Айгүл Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Пән Қазақ тілі Мерзімі:11.01.2020 Сынып 9 Мұғалім:Күзекова Ж.Қ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Парасат пайымы
Сабақтың тақырыбы А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру,
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Қаламгер шығармашылығы, туынды идеясы туралы білімді толықтырады, меңгереді, талдай біледі, өз ойын айтады.
Көптеген оқушылар: Жеке жұмыста білімдарлық танытады, қосымша мәлімет табады, өз пікірін еркін жеткізуге тырысады.
Кейбір оқушылар: шығармашылықпен жұмыстануда тың идеялар айтады, көшбасшылық міндетін атқарады.
Бағалау критерийлері 1) Ұлттық құндылықтарды табады;
2) Көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді;
3) Маңызды мәліметті анықтай білу.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
-ұлттық құндылықтарды табады;
-ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіреді;
-көтерілген мәселелерді табады;
— көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді;
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
«Қай ноғайсың?» деп жөн сұраған шалға: «Аға, біз-қыпшақ, атам аты-Ерторы, әкем аты-Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін» деп жауап береді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Әңгіменің басты кейіпкерлері кімдер?
2. Әңгіме арқауы болған оқиғада қай кезең суреттеледі?
3.Қандай жағымды кейіпкерлерді кездестірдіңдер?
4.Автор неліктен кейіпкер баланың есімін басында Кенжебек деп алып, соңынан Шашты деп атайды?

Құндылықтар дарыту Туған жерге деген ыстық сезім, сүйіспеншілік, баланы қайраттандыру, баланы туған жерге аттандыру

Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география
Алдыңғы оқу А.Кемелбаеваның өмірі мен шығармашылығын біледі
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған жұмыс түрлері. мазмұны

Ресурстар
Сабақтың басы
1-6 минут Қызығушылықты ояту және психологиялық ахуал орнату жаттығуы. «Лирика» ойыны. Өлең жолдарын еске түсіру арқылы сабаққа поэзиялық леп беру, сөз өнерінің құдіретін түсінуге жетелеу, сабаққа ынтасын ояту. Біз көбіне айналамыздағы адамдарға арнап өлең, ән арнамаймыз, тіпті үнді кинофильмдеріндегідей бастап кету қиын сияқты болып көрініп тұрады. Сондықтан, бүгін өлең жолдарынан шумақ өлеңдерін дұрыс құрастырамыз. «Туған жер» өлеңі
Мағынаны тану.
7-15 мин.

15-25 мин.

26-34 Хронологиялық кесте
А.Кемелбаева қай жерде туып өсті?Қайда білім алды?
1965 ж –
1984-1987 ж
1989 ж
1994 ж
А.Кемелбаеваның қандай шығармалары бар?
1. «Жетінші құрлыққа саяхат» хикаяты
2. «397 нөмірлі снайпер» әңгімесі
3. «Тобылғысай», «Ғибадат», «Қияда» әңгімелері
4. «Мұнара» романы
5. «Майя» повесі, «Ер Төстіктің дүниеге келуі» әңгімесі
6. «Көкенай мен Қалқаман» атты эпикалық прозасы

«Кім жылдам?» ойыны арқылы «Шашты» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтарды табу
Тегін сұрау, туған жерге деген ыстық сезім, баланы туған жерге аттандыру, салт-дәстүрі, мәрт мінездері, шабандоз, азаттық, бата беру;
Тақта, сызба салынған флипчарт

Бекіту.
38 мин. RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
Рефлексия
39 мин. «РОST IT» әдісі бойынша кері байланыс алу.
Не үйрендім? Не қиын болды? Не оңай болды? Нені үйренгім келеді?
Оқушылар стикерлерге 4 сұраққа жауап жазып, мұғалімге ұсынады. Стикерлер
Үйге тапсырма.
40 мин. «РАФТ» әдісі. Рөл –Кенжебек. Аудитория –Қазақ елі Форма – хат. Тақырып – Туған жерге сүйіспеншілік Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы түсініп, жазып алады.
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға
қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың
материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын
сақтау
Ауызша марапат пен пікірімді білдіру арқылы қолдау көрсетемін. Сыныпта көшбасшылықты өздеріне алуға жағдай жасаймын. 1. Ауызша марапат
2. Қошемет көрсету;
5. РОST IT; Қауіпсіздік ережесі
Сымбат ережесі
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? Оқушылардың кейбіріне қолжетімсіз болды.
Барлығы да тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты.
Оқу мақсаттары орындалды.
Меніңше, орташа деңгейде.
Уақытқа берілген тапсырмаларды орындау кезінде ауытқулар болған жоқ.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: уақытты тиімді пайдалану,
2: бөлінген көшбасшылық
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?
Балалардың өз ойын нақты, көркем жеткізуде қателіктері бар екені байқалды, осы бағытта жұмыстануым қажет.

«Н.Бекежанов атындағы №13 жом» кмм-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Күзекова Жаңакүл Қолдағанқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *