“Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы”

Тақырыбы : “Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы”

Мақсаты: Инклюзивтік білім беру жағдайында даму, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға психологиялық қолдау көрсету.
. Міндеті:
 Қоғамның көзқарасын өзгерту
 Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету
 Толық білім алуды ұйымдастыру
 Қоршаған ортаға бейімдеу
 Дені сау балалармен тең ұстау
 Өз-өзіне сенімін арттыру.
Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.
”Инклюзивті” – деген термин ағылшын тілінен аударғанда «енгізілген», «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына жататындар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігі бар балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.
Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық бұзылу ретінде сипаттайды. Синдромның «Даун» деп аталуы да сондықтан.
Аутизм — (гр. autos – өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психикалық дамуын жетілдіру негізінен үш бағытта жүргізіледі:
1. Балаларға жан – жақты диагностикалық тексерулер мен мамандардың консультативтік кеңестерін ұйымдастыру, негізгі зақымданулардың дәрежесін анықтау;
2. Емдеу, сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
3. Түзету және дамыту бағыттарында арнайы әдістемелерді құрастырып, оларды қолдану.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:
– инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
– ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
– мектепке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау
және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;
– мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу;
– инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім арқылы мыналарға қол жеткіземіз
 мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;
 қатарластарымен қарым- қатынас;
 толыққанды білім беру;
 қоғамға кіріктіру және бейімделу;
 мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу.
 даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;
 балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;
 әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.
 даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету
Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы:
• “Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытундың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғалым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығандағы өзгерістер енгізу туралы.
• Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң
• Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заң
• Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Заң
• -Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Заң
• Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңесінің тексерісінен өткен балаға арнайы диагноз қойылып, баланың қандай білім алу мекемесіне баруы керектігі жөнінде анықтама беріледі. ПМПК саласында психиатр, невропатолог, офтальмолог, педагог-психолог, логопед, дефектолог, медбике мамандары жұмыс істейді. (Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету)
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістік өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *