Көліктер және оның түрлері

ТАҚЫРЫБЫ:Көліктер және

оның түрлері Мектеп/МДҰ: «Н.Бекежанов жом» кмм
Күні: Педагогтің аты-жөні:САПАРОВА М
Сыныбы: МАДТ
Сөйлеуді дамыту
Қатысқандар саны: Қатыспағандарсаны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.3.1Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Көліктің түрлерін біледі.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Әнгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік:жол–дорога–road,көлік–транспорт–transportНегізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Көліктер, жердегі көліктер, әуедегі көліктер Пікіралмасусұрақтары:
Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Өткен ҰОҚ алған білім Балалар бағдаршамның қызметін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
І.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут

ІІ.Мақсатты болжам. 3-5 минут

ҰОҚ ортасы
ІІІ.Тақырып бойынша жұмыс
6-27 минут (Ұ)Шаттық шеңбері.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Ақыл-ой өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі заңды тәртіп,Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ. Су ішеді, май жейді,
Бұларды не дейді?(Көліктер)Көптілділік:жол–дорога–road,көлік–транспорт–transport Педагог көлік және оның түрлерімен
танысатынын және көліктердің түрлері көп екенін айтады. Соның ішінде адам таситын және арнайы қызмет көліктері болады.
– Адам таситын көліктерді атап беріңдерші.
– Ал арнайы қызмет көліктеріне нелер жатады? Әліппе-дәптерменжұмыс:
1-тапсырма.Сурет бойынша көлік түрлерін атап бер. Бұл көлікті кім жүргізеді?

Әліппе-дәптер

51

Жаңылтпаш жаттау: Иса мәшине жуса,
Мұса да мәшине жуады.
Сергіту жаттығуы:
Музыкаәуеніменмәшиненіңрулінайналдырып билеу.
Дидактикалық ойын: «Автосалон».Бір бала мәшине сатушы болады. Қалған
балалар көлік сатып алушылар болады. Көлік сатып алушылар бір көлікті сипаттайды, алкөлік сатушы ол қандай көлік екенін тауып, оны алып береді.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Төбесінде ебелек,
Ұшады ол керемет.(Тікұшақ)Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар. (Трамвай) Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.(Автобус)
3-тапсырма.Суретті толықтырып сал. 4-тапсырма.Дидактикалықойын:
«Сөйлемдерді толықтыр». Педагог сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырады.
Мысалы: Егер жермен жүрсе бұл … (жер) көлігі. Олар: КамАЗ, автобус, өрт сөндіргіш мәшине.
Егер сумен жүрсе бұл … (су) көлігі. Олар: кеме, қайық, катер.
Егер әуеде ұшса, бұл .. (әуе) көлігі. Олар: ұшақ, тікұшақ, зымыран.
Педагог балалармен қоғамдық көлікте ережелерді сақтау туралы әңгімелеседі. Ережелерді балалармен бірге талқылау.
–Қоғамдықкөліккеешкімдіитермей,асықпай кір.
– Айналадағы адамдармен сыпайы сөйлес.– Көліктің ішін ластама, орындықты сызба. – Жолақысын уақытымен төле.
– Үлкен кісілерге орын бер.

Әліппе-дәптер
IV.ҰОҚ қорытындысы.Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө)Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан мәшинені түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

«Н.Бекежанов атындағы №13 жом» кмм-нің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі
Сапарова Меруерт Кадыркуловна

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *