Достық -татулықтан басталады.

Ауес Чуйшбаева
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№ 4 арнайы балабақша

Тақырыбы: Достық татулықтан басталады.
Мақсаты: Татулық, достық адамгершілік құндылығы туралы түсінікті қалыптастыру. «Татулық»ұғымы туралы түсінік беру,жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатнастарын дамыту. Бір-бірімен тату дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Слайдтық көрсетілім,үнтаспа,әртүрлі ойыншықтар, ақ қағаз, қарындаш,кағаздан жасалған күн,кағаздан қиылған жүрекше.

1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Қол алысып, кәне біз
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру
Достарымен бір жүру
Қандай жақсы дос болу.

2. Сабақ барысы

Біздің бүгінгі сабағымыз « Достық татулықтан басталады» деген тақырыпта өтіп қалай тату дос болу керектігін үйреніп «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз. Достық деген адамдардың бір-біріне деген сыйластығы татулығы, жанашырлығы, махабаты. Сондықтан бір-бірімізге үнемі жылы лебізімізді білдіріп, жақсы-жақсы сөздерімізді айтып жүрейік.
Татулық деген бірін-бірі ренжітпеу,ойыншықтарын,қолдарындағы тәттілерімен бөлісу,бірге ойнау.Сондықтан да достық татулықтан басталады делінеді.

«Достық» туралы тақпақтар

1 Бала: Достар тату-тәттіміз 2 . Бала: Біздің топта балалар
Болса қолда тәттіміз Тату-тәтті ойнайды
Біз бөлісіп жатамыз Дос көңілі әрқашан
Бәріміз дәм татамыз. Тек жақсылық ойлайды.

3 Бала: Тату өскен балалар 4. Бала: Балдырған баламыз
Дос болады өмірде Досты көп табамыз
Досы жоқтың қуанышы Қашан да, қайда да
Аз болады көңілде. Сенімді боламыз.

Тәрбиеші Балалар өз достарымыз туралы әдемі жүректен шыққан тақпақтарыңызды жеткіздіңіздер.Достарыңыздың көңілдерін көтеріп тастадыңдар.

Слайдтық көрсетілім «Достық көмек» .
Суреттен кімге қандай көмек қажет екендігін тауып айту.
1-сурет бойынша әңгімелеп беру.2-сурет бойынша сұраққа жауап беру.
Көрініс «Достық татулықтан басталады»
Мақсаты: Балалардың арасында жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға, адалдос болуға және достық сезімдерін дамытуға ықпал ету, балаларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа , татулыққа тәрбиелеу , жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

Айжамал сыртқа шығып ойнағысы келеді, ойнап жүрген қыздарға келеді,
-Қыздар менде сендермен қуыршақ ойнайыншы?
-Жоқ ойнамайсың
-Қыздар сендерге қолшатыр керек па?
-жоқ керек емес
-Жарайды ойнатпасаңдар ойнатпаңдар.
Айжамал өзі қолшатырымен ойнап жүргенде, кенеттен ойнап жүрген балдарды көреді, қастарына барады.
-Балалар менде сендермен ойнайыншы
-Жоқ біз сені ойнатқымыз келмейді.
-Сендерге қолшатыр керек па?
-Жоқ керек емес.
-Менде ойнағым келеді, жарайды ойнатпасаңдар ойнатпаңдар деп кетіп қалады.
-Айжамал қолшатырмен өзі ойнап жүреді.
-Бір кезде жаңбыр жауып бастайды.
Балдар мен қыздар былай-былай жүгіреді, тығылатын жер таба алмайды.
-Айжамал біздерді қолшатырыңа кіргізші, біз жаурап қалдық деп айқайлайды.
-Айжамал келіңдер достарым деп шақырады.
-Рахмет саған Айжамал қандай мейірімді ақкөңіл екенсің .
-Енді біз сенімен дос боламыз, бірге ойнаймыз.
-Достарым тату дос болып бірге ойнайық,бір-бірімізді ренжітпейік.

Сергіту сәті «Біз өмірдің гүліміз» логоырғақпен

Зеңгір көктем
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз
Жайнап өскен
Жайдарлы өскен
Біз өмірдің гүліміз
Балдостыққа, жолдастыққа
Шақырады әніміз
Тыныштықта, нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз
– Ұсақ моторикамен жұмыс. «Досыма сыйлық сыйлаймын»,
Тәрбиеші Балалар алдарындағы әртүрлі ойыншықтардың суретін өздеріне ұнаған түстермен бояу.
Тәрбиеші Абдикарим сен мына машинаны кімге сыйлағың келеді?
Абдикарим Ернарға сыйлаймын.
Тәрбиеші Ақырыс сен мына қуыршақты кімге сыйлағың келеді?
Ақырыс Айжамалға сыйлаймын.

Ойын «Досымызды мақтайық».
Балалар шеңберге тұру.
Тәрбиеші: Сенің досың қандай?
Абдикарим : Менің досым ақылды.
Айжамал Менің досым мейірімді.
Ернар Менің досым ешкімді ренжітпейді.
Ақырыс Менің досым балаларға көмектеседі.
Тәрбиеші Балалар сендер достарыңды қатты жақсы көреді екенсіңдер,достарыңды мақтадыңдар.

Шығармашылық жұмысы « Достық ағашы»
Тақтаға ағаштың суретін ілінген балалар ағашқа ақ жүректен шыққан жылы лебіздерін айтып жүрекшелерді жапсырады.
Бексұлтан Мен достарымды жақсы көремін.

Айжамал Менің достарым тату болса деймін.

Абілқайыр Менің достарым тәртіпті. болса деймін

Ернар Менің достарым өтірік айтпаса деймін.

Ағырыс Менің достарым адал болса деймін

Қортындылау:

Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақ не туралы болды?
Сабақ несімен ұнады?
Достық –бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты қалаған кішкентай жүректеріңдегі қуаныш ,үміт шоғы сөнбесін,шырақтай сәуле шашып жана берсін.Мейірімді жанарларыңнан тараған шапағат нұры шырақтан тараған жылудай жер дүниені жылытсын деп тілеймін.
Балалар барлығыңызда сабаққа өте жақсы қатыстыңдар сондықтан меніңде сіздерге сыйлығым бар, балаларға қағаздан жасалған күнді сыйлаймын,күндей жарқырап жүріңдер.Өз достық тілектерімізді,лебіздерімізді шын жүректен білдіріп,әлем шарын аулаға шығып ұшырайық.
«Жүректен жүрекке» шеңбері
Балалар,мен сендерді үлкен шеңберге шақырамын.Достарымыз жиналып үлкен шеңбер құрдық. Отбасымыз аман болсын
Деніміз сау болсын
Ата-ананы тыңдайық
Айтқанынан шықпайық
Ал достарды қолдайық
Қиын шақтан қорғайы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *