«Ертегілер әлемі»
Алматы қаласы
Жетісу ауданы
КММ«№103 санаториялық
бөбекжай-балабақшасы»
Қудайбергенова Багила Досановна.
Тәрбиеші.
Білім беру саласы :Қатынас
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
Мақсаты: Балалар ертегілерді естеріне түсір білу арқылы атынатау.Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып,тақпақтар,жаңылтпаштар,жұмбақтар және тіл ұстарту жаттығулар арқылы тілін дамыту.Түстерді ажырата отырып таза ұқыпты бояуға үйрету.
Шаттық шеңбері: Достарымның барлығын Силап жақсы көремін. Алақаным арқылы Жылуымды беремін
Аспан ашық көгілдір Күн шуағын төгіп тұр Қол ұстасқан біздерді Тереземнен көріп тұр.
Ал кәнеки бәріміз сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздерме қонақтар .
Жұмбақ Аяз қысып ,өрнек сызып , Терезені торлайдыҚарға омбығып ,беті домбығып,Сырғанап балалар ойнайды,Айтыңдаршы бөбектерім,Бұл қай мезгілде болады
Балалар : Қыс мезгілінде
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Балалар:Қыс мезгілі Тәрбиеші :Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып көрейікБалалар: Қыста күн салқын болады ,аяз болады,қар жауады,боран соғады.Тәрбиеші: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?Қыс айлары көңілді Ақ қар жапты өңірдіҮйренеміз жалықпайКоньки ,шаңғы тебуді. Арлан
Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
Ертегі әлеміне бармас бұрын ондағы кейіпкерлер туралы есімізге түсірейікші.
Олардың өздеріне тән мінез құлықтары болады:
ашулы, қатал, мейірімді, адал, қайырымды.
Сендер қандай кейіпкерлерді ашулы деп елестетесіңдер?
Балалар: мыстан кемпір, қасқыр, арыстан, жолбарыс ашулы.
Тәрбиеші: мейірімді, адал кейіпкерлерді атаңдар.
Балалар: қоян, мысық, әтеш, ит адал кейіпкерлер.
Тәрбиеші: ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін ертегідегі бақыт құсына айналып, қанатымызды жайып ұшып көрейік.
(Балалар ертегілер елінен әтешті пен күшікті кездестіреді.)Балалар ертегіліер елінде Әтеш пен күшік ?
Күшік :таңырқап қарап тұрып, ой сен неге аулада боялмаған түріңмен жүрсің? Әтеш :Неге олай дейсің ,мен өте әдемімін.Күшік: Жоқ ,сенің құйрығың боялмаған.Әтеш:Жоқ ,менің басымдағы айдарым,қанатым өте әдемі . Күшік :Әрине сен әдемісің ,бірақ сенің құйрығың боялмаған екен. Сенбесең балалардан сұрашы? Әтеш :Балалар Күшік шын айтып тұрма ? Балалар ? Күшік рас айтып тұр Күшік : Сенбесең аулада жатқан көлшікке барып суға қара Әтеш: Расында мен боялмаған екем.
Енді мен не істеймін, аулада қалай жүремін?
Тәрбиеші:- Әтеш сен қорық па, сас па, балалар саған көмектеседі. Әтеш :- менің бірақ арманым бар, мені әдемі етіп бояп беріңдерші?
Тәрбиеші:– Балалар біз сиқырлы ертегілер елінде емеспіз бе?
– Әтешке көмектесеміз бе?
– Әрине, көмектесеміз. менің сиқырлы себетім бар, сол себетте бояулар бар, қазір бояуларды алып әтешті бояймыз. Әтештің арманын орындаймыз.
Балалар сендер бояулар бар себетті көріп тұрсыңдар ма? себетіміз қайда?
Айналамыздан іздеп көрейікші.
Себеттің ішіне хат қалдырып кетіпті балалар ,біздің бояуларымыз жоқ.
– Саламатсыңдар ма! егер балалар себеттегі берілген тапсырмаларды, дұрыс орындасаңдар себеттің сиқыры кетіп түрлі түсті бояулар пайда болады сонда ғана әтешке көмектесе аласыңдар.
Балалар орындаймыз ба?
Тіл ұстарту жаттығуы1.Ар-ар-ар Жауып тұр ғой қар 2.Ғат-ғат -ғат Сыртылдайды сағат. 3.Дыз-дыз-дыз Жарқырайды жұлдыз 4.Ла-ла-ла Ойнап отыр бала 5.Мын-мын-мын Бақшаға барамын.Жаңылтпаш
1.Қыста құлағым ісіп кетті үсіп ,ысып кетті. 2.Бұл қар , сұр қар, сұр қар кір қар , үстінде ойнама үстіңді былғар. Айлин
«Жұмбақтар жасыру»1.Жалт-жұлт етеді ,ұстасаң еріп кетеді (Қар) Зайтуна 2 .Қолы жоқ сурет салады ,тісі жоқ тістеп алады (Аяз) Жанетта
«Мақал-мәтел»1 «Оқыда біл,ойна да күл»Милана2. «Жері байдың елі бай»БолатбекАл енді дем алып алайық, әтешпен бірге сергіту жаттығуын орындайық
(ролик арқылы)Сергіту сәті:
Тәрбиеші :Ертегілерден үзінді айтам ,қандай ертегі екенін табыңдар?1.Баяғыда бір ешкінің жеті қозысы болыпты?Кім айтады қандай ертегі екенін?«Жеті лақ ертегісі »Ал маған кім ертегілер туралы үзінді айтып береді?
2.Қашып кеткен атадан,Қашып кеткен әжеден,Орманда кеше жүр едіДомалап шықты алдымнан.( Бауырсақ ертегісі) Айғаным
3.Үйін жинап ертемен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты
Бұл қай ертегі ( Мақта қыз бен мысық) Каусар
4.Атай өзі салғанын
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады ( Шалқан) Пана
– Иә, дұрыс.
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар енді біздің себетіміздің сиқыры жойылды, ішінен бояуларды алып әтешті бояйық,
Ал балалар жарайсыңдар біз әтешке көмектестік міне біздің боялған әтешіміз қандай әдемі, енді ол аулада ұялмай серуендей алады.
(Сол кезде әтеш балаларға келіп )Әтеш:
– Балалар сендерге рахмет, маған көмектесу үшін сендер көп тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысып, күш салдыңдар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар мен сендерге шексіз ризамын.
Тәрбиеші :Балалар қане әтешпен бірге ойын ойнауға келісесіңдер ме?
«Ертегілер кейіпкерлерін тап»
Шарты: суреттерге қарап ертегі кейіпкерлерін тауып бір ертегіні құрастыру керек. ол ертегінің қандай ертегі екенін атын айтып беру.
Әтеш: Ал енді мен өз аулама барып өзімнің сұлулығымды көрсетейін, сендерге көп – көп рахмет, сау болыңдар..Қорытындылау:
Балалар бүгін барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар,тапсырманы жақсы орындадыңдар әтешке көмектестіңдер.Орнымыздан тұрайық
Әдепті бала болайык
Көріскенше күн жақсы.
Сау –саламат болайық