Өз туыстарына қамқор болуға үйрету. Әдептілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты : Балалар шеңбер болып тұрады Ортадағы бала допты өздеріне жақын адамның,достарының,ойыншықтарының аттарын атап еклесі балаға лақтырады,келесі бала да осылай қайталайды,ойын жалғаса береді. Бастапқы қалыпқа келіп сап тізбекте бір бірден жүру,бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, сап тізбектен шығып кетпеуге тырысады, сап тізбекте өзінің орнын табады.
Балалар шеңбер бойымен тұрған қалпы тұрады.
Аяқтарын алшақ иық мөлшерінде қойып секіру жаттығуларын орындайды.
Балалар сап тізбе шеңбер бойымен жүреді.
Балалар ойынның шартын түсініп ойнайды.
III- Қорытынды:Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру. Спорттық құрал жабдықтарды жинауды ұсынады. Балаларға рахмет айтып қоштасу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *