Киіз үй және оның жасауы

Беркенова Улмаш Ержигитовна

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: киіз үй және оның жасау — жабдықтары туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: сабақ барысында өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен қолөнерін оқушы бойына сіңіру. Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: баланың жүрегіне ұлттық сана — сезімді ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (топпен жұмыс)

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгіме, тарихи деректер.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, киіз үй және оның

жасауларының суреттері (слайд), тірек сызбалар.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлемдесу.

— Оқушыларды түгендеу.

— Сабаққа дайындығын тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Сұрақ – жауап арқылы:

  1. Гардина пердесі қандай матадан жасалады? (жұмсақ баспа сурет матадан немесе мөлдір мата, тюль, шілтер, тордан)
  2. Портерьера пердесі қандай матадан жасалады? (қалың матадан)
  3. Соңғы кезде терезелерді безендіру үшін немесе күн өтпеу үшін қандай перделер пайдаланады? (күнперделер)
  4. Ламбрекен пердесін қалай түсінесіздер? (терезе немесе есік орындарының үстіңгі ілгіштің түгел еніне керіліп тұратын қысқа сәнді элемент)
  5. Қазіргі таңда үйге жарық неден түседі? (терезеден)
  6. Бұрын біздің ата – бабаларымыз қандай үйде өмір сүрді? (киіз үйде)
  7. Киіз үйге жарық қай жерден түседі? (шаңырақтан)

 

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Оқушылар, қазіргі таңда терезелерімізді немен жабамыз?
  • Пердемен.
  • Ал, ертеде киіз үйдің жарық түсетін бөлігін немен жапқан?
  • Түндікпен.
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Киіз үй және оның жасауы».

 

  • Жаңа сабағымызды бастамас бұрын ең бірінші топқа бөлініп аламыз. Ол үшін тақтадағы жасырын қағаздарды ашып, өз үйлерімізге отыра қояйық.

Топқа бөлу

Киіз үй                                                     Заманауи үй

 

  • Әр топ басшысын таңдау. Топ басшылар өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады.

Ұғым беру

Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата — бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ — мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен — жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына қарай, сән — салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: қара үй, боз үй, ақ үй, ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын үзік, алтын орда. Көшіп — қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар: қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.

 

Тірек – сызбамен жұмыс:

 

 

Киіз үйдің сүйектері: шаңырақ, кереге, уық,сықырлауық.

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді:

Төр — Үй ішіндегі ең құрметті орын, мұнда жүк жиналады, қонақтар отырады

Сол жақ — Үй иесінің отыратын және жататын орны

Оң жақ — Балалар орналасады. Босаға жақта ер — тұрмандар, киімдер ілінеді

От орны — Қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Видеоролик: Киіз үй туралы.

Топпен жұмыс

1 – тапсырма: Берілген заттар қай заманның үйіне сәйкес келеді. Киіз үй – Заманауи үй.

Сөздер: қазан, ағаштөсек, перде, тоңазытқыш, диван, сөрелер, сандық, кебеже, жүкаяқ, жастықағаш, адалбақан, кілем, табалдырық, таба, ожау.

Әр топбасшы топтағы сайыскерлерді бағалап отырады.

         2 – тапсырма: Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру. Әр топқа 4 сұрақтан қойылады.

1 – топқа:

  1. Киіз үйдің сүйектерін ата. (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)
  2. Әбдіре дегеніміз не? (зат, бұйым, киім салып қоятын үлкен сандық)
  3. Сандықтың астына қоятын жиһаз. (жүкаяқ)
  4. Шаңырақ қандай мағынаны білдіреді? (үй, отбасы)

2 – топқа:

  1. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді? (төртке: төр, оң жақ, сол жақ, от орны)
  2. Қазақы үйлер пайдалануына қарай қандай түрлері болған? (қара үй, боз үй, ақ ала орда, ақ орда, алтын орда)
  3. Киіз үй негізі неше бөліктен тұрады? (киіз үйдің іші, киіздері, бау — шулары)
  4. Киіз үйдің есігі неше бөліктен тұрады? (маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау)

Әр топбасшы топтағы сайыскерлерді бағалап отырады.

3 – тапсырма: Киіз үйдің  жиһаздарына берілген анықтамаларды атауымен сәйкестендір.

Атаулар                                                   Сипаттамалары

Босаға                                              1. Екі босағаны жоғары

жағынан ұстап тұратын берік ағаш.

Төсекағаш                                        2. Түндікті көтеріп тұратын ағаштан

иіп жасалған бөлшек.

Табалдырық                                    3. Кереует.

Маңдайша                                       4. Шаңырақ үстінен жабылатын

төрт бұрышты киіз.

Түндік                                                       5. Киіз үйдің маңдайшасы мен табалдырығын қосатын және кереге бекітілетін ағаш.

Шөміш                                            6.Ожау

Туырлық                                                   7. Екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш.

Күлдіреуіш                                               8. Кереге бойын шаңыраққа дейін жабатын киіз.

Әр топбасшы топтағы сайыскерлерді бағалап отырады.

 

4 – тапсырма: Сөзжұмбақ шешу.

  К Е Р Е Г Е
  Қ А С И Е Т Т І  
Т Ү Н Д І К  
  К Ү З Е М  
  Ж Ү К А Я Қ  
  Ү Й Ш І  

 

 

Сұрақтары:

  1. Киіз үйдің негізгі қаңқасы?
  2. От орны қандай орын болып саналады?
  3. Шаңырақты жабатын киіз қалай аталады?
  4. Күзде қырыққан қойдың жүнін қалай атайды?
  5. Сандық астына қоятын жиһаз қалай аталады?
  6. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атайды?

 

Әр топбасшы топтағы сайыскерлерді бағалап отырады.

 

  1. Сабақты бекіту

Киіз үйдің ішкі көрінісін безендіру, сәндеу.

 

  1. V. Сабақты қорытындылау
  • Жарайсыңдар, оқушылар! Сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Ал, енді осы киіз үйге байланысты қандай ұсыныстарыңыз бар.

Ұсыныс

 

  1. Бағалау

Әр топтың бағалау бетшесі бойынша жұмыс жүргізу. Топбасшыға сөз беру.

VII. Үй тапсырмасы

  1. Киіз үй және оның жасауы
  2. Киіз үйге байланысты ұғымдар туралы жазып келу.
  3. Киіз үйдің жасау – жабдықтарына қатысты сөзжұмбақ құрастыру.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *