Педагогикалық әдіс-тәсілдердің тәрбиелік мәні

Шардарбекова Айман Тасымовна

         Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау және тәрбиелеуге байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді.Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. «Педагогика»деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б.2,5 жылда пайда болған дейді.Педагогика деген сөз,яғни термин,көне грек тілінен шыққан,ол балаларды ертіп жүру,баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз.Анығырақ айтатын болсақ, « Педагогика»термині гректің екі сөзінен: «пайс»-балалар және «эгейн»-баланы басқару,тәрбиелеу,жетектеу,бағу ұғымдарынан шыққан.Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.Педагогика-бала жайындағы ғылым,олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып,өзгеріп отырғандықтан,педагогика ілімі де өзгеріп отырады.Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде.Сондықтан «педагогика-бала тәрбиесі жайындағы ғылым»,-деп шек қоюға болмайды.Педагогиканың ғылыми таным саласы-тәрбие.Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.Педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым.Ал тәрбие-жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап,оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.Педагогикалық ұғымдардың бірі тәрбие.Тәрбие дегеніміз-адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп,жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының (1845-1904)поэтикалық шығармалары мен «Гадлия»сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы.Табиғаттық санадан тыс,тәуелсіз өмір сүруі,өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы,адамдар жаратылысының бірдегі еместігі,ғылымның ақылмен,жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі.Ақынның педагогикалық көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері,жастарды халқының әдеп-ғұрыпы,салт-санасы,дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.Ахмет Байтұрсынов « Қазақ»газетіндегі(1914ж)«Мектеп керектері »деген мақаласында:Ең әуелі мектепке керек-білімді,педагогика,методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім.Екінші-оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы әм сайлы болуы.Үшінші-мектепте керегі белгіленген бағдарлама.Әр іс көңілдегі болып шығуы үшін оның үлгісі,я мезгілді өлшеуіші болуы керек.Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс-ол я артық,я кем шықпақшы,-деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді.Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)педагогика,психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар,бірнеше оқулықтар,оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. «Тәрбиеге жетекші»атты еңбегінде (1924ж)педагогиканың дидактика саласына ғылыми негіздеген.Педагогика ғылымының құрылымы,оның басқа ғылымдармен байланысы.Педагогика дамып,тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады.Мысалы,педагогиканың жалпы негіздері,тәрбиетеориясы,дидактика, т.б.Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары,атап айтсақ,мектепке дейінгі педагогика,мектеп педагогикасы, педагогика тарихы,дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі,кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы,жоғары мектеп педагогикасы,әскери педагогика, басқару педагогикасы,отбасы тәрбиесінің педагогикасы,мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы,түзеліс-еңбек педагогикасы,этно педагогикасы,әлеуметтік педагогика,кәсіби педагогика,жас ерекшелік педагогикасы т.б.педагогика салалары пайда болды.Педагогиканың шығуы және дамуы.Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан,талабынан туады.Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған.Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.Отандық педагогика адамзат жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сүйене отырып негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға бағытталғаны аса қажет.Сондықтан білім берудің жаңа ізгілікті бағыттары,мазмұны мен міндеттері, әдіс-тәсілдері іздестіріліп,оқушының дүниені тұтастыққа қабылдауы арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу басты мәселелердің бірі.Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани ғылыми шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатының анықтап берді.Онда болашақ қоғамның азаматы:дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелері;жаңа хабарларды өздігінен қабылдап,дереу шешім табуға қабілетті;кез-келген нақты жағдайда өз бетінше қабылдау керек,мәліметті меңгеруге міндетті екенін айтты.Оқыту мен білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.Осыған байланысты ғылыми тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын арттыру тәжірибесі жинақталған.Жаңа технология әдістемесінде халықтық педагогика әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып халқымыздың келешегі болар жас буындар білім нәрімен сусындатып,өнегелі ұрпақ тәрбиелеу борышымыз.Осы ұлағатты істе мұғалімдерге зор жауапкершілік үлкен міндет жүктеліп отыр.

Педагогика — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарасты. Педагогикалық такт — оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *