Компьютердің құрылғылары /жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақта/

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Информатика
Тақырыбы: Компьютердің құрылғылары /жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақта/
Мақсаты: Жүйелік блок, монитор туралы мағлұмат беру. Атқаратын қызметтерін, қалай қолдану жолдарын түсіндіру.
Көрнекіліктер:Компьютер құрылғыларының суреттері
Сөздік жұмыс: Жүйелік блок, монитор, пернетақта, пернелер, әріптер, сандар, тыныс белгілер.
Іс-әрекет кезендері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы Балалармен амандасу. Балаларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Компьютер құрылғыларының суреттерін балаларға көрсету. Амандасады. Компьютер құрылғыларының суреттерін көреді

Іздену –
ұйымдастырушы
Жүйелік блок –компьютердің ең негізгі құрылғысы. Барлық мәліметтер осы жүйелік блокта сақталады. Жүйелік блокті компьютердің миы деп атайды. Артқы жағында әр түрлі құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар орналасқан.
Монитор –компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелейлерді экранда көрсететін құрылғы. Монитор мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамасыз етуге арналады.
Сергіту сәті:Еркін ұста денеңді,
Тарсылданпай еденді
Орнымыздан тұрып ап
Жүгірейік бір уақ.
Бір,екі,үш, бір,екі,үш.

Жүйелік блок , монитор туралы айтылған мағлұматты тыңдайды.

Сергіту жаттығуын орындайды.
Еркін ұста денеңді, Тарсылданпай еденді Орнымыздан тұрып ап
Жүгірейік бір уақ.
Бір,екі,үш, бір,екі,үш.
Рефлексивті
коррекциялаушы Оқу іс-әрекетін сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
Көз жаттығуларыорындау:
1.Көзімізді жиі-жиі жыпылықтатамыз.
2.1-2 минуттай алысқа қараймыз, көзіміздің қарашығымен оңға жаққа, сол жаққа қараймыз.
Балаларды мадақтау, бағалау. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
1.Көзімізді жиі-жиі жыпылықтатамыз.
2.1-2 минуттай алысқа қараймыз, көзіміздің қарашығымен оңға жаққа, сол жаққа қараймыз.
Бір –бірін мадақтап қол соғады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жүйелік блок, монитордыңатқаратын қызметі туралы білуі.
Болуы керек: Оқу қызметіне деген қызығушылығы.
Қолынан келуі: Сұрақтарға жауап бере алуы.Компьютерді өз беттерінше қосып, өшіре алуы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.