Математика еліне саяхат

АҰОҚ конспектісі

Тобы: «Жұпаргүл» тобы Уақыты .15.05.2019 ж.
Тәрбиеші: Калиева Ляззат Кусаиновна
Білім беру саласы: «Таным» Шығармашылық Қошаған ортамен таныстыру
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру.
Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды сан және санау,геометриялық пішіндерді білу,өлең мәтіні бойынша суреттерді орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріу,тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту.
Тәрбиелік: балаларды тапырлыққа ұйымшылдыққа мейрімділікке,қайырымдылық қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу
Билингвальды компонент: ұшбұрыш-треугольник,дөңгелек-круг,
шаршы-квадрат,тіктөртбұрыш-прямоугольник.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: көрнекілік суреттер, күнбағыс дәні,тұз,түрлі түсті шарлар.
Сөздік жұмыс: күлтеше, тұз.
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық
қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Ұйымдастыру –
іздестіру

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне көп қонақтар келіп қалыпты, қонақтармен амандасайық.
Балалар амандасады.
Балалар бүгінгі ұ.о.қызметі ерекше болмақ,сондықтан жақсы көңілмен бастау үшін әсем әуенмен ғажайып математика еліне саяхатқа барамыз.
Дайынбыз ба?
-Ия, дайынбыз.
1.Қане балалар олай болса біз құлыпты аш ойынымен бастайық.
Көңілді музыка ойнайды.
«Құлыпты аш» ойыны.
Қазір сендер үстел үстіндегі геометрияляқ пішіндерді алып, би билеп қай кезде әуен тоқтаған кезде пішіндер сәйкес келу керек,
өз құлыптарыңды ашуларың керексіңдер.
Балалар алған пішіндерді алып қай пішін екенін атап және түсін айтасыңдар.
Тосын сәт:
Білім ханшайымы:
Сәлеметсіңдер ме,балалар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе білім Ханшайымы.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Балалар сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
Орманда әжесіне бара жатқан қызыл телпекті қасқыр қамап қойыпты. Әжесіне анасы пісірген бәлішті беріп жіберген жеткізе алмай отыр. Сондықтан менің қолымдағы сиқырлы шарларда тапсырмалар бар, егерде сендер тапсырманы дурыс шешсеңдер, қызыл телпекті қасқырдан құтқара аламыз. Қызыл телпекке көмектесе аламыз ба?
Балалар: иә, деп жауап береді
Білім ханшайымы:
Қасқырдың төрт тапсырмасы мына түрлі шарларда,сендерге ала келдім. Бұл шарлардың түсі де сол төрт жыл мезгілді белгілейді.
Ол үшін сендердің білімдерің керек болып тұр.
Тәрбиеші:Балалар біз қызыл телпекке көмектесуге дайынбыз ба?
Балалар: Иә, дайынбыз.

Тәрбиеші: Балалар енді біз білім ханшайымының қолындағы шарлардағы тапсырмаларды орындап көрейік.

Тәрбиеші: Мына шардың түсі қандай? (ақ)
Жылдың қай мезгілін білдіреді? қыс мезгілін
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Балалар: Бір жылды төрт жыл мезгілі бар.
Қане атап шығайықшы. (қыс,көктем,жаз,күз.)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Қыста жер қандай болады? аппақ қар болып жатады
Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші:
Бұл тапсырмада өлеңге көріністі тақтада көрсету керек екен.
Өлең жолдарын оқимын, сендер қоясыңдар.
Жоғарыда ақша бұлт күлімдеген,
Арасында күн шығып нұрын шашса,
Төменде айдын көл мөлдіреген
Жағасында қос аққу орын тапса.
Тәрбиеші: Керемет жарайсыңдар.

2. тапсырма.
Мына шардың түсі қандай? Жасыл түс.
Жасыл түсті шар.
Табиғат көктемде оянып,жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды. Көктем мезгілі

Тәрбиеші: жасыл шардың ішіндегі тапсырманы орындап көрейік,бұнда логикалық тапсырмалар екен.
Логикалық сұрақтар бар екен , орындап көрейік.
1.Ертегілердің атауы
2.Сиырда қанша мүйіз бар?
3.Машинада қанша дөңгелек бар?
4.Жылқының қанша құйрығы бар?
5.Адамда қанша қол бар?
3. Бір апта да неше күн бар?
4.Шаңғы теуіп сырғанап ойнайтын уақыт (қыста)
5.Біз кешке тамақтанамыз, жаттығуды қай кезде жасаймыз таңертең.
6.Суға шомылып, демалатын уақыт қай кезде болады? (жазда)
7.Шаңғы теуіп сырғанап ойнайтын уақыт (қыста)
8. Бір жылда неше мезгіл бар?
9.Қыс, жаз,таңертең, көктем, күз (артық сөзді тап)
10.Әрі тартым бері тартым жұлынбады,қай ертегі деп ойлайсыңдар?

Тәрбиеші: Балалар келесі шардың түсі қандай?
Қызыл түсті шар
Бұл түс жылдың қай мезгілін білдіреді?
Қай уақытта гулдер қызыл түске боялады? Жаз мезгілінБалалар: Бұл түс шөптің түсі сияқты ,көктемде жер беті жасыл болады, ағаштар бүршік жарады.
: Бірден оңға дейін санау, және кері санау қазақ тілінде: Орыс тілінде. Тура және кері санау.
Каусар : Ағылшын тілінде санау.
Уш тілде санау.

Ойын: «Кім -жылдам»
Ортаға екі баланы шақырып, қане қай тасбақа жылдам келеді екен?
Неге?
Бір тасбақа жылдам келді,себебі бір тасбақаның жібі ұзын,екінші тасбақадағы жіп қысқа.
Тәрбиеші; керемет балалар,жарайсыңдар.

Сергіту сәті:
Тәрбиеші бойымызды бір сергітіп алайық.

Блингвалды компенент: ұшбұрыш-треугольник,
дөңгелек-круг,шаршы-квадрат,тіктөртбұрыш-прямоугольник.

Тәрбиеші: Бұл шардың түсі қандай?
Балаларға сары шарды көрсету.
Бұл түс жылдың қай мезгілін білдіреді? Күз мезгілі.
Балалар: күз мезгілі себебі, жапырақтар сарғайып жерге түседі?

Бұндағы тапсырманы да орындап көрейік.
Жұмбақ шешу,тапсырма орындау.

Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гулмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойыны талып шаршаған. (күнбағыс)

Тәрбиеші:
Мына суретте кұнбағыстың суреті берілген астында сандар берілген мысалыға мына кұнбағыста қандай сан берілген сол сан бойынша күнбағыс дәндерін қойып шығамыз.
Мысалыға мендегі мына күнбағыста алты саны берілген алты санына байланысты дән қоямыз.
Тәрбиеші: Кұнбағыстың жапырағының түсі қандай болады?
Сары түсті болады. Ал жапырағының түсі қандай болады?
Жасыл түсті болады. Бірақ біздің күнбағысымыз жапырағы да күлтешелерінде түстері берілмеген. Сондықтан ыдыстағы тұздармен жапырағын және күлтешелерін түске келтіреміз.

Күнбағыстың дәнінен сұйық май алынады.
Күнделікті тамаққа қолданамыз.
Білім ханшаймы біздің балалардың білімін көрдіңіз тапсырмаларды орындап шықты, қызыл телпекті босатуға білімдерін көрсетіп көмектесті.
Білім ханшайымы: Тамаша білімді балалар екенсіңдер, . Енді қасқыр қызыл телпекті босатады.
Білім ханшайымы: Балалар сендер өте білімді ақылды балалар екенсіңдер, осылай қамқор болып журіңдер көмекке дайын болып журіңдер.
Көңілді музыкамен билеп Қызыл телпек келеді.
Қызыл телпек рахмет айтады,бәлішті балаларға сыйлайды.
Рефлексивті –
түзетушілік
Қорытынды сұрақтар.
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ жауап арқылы қортындылау.
Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде қайда саяхатқа бардық?
Математика әлеміне саяхатқа бардық.
Бізге қонаққа кім келді?
Біз кімге көмектестік.
Қызыл телпекті қасқырдан құтқардық, тапсырмаларды орындадық.
Қандай ойын ойнадық?
«Кім жылдам»
Шарлардың түсі жылдың қай мезгіліне байланысты екен?
Жылдың төрт мезгіліне байланысты.
Балаларды марапаттау.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Балалар сан және санауды,геометриялық пішінді, өлең мәтіні бойынша суреттерді орналастыруды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: жыл мезгілдерін түсінеді жұмбақ шешуін табады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапсырманы берілген сан бойынша меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *