Көкөністер

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Мөңке би ауылы
М.Тәжин атындағы ЖОББМ
Ешмаганбетова Ж.К.

Тақырыбы: Көкөністер
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:Балаларға көкөністер туралы түсінік беру.Олардың атауын,пішіні мен түсін танып ажырата білуге үйрету.Көкөністерді сипаттау арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын,ойлау қабілеттерін дамыту.(қырыққабат,қызылша,қияр,пияз,сәбіз,қызанақ,картоп)
Сәлемдесу.
Шаттық шеңберін орындау.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы таң апайлар
Қайырлы таң балалар
Сұрақ-жауап
1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі
2.Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
-Жапырақтар жерге түседі,сары түске боялады.
3.Күз мезгілінде ауа райы қалай болады?
-Суық салқын болады.
4.Күз мезгілінде жиі –жиі не жауады?
-Жаңбыр жауады.
Тәрбиеші: Қане күз туарлы кім тақпақ біледі?
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Топқа бөлу
1-топ –ақ түстес конфет
ІІ топ –қызғылт түстес конфет
Ойын: «Бөліктерді құрастыр»
1-Сәбіз,қызанақ
2-қияр,пияз
Тәрбиеші:Осыларды бір атаудан не деп атаймыз?
-Көкөністер
Тәрбиеші:Олай болса балалар бүгін біздер көкөністермен танысамыз.
-Балалар көкөністер қайда өседі білеміз бе?
-Бақшада
-Жақсы бақшада өседі
-Онда мен сендерге бақшадан себет толы көкөністер теріп алып келдім.
Тәрбиеші:Көкөністердің түрлері көп. Үлкендердің еңбегімен өсіріледі. Жердегі топырақты қопсытып,сосын дән сеуіп, суғарып өсіреді. Күз мезгілінде жинап алады. Көкөністерге тоқсталып түсін,пішіні сопақша ,дәмі тәтті.
Қияр:түсі жасыл,пішіні сопақша,дәмі тәтті.
Гүлдана :
Көктеп ерте шырмалып
Өсемін мен бүр жарып
Атым қияр, теріп ал
Жиі –жиі суғарып
Айбибі:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
Қырыққабат: түсі жасыл,пішіні дөңгелек, дәмі тәтті.
Бекен:
Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен жатамын
Қабат-қабат киініп
Қырыққабат атандым
Пияз:түсі қоңыр,пішіні дөңгелек, дәмі ащы.
Айназым:
Болса да ащы
Дәмді етер асты
Өседі ол жерге
Тығып алып басты.
Сәбіз:түсі қызғылт сары, пішіні үшбұрыш,дәмі тәтті.
Нұрасыл:
Сары дәмді ұзынмын
Жер астына тығылдым
Тартсаң шығып келемін
Өсіп тұрған бұрымнан.
Ақерке:
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз.

Қызанақ: түсі қызыл, пішіні дөңгелек, дәмі тәтті.
Аянат:
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Картоп: түсі қоңыр, пішіні дөңгелек, дәмі тәтті.
Айнамгөз:
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
Бекжан:
Бақшамызда өседі
Керек тағам деседі
Бар қызыл,көк,сарысы
Ащы-тұщы бәрісі.
Айқарагөз:
Көкөністер бәрі де
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер.
Тәрбиеші: Балалар көкөністер дәруменге өте бай,оларды күнделікті жеп тұрсақ күшті, мықты болып өсеміз.
Тапсырмалар орындау.
1.топ көкөністерді жапсырады.
2.топ көкөністерді бояйды.
Сергіту сәтін орындау.
Ойын: «Ұқсасын тап» (пішінге ұқсас көкөністерді табу)
Мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *