Апта күндері

Тобы/сыныбы: Мектепалды даярлық тобы
Педагогтің аты-жөні: Усипбекова Гүлнара Өмірәліқызы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
ҰОҚ: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Бөлім/бөлімше 2.Сан және санау

2.4 Шамалар

ҰОҚ тақырыбы: Апта күндері
Оқу мақсаты: 0.2.4.2 аптадағы күндер мен жыл айларының санын білу.
ҰОҚ мақсаты: Апта күндерін ретімен атайды. Жыл айларының санын біледі.
Күтілетін нәтиже: Апта күндерін ретімен атап,  жыл айларын санай алады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Серпілген сұрақ» , «Апта, сапқа тұр» , «Кім жылдам» әдістері
Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-шаралар Ресурстар
ҰОҚ  басы

2 минут

КҮНДЕЛІКТІ   ШАРАЛАР:

1.Ұйымдастыру кезеңі: балалармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу.

2.Топқа бөлу: «Апта күндері» мен «Жыл мезгілдері» суреттері арқылы екі топқа бөлемін.

 
3 минут ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЫ:

«Серпілген сұрақ» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. Балалар «бүгін», «кеше», «ертең», бүрсігүні», «таңертең», «күндіз», «түнде» сөздерін Суреттермен байланыстырып ойларын ортаға салады.

Сұрақтар:

1.Али бүгін доп ойнады, сен бүгін не істейсің?

2.Али мен Айя кеше кітап оқыды, ал сен кеше не істедің?

3.Айя ертең атасының үйіне қонаққа барады, ертең сен қайда барасың?

Мазмұнды суреттер
ҰОҚ ортасы

 

5 минут

Бейнежазбамен жұмыс.

Балаларға төрт жыл мезгіліне байланысты бейнежазба көрсетемін. Жыл мезгілдерінің өзгерістеріне назар аудартамын.

Бейнежазбаға байланысты сұрақтар

Төрт жыл мезгілін ата?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Тыңдалым:

Апта деген атайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі- Дүйсенбі,

Екіншісі-Сейсенбі.

Үшіншісі –Сәрсенбі,

Төртіншісі-Бейсенбі,

Бесіншісі-Жұма,

Алтыншысы-Сенбі,

Жетіншісі-Жексенбі.

-Бүгін біз апта күндерін ретімен дұрыс атауды және жыл айларының санын білеміз

– Аптаның бес күнінде оқып, сенбі, жексенбі күндері біз демаламыз.

– Жылдың әр мезгілінде үш ай болады, яғни 1 жылда 12 ай бар екенін үйретемін.

 
 7 минут 1-тапсырма «Апта,сапқа тұр» әдісі

Жеке жұмыс

Үстел үстінде есептер жазылған  карточкалар жатыр. Балалар белгі бойынша үстелден карточкаларды алып есептерді шығарып жауаптарымен   өздерінің серіктестерін іздейді, яғни қатарға тұрып өзіндегі сан реті бойынша апта күндерін атайды. Математикалық тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастырамын.

1 санына 2 санын қосқанда тең болады 3 саны

(1+2=3)

5 санынан 2 санын азайтқанда  3 саны болады.

(5-2=3)

1+1=                            Дүйсенбі             3-1=

6-5=                             Сейсенбі             2-1=

2+2=                            Сәрсенбі             7-2=

5+1=                            Бейсенбі             5+1=

5-2=                             Жұма                   6-3=

8-1=                             Сенбі                   4+0=

6-1=                             Жексенбі             4+3=

Саралау.  Ресурстарды саралау тәсілі

Балалардың алдына ортақ міндет қойылады, әртүрлі деңгейде дамыған дағдыны талап ететін түрлі ресурстар ұсынамын.

Қабілеті жоғары балаларға есептің дұрыс жауабы мен  апта күндерін ретімен сызық арқылы қосуға  бағыт-бағдар беремін.

Қабілеті  төмен балаларға қосымша уақыт беремін  және қажеттілігіне қарай қолдау  көрсетіп,  есептерді дұрыс шығаруын қадағалаймын.

Бақылау: Жетелеуші сұрақтар

Тапсырманы  орындау барысында есепті  дұрыс шығарып  өзінің білетінің көрсете отырып , апта күндерін ретімен дұрыс айтуларын бақылаймын.

Жетелеуші сұрақтар:

-бір аптада неше күн бар?

– апта күндерін ата?

-бір аптада неше күн оқимыз?

Кері байланыс:

-апта күндері мен есептің мәнін  ретімен орналастыра алдым.

– есептің мәнін  ретімен айта аламын, бірақ апта күндерін ретімен орналастыра алмадым.

-тапсырма барысында  есептің  мәні  мен апта күндерін ретімен орналастыра алмадым.

Сергіту сәті: Дүйсенбіде – бауға бардым.
Сейсенбіде – суға бардым.
Сәрсенбіде – картоп қаптап.
Бейсенбіде – бақша баптап.
Жұма күні тақпақ жаттап.
Сенбіде мен саған бардым.
Жексенбіде бір дем алдым.

 

https://youtu.be/rGhZ6DNdYYc

 

7 минут 2-тапсырма.  «Сәйкестендіру» әдісі

Топтық жұмыс

І-топ                                                           ІІ -топ

«Апта күндері»                                 «Жыл мезгілдері»                          

Балаларға төрт жыл мезгілінің суреттерін ұсынамын. Әр жыл мезгіліне байланысты 3 суреттен балаларға таратамын. Балалар берілген суреттерді жыл мезгілдеріне сәйкестендіріп орналастырып, әр жыл мезгілінде неше ай бар екенін суреттер арқылы санап, 1 жылда 12 ай бар екенін біледі.

Саралаудың Қарқын, жылдамдық, уақыт тәсілі.

Тапсырманы орындау барысында балаларға уақыт белгілеймін. Берілген тапсырманы орындау кезінде қабілеті жоғары  балалардың  қарқынына сәйкес тапсырманы орындау жылдамдығын ескеремін.

Қабілеті орта және төмен балаларға қосымша уақыт беремін  және қажеттілігіне қарай қолдау  көрсетіп, жыл мезгілдеріне сәйкес суреттерді   дұрыс орналастыруға  көмектесемін.

Бақылау: Жетелеуші сұрақтар

Балалар тапсырмада не жасағаны және оны қалай айтуын, тапсырманы орындағанда өз ойын басқалармен бөлісіп, жыл мезгілдерін  дұрыс сәйкестендіруін бақылаймын.

Жетелеуші сұрақтар:

-қанша жыл мезгілі бар?

-бір жыл мезгілінде неше ай бар?

-бір жылда қанша ай бар?

4К моделі. Топ барысында балалар командамен жұмыс жасай отырып, жан-жақты ойлап өз идеяларын іске асыра отырып, сыни тұрғыдан бір жыл мезгілінде 3 ай бар екенін, бір жылда 12 ай бар екенін ойлайды.   Топпен жұмыс жасағанда бір-бірімен қарым-қатынасқа  түседі.

Бала үні

Тапсырманы орындау барысында оқу қызметіне белсене араласып, өз ойын ашық айтып жеткізеді.

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

-Әр жыл мезілінде үш ай, бір жылда  он екі ай бар екенін біледі.

-Әр жыл мезілінде үш ай бар екенін біледі, бір жылда  он екі ай бар екенін белгілеуде қателеседі.

-Әр жыл мезілінде үш ай бар екенін көрсетуде қателеседі, бір жылда  он екі ай бар екенін білмейді.

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ аяғы

3 минут

3-тапсырма  Ұжымдық жұмыс. «Кім жылдам?»  әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.

1.Аптаның бірінші күні қалай аталады?

2. Бүгін аптаның қай күні?

3.Ертең  аптаның нешінші күні?

4.Сен қай күні демаласың?

5.Бір аптада неше күн бар?

6.Бір аптада неше күн оқисың?

7.Аптаның бесінші күні қалай аталады?

8 . Қазір жылдың қай мезгілі?

9. Қазір қай ай?

10.Әр мезгілде неше ай бар?

11. Бір жылда неше ай бар?

Ж А Р А Й С Ы Ң Д А Р !

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут Кері байланыс: «Білім ағашы»

-апта күндерін ретімен айтамын, жыл айларының санын айта аламын

-апта күндерін ретімен атай аламын, жыл айларының санын шатастырамын.

-апта күндерін ретімен атауды шатастырамын, жыл айларын санауда қателесемін.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *