Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы

         Тақырыбы: «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

Өткізілетін күні: 25.10.2019 ж.
      Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі атаананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата – ана және бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Ата – анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата – ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сабақтың тақырыбы, ұлы адамдардың қанатты сөздері, видеороликтер, оқушылар салған суреттер

Мұғалім сөзі:

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Халықта: «Баланы бес жасқа дейін еркелет, он бес жасқа дейін қосшыңдай, он бестен кейін құрдасыңдай сана» деген әдемі өсиет бар. Адалдық және қарапайымдылық, жолдастық сезім, бірін-бірі сыйлау, басқа да адамгершілік қасиеттердің негізі-балалық шақта. отбасында қаланады.Отбасындағы үлкенді сыйлау, кішіге құрмет дәстүрі жас адамды көпшілік орында өзін-өзі ұстай білуге үйретеді. «Бала тәрбиесі-бесіктен» деген халықданалығы тегін айтылмаған. Тек гүлдеп шыққанымен гүлдемейтін өсімдік болады. Гүлдегенімен жеміс бермейтін ағаш болады.Ал өмірдің қызығы көктеген соң гүлдеу керек, гүлдеген соң жеміс беруі керек емес пе? Ата-ана ретіндегі арың да, абыройың да кішкене солқылдақ шыбықтай өсіп келе жатқан  перзентіңе байланысты. Су  ішпеген ағаш қисық та тапал боп өседі. Жақсылықтың  шапағаты, ізгіліктің нұры бала бойына дарып, зерделі де биік болып өссе екен дейсің. Адамдықты сезінген, жылылықты ұғынған бала жақсы азамат болып өсері анық.

«Неке және отбасы» кодексінде ата-ананың міндеті:

  1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;
  2. Білім алуына көмектесу;
  3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;
  4. Ата-аналар жиналыстарына қатынасу, мұғаліммен кездесуі, баласының мектеп өмірімен танысуы;
  5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б улы заттарды қолдану,балаға зиянды екенін түсіндіру болып табылады.

«Тәрбие – отбасынан басталады»,
Ата-анаға сұрақ:
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңыз. ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
6. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
7.  Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
8. 18жасқа толмаған адам ( бала)
9. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

«Жартысын тап». Оқушылардан мақалдардың жартысын сұрау.
1. Атаның баласы болма,………………….. ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,…………………………….( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,……………………………( баласыз үй қу мазар)
4. Ата көрген оқ жонар,……………………..( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,…………………………( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,……………….( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,……………………( артыңа ауыр жүк артпа)
8…………. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,………………………..( ана – шалқар көл)

Ата-аналарға сұрақтар беріледі.

  1. Тұйыққа тірелмейтін кез болмайды. Бірақ тығырықтан шығатын жол әрқашанда болады. Егер баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастырсақ, мәселенің бір түйінін шешкендей боламыз. Бұл жолдың бірі – көркем әдебиет оқу. Әдебиет оқуға құмарлық күнделікті газет-журналдардан басталады. Үйге бірде-бір басылым келмейтін, өзің оқымай,баланы «Кітап оқымайсың» деп айыптауға бола ма? Міне, бұл жерде де тәрбие басы әке мен шешеге келіп тіреледі. Сіз басылымдарды алдырасыз ба, балаңыз бос уақытында немен айналысады. Бос уақытындағы, дастархан басындағы әңгімелеріңіздің дені не туралы, қандай тақырыпта өрбиді?
  2. «Тәрбиенің тал бесіктен бастау алатынын» біле тұрып, тіпті жылына 1рет мектепке келмейтін ата-аналарымыз да бар. Сіз бұл пікірді қалай түсінер едіңіз? Ата-ана мен мектептің байланысын қалай тығыз байланыстылыққа жеткізуге болады, сіздің ойыңызша?

Ата-аналарға жеке сөз беріліп, ой түйінделеді.
1.Сөз «Айна»
2.Сөз «Қайшы»
3.Сөз «Барыс»
Мысалы: Айна-баланың өмірі айнадай жарық,әдемі болсын деймін,ол үшін жан-жақты жұмыс атқаруға үлес қосамын.
Қайшы – қайшымен негізі артық,керегі жоқ заттарды қиып жатамыз.Бір сабы мектеп болса,бір сабы ата-ана болып,баланың өміріне төніп тұрған жаман нәрселерді қиып тастап,бірігіп іс атқарайық.
Барыс-жеке тұлға ертеңгі елімнің барыс-болашағы. Сондықтан да саналы, білімді, тәрбиелі шәкірт тәрбиелейік.

Қорытынды: Баланы жастайынан қалай тәрбиелесеңіз, солай болып өсетіні белгілі. «Әкеге қарап,ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген атам қазақ айтып кеткен сөзді жадымыздан еш шығармай, есте  сақтағанымыз жөн сияқты. Баланы жастайынан еңбекке баулып, адал болуға, үлкенді сыйлауға үйрету – ата-ананың басты міндеті. Ертеңіміз – балалар нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайшы

 

Барыс

 

 

Айна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *