“Жабайы аңдар”

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жабайы аңдар

Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы тсінік беріп, оның ішінде қоянмен жақын таныстыру. Қоянның не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру, оның тіршілігі туралы әңгімелеу. Аңдарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу.

Көрнекіліктер: сиқырлы тақта, жабайы аңдардың суреттері, видеороликтер

Сөздік жұмыс: үлкен-кіші

Өтілу барысы

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіздер ме!

-Балалар қазір далада қандай мезгіл?

-Қыс

-Қыста не жауады?

-Қыста қар жауады

-Қыста біз не істейміз?

-Қардан аққала жасаймыз.

Ал, балалар назарымызды сиқырлы тақтаға аударайықшы. (аңдардың қысқы тіршілігін видеороликтен тамашалау).

-Балалар, қазір барлығымыз орманға саяхат жасап қайтайық, жарайма!

-Иә

-Кеттік онда, орманға қарай бет аламыз балалармен бірге. (балалар тәрбиешінің соңынан ереді).

-Балалар ормана көңілді жету үшін әсем әуен айтып, билеп барайық, жарайма (әсем әуен қосылады). Келе жатып орманнан шырша артында отырған көңілсіз, жаураған қоянды жолықтырады.

-Сәлеметсің бе, қоян!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Қоян неге сен мұңайып көңілсіз отырсың? Қанеки, бізге айта қойшы! Біздің балалардың саған көмектескісі келеді.

-Иә, балалар мен қасқырдан қашамын деп жинаған сәбіздерімді шашып алдым. Содан менің қарным ашып, қатты тоңып отырмын.

-Балалар қоянға көмектесеміз бе?

-Иә

Онда балалар қоянды балабақшамызға өзімізбен бірге алып кетіп, жылытайық.

Саяхаттан оралу.

Балалар,  өнер орталығы көжек тобына іздер арқылы орналасады. Өнер орталығында ақ қағазға оралған мақта таяқшасының көмегімен бояу арқылы қоянның ізін үш нүкте басу арқылы салады.

Ал, екінші үстел-үсті орталығында (фетрден) қоянға үлкен сәбізді, көжекке кіші сәбіздерді орналастыру.

Сергіту сәті (балалар қоянмен бірге сергіту сәтін орындайды).

Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Үй жануарларының ішінен жабайы жануарды табу.

Балалар жасаған сәбіздерін себетке салып, қоянға қыстық азығын береді. (қоянды шығарып салу).

Қорытынды: Балаларды мадақтау. Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *