“Қара індет не себепті жылдам тарады?”

Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:
Күні: 3.12.2019 Мұғалімнің аты-жөні:Нурмухамбетова А.С.
Сынып: 6 «Б» Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы «Қара індет» не себепті жылдам таралды?    
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.4.1 – адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары «Қара індет» Еуропа мен әлемнің жағдайына қалай әсер еткенін анықтау
Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

ü  Эпидемиялық аурулардың, соның ішінде оба ауруының таралу қаупін түсінеді

ü  Обаның таралудың алдын алу мәселесін рөлдік ойындар арқылы шешу жолдарын іздейді

ü  Еуропада және әлемде оба індетін тарататын елеулі теріс зардаптарды анықтайды (кем дегенде 3).

ü  «Қара індет» терминінің мағынасы мен мағынасын түсінеді;

 

Тарихи концепт (фокус) өзгеріс пен сабақтастық
Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Себептері, факторлары, сылтауы, католизаторлар, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді   салдары, пандемия.

«Қара індеттің»таралу себептері:

«Қара індеттің» әсері (аумақтарға):

Қысқа мерзімді салдары:

Орта мерзімді салдары:

Ұзақ мерзімді салдары:

Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту
Пәнаралық байланыстар География (кескін карта)
АКТ қолдану дағдылары Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.
Бастапқы білім

 

Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.

 

Сабақ барысы

 

  Сабақ элементтері, уақыт Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар  
  Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі    

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. топқа бөлу

 

Оқу құралдары

 

 

 
  Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

Өткен мәліметтерді бекіту мақсатында «Иә – жоқ» әдісін қолдамын. Оқушыларға «Моңғолдар» бөліміне қатысты тұжырымдамаларды ұсынамын. Осы тұжырымдамалардың арасында шынайы және жалған мәлімдемелер бар.Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Мәлімдемелердің мысалдары:

–       Монғолия Орталық Азияда орналасқан (иә)

–       Орхон және Керулен өзендері алқабының табиғи жағдайлары осы жерде отырықшы ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті (жоқ)

–       Моңғолдар киіз үйлерде тұрды, көшпелі өмір салтын ұстанды (иә)

–          Моңғол ақсүйектері қолайлы егіс алаңдары үшін өзара соғыстар жүргізді (жоқ)

–       Мал мен мал жайылымы жер иеліктері моңғолдардың басты байлығы деп саналды (иә)

–       Моңғолдар балаларың 5 жасынан бастап қошқарға мінгізіп атпен жүру өнеріне үйретеді (иә)

–       Ересек моңғолдар бос уақытта балық аулаумен айналысты (жоқ, аңшылықпен айналысты)

–       Аңшылық пен жие болатын өзара қақтығыстар моңғол әскерлерінің садақ атудағы дағдылары мен дәлдігін жетілдірді (иә)

–       Моңғолдардың жылқылары әдемі және биік бойлы болды (жоқ, төзімді, аласа бойлы аттар)

–          Моңғолдарды   көршілес тайпалар – керей мен меркіттер жаулап алды (жоқ)

–       Моңғол мемлекеті 1260 жылы құрылды (жоқ, 1206 жылы)

–       1206 жылы Моңғолияның құрылтайында қият тайпасынан шыққан Темучин билеуші болып сайланды (жоқ, боржығын тайпасынан шыққан)

–       Мемлекеттің талантты көшбасшысының сайлануына Монғолияның нығаюының маңызды факторы болды (иә)

–       Елде барлығына міндетті заңдардың болуы моңғол ақсүйектерінің арасында қайшылықтар туғызды (жоқ)

–       Моңғол әскерінің жеңістері оның ерекше құрылуымен – ондық жүйесімен байланысты болды (иә)

–       Шыңғысхан 1225 жылға дейін хан Орта Азияға, Кавказға және Еділ аймағына жүргізілген жорықтарын өзі басқарды (иә)

–       Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлымен бірге бір уақытта қайтыс болды (жоқ, оның ұлы әкесінің алдында қаза болды)

–       Шыңғыс ханның ұрпақтары оның өмірлік арманын жүзеге асырды – олар әлем деңгейдегі империясын құрды (иә)

–       Моңғолдардың барлық жаулап алған халықтармен қарым-қатынастары дәстүрлі түрде болды: моңғолдар оларды қатал түрде жазалады (жоқ)

–       Кең аумақты басқаруы қиын болғандығы нәтижесінде Моңғол империясы ыдырады (иә)

–       Монғолдың жаулап алуының маңызды салдары – Еуразиядағы орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасуы (иә).

 

БЫМ/Б

Оқушылардан оба дәрігерінің бейнесін көрсетіп және бұл кім екенін сұрау. Содан кейін оқушыларға қазіргі заманғы дәрігердің суретін көрсетіп, олардың ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуын сұрау.Сабақ барысында олар ортағасырлық медицина ерекшеліктерімен танысатындарын хабарлау.Осылай жаңа тақырыпқа шығу.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

 

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

1.                  Оба белгілерін сипаттау;

2.                  Обадан алдын алу үшін жағдайды қарастырып, зерттеу жүргіземіз.

3.                  Обаның қоздырғышын анықтаймыз.

4.                  Таралу аймағын анықтаймыз.

5.                  Ортағасырлық еуропалықтарға обадан қалай қорғау керектігі туралы ұсыныс жазу.

Презентация

 

 

 

 

 

Мұғалімнің бағалауы ауызша

 
  Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі

 

Зерттеу жұмысы

 

5-15

 

 

 

 

 

М/Б

1. Бейнероликпен жұмыс. Мұғалім оба індеті туралы қысқаша ақпарат береді және оқушыларды бейне баянды қарауға және тапсырмаларды орындауға шақырады:

– Қара індет деген не?

– Ауру белгілері қандай?

– Бұл аурудың себептері қандай?

– Еуропалықтарға індет қалай жұқты?

– сол кезде аурудан қалай қорғауға болатын болды?

– Еуропа үшін бұл эпидемияның салдары қандай болды?

– Бейнероликтен қандай әсер алдыңдар?

– Неліктен біз бұрынғы уақытта мұндай эпидемияның болғанын білуіміз керек?

Тапсырма дескрипторлары.

Бейнеде маңызды ақпаратты ала алады;

• ауруға сипаттама береді;

• Оба түрлерін анықтайды;

• Ауру кезеңінің ерекшеліктерін сипаттайды;

Аурудың қоздырғыштарын анықтайды;

 

2. Топтық жұмыс Оқушылар мәтін мен бейне баянды қолдана отырып топтық жұмыс орындайды.

 

1-топ тарихшылар (Оба ауруының шығу себептерің тізімін жасайды және зардабын анықтайды)

2-топ аналитиктер ( Қара індеттің Еуропаға әсерін айтады және Еуропадағы медицинаның даму деңгейін бағалайды)

3-топ статистиктер (Қара індеттің уақытын, адам шығынын құрайды)

Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

–       Бейнересурсы мен мәтіннен маңызды ақпаратті іріктеп ала алды;

–       эпидемияның таралуының кемінде 5 себебін анықтайды;

–       эпидемияның таралуының кемінде 5 зардабын анықтайды;

–       қара індеттің Еуропаға тигізген кемінде 3 әсерін айтады;

– оба ауруының өршіген уақытын айтады;

                   – адам шығынына дәлел келтіреді.

–       ортағасырлық Еуропадағы медицинаның даму деңгейін бағалайды.

 

ҚБ: «Геометриялық фигуралар» арқылы бағалау

 

 

Б/М Оқытушының жұмысын қорытындылай отырып, сыныптық талқылау жүргізеді.

 

3. Оқулықтағы мәтінімен және картамен жұмыс. Оқушыларға мәтінді таратам, оқуды және оларға Қара індеттің таралуы туралы картасын ұсынам. “Картаны жаңғырту” жаттығуды өткізіңіз. Оқушылар жұптарда талқылап, эпидемияның қалай және қай кезеңдерде таралғаны туралы әңгімелеп берулерін сұраймын.

М/Т Оба кенеттен басталды да, дәл солай кеннеттен тоқтады, бірақ ол 75-200 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Оқушылардан сұраймын: Эпидемияның тоқтауына не көмектесті? (онымен күресуде қолданылған барлық әдістері, ақыр аяғында оң әсер берді. Сонымен қатар, ауа райының суықтануы вирустың жойылуына көмектесті).

Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

–       обаның таралу аймағын анықтайды,

–       обаның таралған уақыт мерзімін анықтайды,

–    эпидемияның аяқталуының себептері туралы қортынды жасайды.

Осы жұмысқа бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін дескрипторлар негізінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді

4. Мәтінмен жеке жұмыс. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.

Оқушыларға жеке жұмыс түрін ұсынамын: мәтінін қолдану арқылы әрбір бағанда кемінде 5 аргументті көрсетіп, келесі кестені толтыру қажет:

Орта ғасырда обаны қалай емдеген Жұқпалы аурулардың алдын-алу және емдеудің заманауи әдістері қандай?
1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

Тапсырманың дескрипторлары.

– орта ғасырларда жұқпалы ауруларды емдеудің кемінде 3 әдісін анықтайды,
– қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеудің кем дегенде 3 тәсілін анықтайды.

ҚБ: Жетондар арқылы- дескрипторды толық         орындаса «қызыл», жартылай орындаса «көк» түс беріледі.

 

 

М/Т

Талқылауға арналған сұрақ: Біздің уақытымызда оба ауруының таралу мүмкіндігі бар ма?

 

Бейне баян: «Қара індет: XIV ғ. оба эпидемиясы»:

https://www.youtube.com/watch?v=zISRI6D0aM0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация, дидактикалық материал: «Джованни Боккаччо, «Декамерон»»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ: «Мадақтау». Әр     дұрыс жауапқа «жарайсың», «өте дұрыс», «керемет», т.б. мақтау айтамын.

Альберт Камюдың «Оба» кітабының мазмұнын

қысқаша сипаттайтын фрагменттер

 

 
  Сабақтың соңы

 

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Ж Мұғалім оқушыларға ортағасырлық еуропалықтарға обадан қалай қорғау керектігі жөнінде ұсыныс жазуды ұсынады.

Ж Рефлексия «Нысана».

 

7. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтын тақырыбы бойынша көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:

–   Бенсон Э. “Қара өлім күнделігі”

Борис Жуков “Айбарлы оба патшайымы”, 2008 ж.

Презентация  
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды. Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.2.4.1 – адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *