Ашық сабақ «Дауыссыз к менг»

САБАҚ:

Дауыссыз к мен г

Достық- ұлы туымыз

Күні: 18.10.2018ж.
СЫНЫП: 2 «Д»
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
·         Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындады, тақырыпты меңгерді.
Оқушылардың басым бөлігі:
·         Тақырыпты ашып, дәлел келтірді.
Кейбір оқушылар:
·         Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстарды қолданды.
Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы  5 минут

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

 

Өсеміз біз, күліп ойнап

Он саусақтың саласындай

Өсеміз біз күліп ойнап

Бір адамның баласындай.

 

 

Билеттер арқылы топқа бөлу.

1 топ қ, к, п,с, т, ш (қатаң)

2 топ б, в, г, ғ, д, ж (ұяң)

3 топ л, м, н, ң, р, й (үнді)

 

 

 

Ортасы   15 минут Тыңдалым.  Жаңа сабақ.

-Енді айтыңыздаршы кешегі сабақта қандай тақырыппен таныстық?   — Дауыссыз к мен г әрпі

 

-Олай болса,тыңдаған ережені еске түсірейік.    Ереже:

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек –түлегі, серік-серігі, жүрек -жүрегі.

 

Достық дегеніміз не?

Дос дегеніміз кім?

 

 

ҰЖ. 41-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Достық – ұлы туымыз

Дос, бауыр көп,                               Тілегі бір,

Тосқауыл жоқ,                                 Жүрегі бір,

Айқара ашық есігі.                        Достармен біз біргеміз.

Ұлы Отаным,                                   Туыс барда,

Гүл Отаным —                                   Құрыштан да

Тыныштықтың бесігі.                 Берік біздің іргеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор.

1.Өлең не туралы екенін айтты.

2.Өлеңдегі негізгі ойды анықтады.

3.Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазды.

 

Қ/Б. «Шапалақ»

 

Жеке жұмыс. 42-жаттығу. Көп нүктенің орнына к, г әріптерінің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жазады.

Халқымыздың сенімі,

Жақсылардың серігі.

Күрестерде шыныққан,

Ағаларға мен іні.

 

Дескриптор.

1.К, г дыбыстары туралы айтты.

2.Серік сөзінің қандай өзгеріске ұшырағанын айтты.

 

Қ/Б. «Басбармақ»

 

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Мен қазақпын»
Аяқталуы  15 минут Дәптермен жұмыс.

ТЖ. 43-жаттығу. Бос төркөздерге тиісті әріптерді қойып, шыққан мақалды оқы.

 

Дескриптор.

1.К дыбысына і дыбысын қосып оқыды.

2.Шыққан сөзді оқып берді.

 

Қ/Б. «Бағдаршам» әдісі.

 

Жұптық жұмыс.

44-жаттығу. Өлеңді тыңда

Атам мені «құлыным» дейді

Әжем мені «боташым» дейді

Әкем мені «шырағым» дейді

Шешем мені «қозым» дейді

«Айналайын, жаным!» дейді

Ал, шынында, мен кіммін?

 

Дескриптор.

1.Өлең не туралы екенін анықтады.

 

Қ/Б. «Басбармақ» әдісі.

 

Үйге тапсырма: 45-ж, 59-бетте.
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Кері байланыс
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *