Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақ:Сауат ашу | Мектеп: №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Майкоржунова Райхан Джуасхановна | ||
Сынып:1 «А» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |
Бөлім:
Сабақ тақырыбы: |
Табиғатқа саяхат.
Ж ж дыбысы мен әрпі.
|
||
Оқу мақсаттары: | 1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы/иллюстрациясы бойынша болжау.
1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.3.8.1.Жазу жолын жоларалық кеңістікті,жолдың төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
|
||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар:
мәтіннің мазмұн тақырыбын, иллюстрациясын болжайды. Әріпті таниды, ажыратады. Оны дыбыспен сәйкестендіреді, сұрақтарға жауап береді, оқиды.Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады. Көптеген оқушылар: берілген сөйлемді еркін оқиды, сөздің ішінен әріпті табады. Кейбір оқушылар: сөзден сөйлем құрай алады, мәтіннен өз ойын еркін жеткізе алады. |
||
Бағалау критерийлері: | 1.Мәтіннің мазмұнының тақырыбын иллюстрация бойынша болжайды.
2.Әріпті таниды,ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді 3.Жазу жолын жоларалық кеңістікті, жолдың төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфияға сай жазады.
|
||
Тілдік мақсат: | Пәнге қатысты лексика | ||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
|
Жарыс, жасау, желден де жүйрік. | ||
Талқылауға арналған сұрақтар: | |||
Ж дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Ж дыбысына сөз құрай аласың ба? Ж дыбысы сөздің қай жерлерінде айтылады?
|
|||
Құндылықтарды дарыту:
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыстар:
|
Математика,дүниетану,бейнелеу, еңбек. | ||
АКТ қолдану дағдылары: | Интерактивті тақта, слайд, бейне таспа. | ||
Алдыңғы оқу: | Ж ж дыбысы мен әрпін біледі. Даярлық тобының білімінен таныс.
|
||
Жоспар: | |||
Жоспарланған уақыт есебі: | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
Басы
6 мин |
Психологиялық ахуал.
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ Қызығушылығын ояту.Балалармен саяхатқа шығу Топқа бөлу. Вагондар түстеріне 1-топ Сары 2-топ Көк 3-топ Қызы 4-топ Жасыл Түске байланысты отырғызу. (Ұ) « Ой шақыру» Жұмбақ жасыру. Жазда тұрып жоғары,
— Жапырақ сөзі қай дыбыстан басталады? (Ұ) Тыңдалым, айтылым. Бейнетаспа. Әліпби Жж дыбысы мен әрпі. Ж дыбысымен таныстыру.Ж дыбысын айтқызу.
|
1-топ Сары 2-топ Көк 3-топ Қызы 4-топ Жасыл
Ой шақыру
Жұмбақ
Таныстырыл ым
Қима қағаздар Кесте, қима қағаздары
Бейне таспа
Сергіту сәті
Ермексаз,түрлі-түсті қарындаштар, қағаздар. |
|
Ортасы
20 мин
5 мин
7 мин |
(ҰЖ) Оқылым
Мәтінді оқу. (Ж) «Дауыста-тыңда» әдісі..Жұптас отырып, берілген сөздерді біреуі дауыстап оқиды. Екіншісі тыңдап отырып ой түйеді.Сұрақ жауап арқылы оқушылар бір-бірімен диалогтік қарым қатынасқа түседі.
Дескриптор: – мәтінді қатесіз оқиды; – мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен бағалау.
(Ж) «Бірге ойлаймыз» әдісі. Буыннан сөз құрату.Жаңбыр тамшыларын оқып, сөздер құра. Дескриптор: -Сөздерді құрастырды. -Буынға бөлді. -Ж дыбысы бар сөздер құрады. Бағалау «Жұлдызшалар»
(ҰЖ) Жазылым. Бейнетаспамен көрсету. Ж ж әрпін ауада жазу,тақтада жазу. Дәптерге Ж ж әрпі кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазу.
Дескриптор: -Ж әрпін ауада жазды. -Дәптерге Ж ж әрпі кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазды Сергіту сәті: Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Желмен бірге жапырақ, Сыбдыр қағып шашылды.
(Ж) «Айна» әдісі. Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажырата біл. Тұрма жай, Суға жуа-жуа, Қамыр жай. Тазаланды жуа. Бағалау: « Смайликтер»
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
(ТЖ) «Топтастыру» әдісі. 1.Ж дыбысынан келетін сөздер айту, оқу. 2.Сөздерді буынға бөліп, айту. 3. Ж дыбысын дауысты немесе дауыссыз екенін ажырату білу. Жүзім Жұлдыз
Жұмыртқа
Жеті Жарғанат
Жылан
Әр топқа ресурстар арқылы ж дыбысына келетін заттар суретін салу, жасау. Дескриптор: Ж дыбысына келетін сөздер айтты, оқыды. -Сөздерді буынға бөлді. -Ж дауысты емес,дауыссыз екенін ажыратты. ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен бағалайды
|
||
Соңы 2 мин
|
|||
Қосымша мәліметтер | |||
Саралау–оқушыға мейлінше
қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тап-сырманы қалай түрлендіресіз? Жеңілден күрделіге өту тақырып мазмұнында спиральді қағидатпен берілу нәтижесін коммуникативтік дағдыларын деңгейлеріне қалыптастыру. Қиналған оқушыларға көмектесу үшін: тапсырмаларды орындау,ұғыну барысында қиналған оқушыларға көмектесу үшін оқушыларға жеке назар аударып, карточка,сызба, суреттер арқылы жетелеу.
|
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Оқушылар бірін-бірі өзара бағалау және мұғалімнің жетекшілік етуі арқылы бағаланды. «Бас бармақ»,«Жұлдызшалар»,«Смайликтер», «Бағдаршам».
|
Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары.
Денсаулық сақтау, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттерін түрлерін қолдану.
|
|
Рефлексия |
Жауап жазылады |
||
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? | Сабақ бойынша қойылған мақсаттар нақты. Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс орындауды, бағалауды меңгерді. Берілген тапсырманы белсенді орындады.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Мен берілген уақытта үлгердім.Өз сабақ жоспарыма көп өзгерістер енгіздім, себебі оқушылар сабақ барысында өздігімен жұмыс жасап, топ ішінде бірін – бірі оқытуға үйренеді, түрлі әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады деп ойлаймын. | ||
Бүгін оқушылар не үйренді? | Оқушылар ж дыбысы мен әрпін айтып, жаза білді.Дауыссыз дыбыс екенін ажыратты. Сабақ белсенді өтті. | ||
Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? | Сабаққа жоспарланған тиімді әдіс-тәсілдер қолайлы болғандықтан сабақ жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын | ||
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?) | Жоспардағы саралау сабақ барысында сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау,әр сөздің мағынасын ашу. Сөйлем құрастыру іске асты.Тапсырмалар жоспар мазмұнына сәйкес жоспарланған.
|
||
Уақытты қалай пайдаландым? | Уақытты сабақ жоспарына сай тиімді пайдаландым. | ||
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? | Жоспарыма сабақ барысында оқушы іс-әрекетіне байланысты сұрақ- жауап өткіздім. | ||
Қорытынды бағалау | |||
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
1: «Бір ауыз сөз», «белсенді оқу» әдістері диалог бойынша оқушыларды бір-бірімен сөйлетуге тиімді тәсілдер. 2: Бағалау түрлері мен бейне таспа тыңдау.
|
|||
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)
1:Жоспарға алынған әдіс- тәсілдер 2:Жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру сабақты жақсартуға ықпал етті.
|
|||
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Оқушылардың талпынысы,белсенділігі жақсы. 2:Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырма дайындау. |
|||