Менің оқу құралдарым. О дыбысы мен әрпі

ТАҚЫРЫБЫ: Менің оқу құралдарым. О дыбысы мен əрпі

 

 

Мектеп/МҰ: К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Саны: 15 Педагогтің аты – жөні:

Рухоллинова Гулмаржан Уалихановна

 

Сынып-Топ:

 

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

ҰОҚ – нің оқытылу мақсаттары:

 

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.1.2.2. Педагогтің сұрақтарына толық, анық  жауап қайтару.  0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже: Барлық тəрбиеленушілер: Педагог сұрақтарына жауап береді. Суреттегі сөздердің атауын айтып, сөздерді буынға бөледі.

О дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты.

О дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі

О дыбысының орнын ажыратады.

О дыбысының баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер: тапсырмада берілген суретке  қарап сөздегі  дыбыстарды ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы О дыбысының орнын ажыратады.  О дыбысына сөз ойлайды.

О дыбысына  (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына  О дыбысының баспа түрін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

О  дыбысын қатыстырып,  сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Глобус  ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен  диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттегі оқу құралдарын ата! Қай заттар сөмкеге салынбай қалды?

«О-о-о! Рахмет, балалар!» бұл кімнің сөзі деп ойлайсыңдар? Қай қарындаш түсінде О дыбыс естіледі?

Оқушы қалай отыр? Қай сөздерден О дыбысын естідің?

Өткен ҰОҚ-нен алған білім Сөз бен сөйлемді ажыратады.

Дауыссыз, дауысты əріптерден сөз құрайды.

Әңгіме құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

 

0–2мин.

 

 

 

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

 

3–5 мин.

 

 

 

 

ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.

Педагог балаларды ортаға тұрғызып оқу қызметіне ынталарын тартады.

Оң қолымда – бес саусақ,

Сол қолымда – бес саусақ.

Күнге қарап қуанып,

Нұрлы шуақ аламыз.

 

Өлеңді балалар шаттық шеңберіне тұрып қимылмен қайталайды.

(Ұ)Педагог «ОО-о-о қандай керемет ауа райы!» – деп таңғалған дауыспен балалардың назарын өзіне аударады. Балаларға қазіргі жыл мезгілі туралы сұрақ қояды. Балалар жыл мезгілі тұралы өз ойларын айтады.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Балалар суреттегі заттарды атайды. Асқарға көмектесу үшін оқу құралдарын тауып аттарын атайды.

Сөйлемдегі əр сөздегі О дыбысы естілген буынын көтеріп айтады.

– Қай заттар сөмкеге салынбай қалды?

Суреттегі заттардың атауларын атайды. Оларды атау кезінде О дыбысы қай сөздерде кездесіп тұрғанын табады.

О –жуан дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстар қызыл дөңгелекпен белгіленеді. Педагог балаларға О дыбысының айтылуын үйретеді.

Қарындаштың түстерін атайды.

Қоңыр сөзін буынға бөледі.

2-тапсырма

– Оқушы қалай отыр?

Педагог өлеңді дауыстап оқып береді.

Орындыққа отырып,

Оқулықты оқылық.                                                           (Е.Ашықбаев)

Педагог балаларға орындықта қалай отыру керектігін түсіндіреді.

Орындық, отырып, оқулық, оқылық сөздерін буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды.

О –дауыссыз, жуан дыбыс.

(Ұ) Сергіту сəті:

Шеңбер болып тұрайық.

Керегені құрайық.

О дыбысына ұқсайық.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үй болып тұрайық!

Балалар қимыл жасап өлең жолдарын 2-3 рет қайталайды.

3 – тапсырма. О əрпімен танысады.Педагог о дыбысының суретін көрсетіп неге ұқсайтынын сұрайды. Балалар өз ойларын айтады. М. Əлімбаевтің өлеңін оқып береді.Ұста мен зергердің атқаратын қызметі туралы педагог əңгімелеп береді.

Балалар саусақтарының ұшын біріктіріп о əрпін жасайды.

4 – тапсырма. Суреттегі заттарды атайды.Суреттегі заттардың о əрпіне ұқсайтын бөліктерін тауып атайды. Педагог балаларға ағаш бөшке мен мəшине рулі жəне мəшине дөңгелектері не үшін керек екені туралы мəлімет береді. Балалар əліппе дəптердегі О əрпін жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе – дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі түсті қарындаштар

 

 

 

 

 

Орындықта дұрыс отырған баланың суреті.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

 

28-30 мин.

Педагог балалардың белсенділігін талқылап  оқу қызметін қорытындылайды.  (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды. Смайликтер

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *