«Туған тілің — тұғырың»

   Тәуелсіздік тіректерінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың  қазынасы, сан ғасырлық жүріп өткен жолымыздың шежіресі.

    Әр адамның азаматтық қасиеті мен  мәдениеті —  өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін  қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам —   қашанда Отаншыл, ұлтжанды болады.Әркімнің өз тіліне деген құрметі — өз анасына, өз ұлтына деген құрмет деп білу керек.

    Ана тілі ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы, оның орынсыз шұбалануына қандай жағдайда да жол бермеуі керек.      Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Сондықтан да, қазақ тілі- халқымыздың, талай ардагер ақындардың жыр арқауына айналған. 

Тіл! Тіл — құрал! Әсіресе, егер ол өз ана тілің немесе туған тілің болса. Тілді әрқалай түсінуге болады. Тіл арқылы біз сыртқы ортамен, бізді қоршаған қоғаммен байланыс жасаймыз. Әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты осы ұлттық тілді қорғау — біздің міндетіміз. Әрқашан біз өзіміздің ұлттық тілімізді, ана тілімізді қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек.

Ал біздің ұлттық тіліміз, ана тіліміз — кәдімгі қарапайым қазақ тілі. Қазақ тіліне, оның түпкі тамырына түңілсек, ол — өте бай тіл. Осы бай тіл — біздің мақтанышымыз. Осы қазақ тілі арқылы біз дүние жүзіне «қазақ» деген атпен, есіммен әйгілі болдық, танылдық. Бірақ та осы өзіміздің қазақ тілін қорғаймын деген азаматтар да көп, сондай-ақ корғай алмайтын азаматтар да аз емес. Заман, өмір ағымына байланысты көптеген жас өспірімдер, сол жас өспірімдердің ата-аналары, әпкелеріміз, ағаларымыз осы өздерінің ұлттық тілдері қазақ тілін ұмытып, осы тілде қазірге дейін сөйлей алмайтындығы аз емес. Әрбір қазақ өзінін ұлттық тілін білгені жөн. Сол себепті еліміздің Конституциясындағы тараулардағы, Тіл туралы заңды күшейтіп, оны алдыңғы мәселе ретінде күн тәртібіне қою керек.

     Түйін сөзді елбасымыздың  « Қазақстан  халқының әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік  саясаттың басты мақсаты»  атты жолдауындағы мына бір сөздерімен аяқтасам деймін:

     « … Бүкіл қоғамымызды  топтастырып отырған мемлекеттік  тіл ретінде  қазақ тілін оқыту, сапасын арттыру, игеру қажеттілігіне назар аударып, «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуді»   мына отырған сіздер мен біздер қолға алуымыз керек.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *