Өзара түсіністік тренингі

Қожақова Ақмарал

Мақсаты: өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту. Қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.

Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия

 

 

 

 

 

 

АЛТЫН ЕРЕЖЕ:

— Ойымызды ашық айтамыз;

— Бір-бірімізді тыңдаймыз;

— Бір-бірден сөйлейміз;

— Белсенді қатысу;

— Бір-бірімізге сый көрсету.

Тренинг шарты:

  1. «Сәлемдесу» жаттығуы
  2. «Жетістік» ойыны
  3. «Сыйлық» ойыны
  4. «Құбыр» жаттығуы
  5. «Сеніп құлау» жаттығуы
  6. «Айналма» жаттығуы
  7. «Құпия дос» ойыны

 

1.«Сәлемдесу» жаттығуы. Тез жылдам әрекет жасау керек. Мен сіздерге белгі беремін сол кезде сіздер жылдам сәлемдесу керек. Сәлемдесу үлгілері бір-біріне ұқсамау керек.

 

  1. «Жетістік» ойыны.

Мақсаты: қатысушылар арасындағы ұйымшылдықты орнату.

Ойын барысы: Тәрбиешілер шеңбер бойымен тұрып, қолдарына берілген ақ плакатта сызылған сызықпен жүріп өту керек.

 

  1. «Сыйлық» ойыны

Мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.

Барысы: ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-біріңізге, яғни өзіңіздің сол жағыңызда отырған көршіңізге сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербальды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей болуы керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

Талқылау: 1. Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?

  1. Қандай сыйлық сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?
  2. Сізге сыйлық ұнады ма?
  3. Қандай әсерде болдыңыз?
  4. «Құбыр» жаттығуы. Қатысушылар қолдарына ақ қағаз алып оны екіге бүктейді. Бүктелген қағазды астау сияқты ұстап, қолдың қызуымен құбыр жасайды.

 

  1. «Сеніп құлау» жаттығуы. Бұл жаттығу сенімділікті, ұжымның бір-біріне сенімділігін арттырады.

 

6.«Айналма» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер жасап қолдарын ұстап тұрады. Жаттығу нұсқаушының белгісінен кейін айналманы қолдарын үзбей топтан өтіп шығуы керек.

 

7.«Құпия дос» ойыны. Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғанын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні психолог жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

 

Қорытынды:

Тренинг барысы сізге ….

-ұнады, несімен?

-ұнамады, несімен?

 

  • Құрметті әріптестер, біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай болса, ХХІ ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін! Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.