«Ойыншықтар дүкені»

Демеуова Бибигул Тлеккабыловна

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы

«Балауса»бөбекжай балалар бақшасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызеті: сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» мазмұнды –рольді ойын.

Мақсаты: а) өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп түсі,көлемі,материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатынын әңгімелеп беруге үйрету.

Ә) балалардың сөздік қорын дамыту.

Б )балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,сергіту,жұмбақ шешу,әңгімелеу.

Көрнекілігі:ойыншықтар.

Шаттық шеңбері:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Сұрақ-жауап.

— Сүйікті ойыншықтарың барма?

— Қандай ойыншықтарың бар?

— Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

— Балалар қараңдаршы,біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әдемі,әсем ойыншықтар.

— Балалар мынау қандай ойыншықтар?

— Доп

— Доптің  пішіні түсі қандай?

— Кім доп туралы тақпақ біледі?

Әділет:      добым, добым,домалақ,

                   Қайда кеттің домалап?

                   Қызыл, жасыл,сары,көк.

Сенімен ойнайтын бала көп.

— қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?

— қуыршақпен.

— мыны қуыршақтың аты әйгерім. Өзі сондай сүйкімді екен,әрі әдемі көйлегі бар екен.

— қуыршақтың  көйлегінің түсі қандай?

— қызыл.

Ал, ұл балалар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?

— машинамен .

— мына машиананың түсі қандай?

Алихан:     бип-бип,бип дейді,

Жолдан былай кет, дейді.

Күшікті басуға,

Болмайды машина.

Би-би-бип,би-би-бип.

— балалар ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

— матада.

— ағаштан.

— пластмассадан.

— резинадан жасалған ойыншықтар.

Балалар ойыншықтардың аттарын атайды,олардың неден жасалғанын айтады.

Жұмбақ шешу.

Аяғы бар,жүрмейді.

Аузы бар, күлмейді,

Айнымайды бөпемнен,

тек сөйлеуді білмейді.  (Қуыршақ)

суға  салсаң батпайды,

түскен жерге жатпайды.  (Доп)

Мазмұнды –рольді ойын: «ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу,яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпай сөйлеуге үйрету.

Ойын шарты: балалар ішінен бір сатушы,ал қалған балалар сатып алушы болады.

Әңгіме құрау:

 «менің ойыншығым»

Балалар:-бірде менің әкем туылған күніме қуыршақ әкеліп берді.мен сол күні қатты қуандым.өйткені,қуыршақ сондай сүйкімді, әдемі еді.

— балалар, ойыншықтарды қалай ұстау керек?

— ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды.ұқыпты ұстау керек.

— иә,дұрыс айтасыңдар,топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі,топтың ойыншығы бәрімізге ортақ.

 

            Қорытынды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *