Мазмұнға өту

5.1.2.28 ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуді орындау;қмж

Bilimger Media 5 мин оқу 114 оқылым
5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Бөлім: 5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Педагогтің аты-жөні
Күні: 15.02.2023
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Сабақтың мақсаты ондық бөлшектерді ондық бөлшекке  көбейтудің алгоритмін біледі.

ондық бөлшектерді ондық бөлшекке көбейтуді орындайды.

  Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы:

6минут

7минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу.Ынтымақтастық атмосферасын құру

сабаққа егер дайын болсақ алақандарымызды бірге соғамыз, барлықтарымыз бірге соққан кезде ғана сабақты бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру: №680

талқылау сұрағы

есепте қандай қиындық туындады?

Өткен тақырып бойынша қайталау

1. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке  көбейтудің алгоритмі қандай?

Үтірін тап

6,3*7=

8,33*3=

9,6*8=

4,5*12=

8,31*14=

9,5*11=

талқылау сұрағы:

-ондық бөлшектерді натурал сандарға көбейтуде қиындық туындады ма?

«Көршіңді тексер» әдісі бойынша бір-бірін тексереді

сұрақтарға жауап береді

learning apps бағдарламасы арқылы сәйкестендіреді

6,3*7=44,1

8,33*3=24,99

9,6*8=76,8

4,5*12=54

8,31*14=116,34

9,5*11=104,5

бір-бірін бағалайды

мадақтау

интерактивті тақта

https://learningapps.org/watch?v=p0fsmwti223

сабақтың ортасы

8минут

8минут

4минут

2минут

Топтық жұмыс Семантикалық карта

603*971=585513 болатынын пайдаланып, есептемей-ақ көбейтіндінің мәнін табыңдар. Егер көбейтіндінің мәнін дұрыс тауып, оның тұсындағы әріптерден сөз құрастырсаңдар қорықтың аты шығады.

1 6,03*97,1 А.5,85513 Ү.585,513 Б.5855,13
2 6,03*971 С.5855,13 Р.58,5513 Е.5,85513
3 6,03*9,71 К.0,585513 Н.5855,13 Т.58,5513
4 0,603*0,971 І.0,585513 Г.58551,3 В.58,5513
5 603*9,71 У.58,5513 Р.5855,13 О.5,85513
6 0,603*9,71 Т.5,58513 Ш.0,585513 З.5,85513

талқылау сұрағы

-ондық бөлшектерді көбейту кезінде үтірді қоюда қиындық туындады ма?

ЕБҚ бар оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді. Берілген тапсырмаларда ондық бөлшектерді көбейтуде  үтір ажыратуға мұғалім көмек береді.

ЕҚБ бар оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды

Жұппен жұмыс. Қызықты ақпарат

ҮСТІРТ қорығы туралы есеп. Мәтінді оқушыға беремін. Мәтіннің ішінде сандар жасырынған ондық көбейткіштерді көбейту арқылы мәнін табады және Үстірт қорығы туралы ақпаратты оқиды.

49600*0,04

455,8*0,49

2500*0,08

талқылау сұрағы

Есепті шығару кезінде қандай қиындық туындады?

ЕБҚ бар оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді. Берілген тапсырмаларда ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейту үшін  мұғалім көмек береді.

ЕҚБ бар оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды

Жеке жұмыс “Кім жылдам” әдісі

Есептеңіздер

1) 0,12        2) 0,012      3) 0,22           4) 0,022

талқылау сұрағы

-Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?

-Қандай қиындық туындады?

-ондық бөлшектерді ондық бөлшекке көбейту алгоритмі қандай?

ЕБҚ бар оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді. Берілген тапсырмаларда ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейту үшін  мұғалім көмек береді.

ЕҚБ бар оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды

Кері байланыс:

Оқу мақсатына қайта оралу

-Оқу мақсатына жете алдық па?

топпен бірге шығарады

есептемей ақ үтірді қою керек

жұппен есеп шығарады

49600*0,04=1984

455,8*0,49=223,342

2500*0,08=200

жеке есептейді

1) 0,12  =0,01

2) 0,012 =0,0001

3) 0,22 =  0,04

4) 0,022=  0,0004

Дескриптор:

- ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейту ережесін қолданады

бір-бірін  бағалайды

Дескриптор:

-Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін  қолданады-1б

-жауабын табады-1б, әрбір дескриптор үшін 2балл, жалпы 6балл

Дескриптор:

- ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейтеді-1б,

дескриптор бойынша әрбір дұрыс шығарылған есепке 1балл,

жалпы -4б

Интерактивті тақта

қосымша

қосымша

Сабақтың соңы: 5минут рефлексия

“Желкенді қайық”

- Егер саған сабақ ұнаса, желкенді жасыл түске боя.

- Егер сабақта қиындық кездессе, желкенді сары түске боя.

- Егер тапсырмалар орындау қиын болса желкенді қызыл түспен боя.

Үй жұмысы №681есеп

кері байланыс береді

мадақтау

10балдық жүйеде бағаланады, kundelik.kz бағалар қойылады

интерактивті тақта

Оқушыға тапсырма

Үстірт қорығы - Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық               .  жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында                гектар аумақты алып жатыр. Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі               м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің   336  түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген; құстардан – бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық, дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран, қарақұс, қоқиқаз, сұр тырна, сақалтай, қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық, жалбағай, кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.

Тапсырманың толық нұсқасы мұғалім үшін

Үстірт қорығы - Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген; құстардан – бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық, дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран, қарақұс, қоқиқаз, сұр тырна, сақалтай, қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық, жалбағай, кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 52 оқылым 2 мин
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Қайырғазы Бағдат Математика және физика пәнінің мұғалімі Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет — оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді өмірде қолдана алу дағдыларын…

Bilimger Media 54 оқылым 3 мин
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 107 оқылым 5 мин
Математика

Математика мен күнделікті өмірдің байланысы, сабақтағы жобалық жұмыстардың маңызы

Жамалқан Парида Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы "С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар орта мектеп" КММ Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру парадигмасы оқушыдан тек…

Bilimger Media 55 оқылым 3 мин