Дидактикалық ойынның балаларға маңызы
Дидактикалық ойынның балалар үшін маңызы.
Аманқұл Асылтас Бекболатқызы
«Ақ желкен» санаторлық балабақшасы
Түркістан қаласы
Бала- еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы ,әрі тірегі. Әрбір баланың өмірін жақсарту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие беру қажет. Біздің өскелең ұрпағымыздың алғашқы сатысы, білім мен тәрбие көзі балабақшадан бастау алады.
Егемен еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу үшін тәрбие жұмысының қыр-сырын терең бойлай алатын шығармашыл, жан-жақты ,озық ойлы жаңа тәсілді жетік білетін сенімді,білімді маман болуы қажет. Сол себепті бала тәрбиесінде кездейсоқ адамдардың тәрбие беруі мүмкін емес. Ұлы Абай атамыз айтқан екен «Балаға мінез үш адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан,екінші ұстазынан,үшінші құрбысынан»,-деген екен.Отбасындағы бала тәрбиесінде үлкен тұлға –ата-ана. Әкенің ақылын,ананың әлдиін ,өнегесін естіп өскен әрбір қазақ баласы үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетеді. Екінші мінез ұстазынан демекші тәрбиеші баланы қиыншылықтармен күресуге,жеңуге үйретеді.айналасындағы құрбы-құрдастарының қайырымды,байсалды,ақ жүректі,адал болуы бұл балаға жұққан үшінші мінездің белгісі.
Бала –біздің болашағымыз десек,осы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қандай жұмыстар жасауымыз керек.Әрине бірлесіп жұмыстануымыз керек. Балабақша мен мектепалды даярлық арасында сабақтастық болуы керек.Сендердің тәрбиеленушілерің ертеңгі мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі.Балаға берілетін білім, оқу –тәрбие үрдісінің барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Ойын түрінде өтілген оқу іс-әрекеті балаға түсінікті де қызықты болады.Ойын бала әрекетінің негізгі түрі,сондықтан да ойын арқылы қоғамдық тәжірибені меңгереді,психологиялық ерекшеліктері қалыптасады.Белгілі ағартушы А.С.Макаренко былай деген екен «Бала ойында қалай болса,өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік-жігер қасиеттері шыңдалады, мінез-құлқы айқындала түседі. Тәрбиешіге бала психолгиясының өзіндік ерешеліктері айқындалып олармен оқу-тәрбие істерін жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Бала өзіне жаңалық болып сезілген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиеттермен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Тәрибеші үшін дидактикалық ойындардың маңыздылығы жоғары екенін білуі шарт . Бірақ, ескеретін бір нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерінен аулақ болған жөн. Әр ойынның қөз реті бар. Әрбір тәрбиеші сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сипаттар тән: мазмұнының тәрбиелік-танымдық құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалып алынған ойын түрлерінің балаларға үйретері мол және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі.
Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түсінігі айқындалып, тереңдей түседі. Ойын үстінде қайсы бір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты түсініктері дәйексіз болады, тәрбиеші еңбек туралы ұғымдарын кеңейту үшін мазмұнды, тәрбиелік сипаты мол түрлерін таңдап алған жөн. Балалар бәрін білуге құштар,сұрақ көп қояды.
Тәрбиеші бала меселін қайтармай сол сұрақтарға толық жауап қайтаруы, ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге әдептіліке үйретуі, өзара түсінісулеріне, келісуіне көмектесуі керек.
Демек ойын балалардың алған білімдері түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Түптеп келгенде, тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану тәрбиеші ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Ол үшін тәрбиеші ойынды пайдалану методикасын да, ойын түрлерін таңдап-талғауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.
Мектепалды даярлық топта балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс қөзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Жас ұрпаққа саналы білім беруге оқу материалдарын толық меңгерту мақсатында оқытудың жаңа технологиясының бірі балаларға оқу материалдарын ойын арқылы оқыту технологиясын пайдаланған жөн.
Дидактикалық ойындарды оқу қызметінде пайдаланғанда арнайы мақсат көздеп, нақты міндеттерді шешу. Ойнатылатын ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойындарды оқу қызметінде пайдалана отырып, олардың балаға тигізетін мынадай маңыздылықтары бар.
1. Ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейтеді. Оны бекітіп, нақтылай түседі.
2. Әрбір дидактикалық ойын баланы ойлай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балаларды ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Мен өзім оқу қызметінде баланы қызықтыру , ынталандыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өтілген тақырыпты қорыту мақсатында «Алтын қақпа» ойынын ойнатамын. Алтын қақпаға жету үшін балаларға әр түрлі тапсырмалар беріледі Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу қызметінде дидактикалық ойынның негізгі міндеттері-баланың есептеу дағдыларын қалыптастырып жетілдіру, баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыру. Ойынды пайдалану жиілігін тәрбиеші өзі анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда , білімді тиянақтау тексеру кезінде қолданып отырады. Мысалы: « Киіз үй тігейік» ойынын алатын болсақ. Ол ойынның дидактикалық мақсаты: Өткен тақырыпты қайталау,ежелден келе жатқан қазақ халқының мекен-жайы, тұрағы киіз үй туралы түсінік беру. Керекті құралдар: киіз үйдің сүйектерінің суреттері, есептер жазылған карточкалар. Мазмұны: киіз үй сүйектері суреттерінің артына тапсырмалар жазылған. Өткен тақырыптарды қайталай отырып,балалар киіз үйді тігеді. Киіз үйдің сүйектерін атайды. Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық.
Оқу қызметінде «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың оқуға деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге бала ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.Ойындар мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді: ұлттық, қимылды, дидактикалық, сюжетті рөлді, драматизациялық, логикалық, спорттық ойындар. Ендеше ,ойын арқылы балаларға жан-жақты оқу-тәрбие беруге болады.
Мысал: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде ойынның мына түрлерін қолдауға болады:
-дидактикалық ойындар,логикалық ойлауын,математикалық қабілеттерін дамытуға,
-сандарға байланысты санамақтар, лоикалық есептер.
Тіл дамыту,айналамен таныстыруда- сөздік дидактикалық ойындар баланың ой-өрісін дамытып, ақыл-ойы, есі кеңейеді, тілі дамиды, байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
Оқу әдістемелік құралмен ғана шектелмей баланы дамытатын ұлттық ойындар ,дамытушы ойында ойын жаттығуларды, есеп жұмбақтар, зияткерлік ойындарды пайдалану да тиімді.
Қимылды ойындар –бала денсаулығын нығайтады,қимыл –қозғалысы артады.
Драмматизациялық ойында баланың шығармашылық қабілеті артады.
Сюжетті рөлді ойында еліктеу қабілеттері артып,үлкендердің еңбегін бағалай білетін болады.
Спорттық ойындарда бала денсаулығының нығаюуымен бірге ептілікке үйренеді. Мысалы: көлік түрлерімен таныстыру да «Жер,су,әуе» дидактикалық ойынын ойнату арқылы баланың алған білімін тиянақтап,пысықтауға болады.
Дидактикалық ойындарды өткізу кезеңіне тоқталатын болсақ
Оқу қызмет басында : өтілгенді еске түсіреді,
Ортасында көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, ынтасын арттырады.
Соңында материалды бекіту,алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын түрлерін өтілетін тақырыбына қарай белгілі бір мақсатпен таңдап алу тиімді. Күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет.
Мысал : Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады? Жеке-жеке атын ата? Жалпы атауын бер?» деген ойындарды ұйымдастыруға болады.
Мысалы : кесе, қасық, шанышқы, тәрелке-ыдыстар.
Жемістер дегенде –алма, алмұрт, шие, өрік, қарақат деп жауап береді.
Лото, домино ойындары балаларды санауға,санадарды тануға оларды салыстырып қарауға үйретеді.
Тақырыптық ойындар «Бұл қай кезде болады? Қайда не өседі? Кімге не керек?» ойындарын ойнатуда балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, заттарды белгілері бойынша танып түйсінуге, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретеді .Ойын ұйымдастырғанда ойынның мақсатын сақтай отырып балалармен бірге тәрбиешіде ойнаса балаларға қызықты болады.Ойынды ұйымдастыруда үлкен педагогикалық шеберлік қажет.
Ойын таңдағанда ойынның көмегімен қандай тапсырма орындалатынын анықтап,ойынды өткізу үшін алдын –ала дайындалу керек.Ойын балаға түсінікті,анық,жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.Сол кезде ғана балалар ойынды қызығушылықпен ынтамен беріліп ойнайтын болады.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті ,заңғар жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой.Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеріп,жұрттың көзін қуантып,көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған» деп тегін айтпаса керек.
Қорыта келе айтарым ойын –баланың жан серігі. Ол баланың алдынан өмірдің есігін ашып ,оның шығармашылығын оятады.Сонымен қатар ,ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін ғажайып нәрсе екен. Сондықтан да құрметті әріптестер балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып,өмірін гүлдендіріп саналы да сапалы білім беру –біздің басты міндетіміз.