Өміріме құштармын (Интеллектуалдық ойын)

Омарова Майра Жанжумановна

(Интеллектуалдық ойын)

( ойын 2 топтан тұрады : 1топ – өмір; 2 топ – тағдыр)

 Білімділік: Студенттердің өмірі туралы көзқарасын білім жолымен байланыстырып ойын ұшқырлау, өмірдің жақсы – жаман жақтарын саралауға үйрету.

 Тәрбиелік: Студенттерді өмірдің дұрыс жолына бағыттау. Өмір мен тағдырдың өзектес екенін ұғындыру. Оқушының өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Дамытушылық: білімді, ақылды, әдепті жастар ғана өмірде өзі армандаған шыңына жете алады.

  Көрнекілік: қанатты сөздер: кино үзінділер, өмір туралы әндер, тұлғалар өмірімен мысал, ұлы адамдардың суреттері (сахна, слайд, плакат, үлкен қолдан жасалынған жүректер)

  Ашылуы: Армысыздар қадірменді студенттер және ұстаздар! Интеллектулдық ойынға қош келіпсіздер!

Сабағымыздың тақырыбы «Өміріме құштармын» деп аталады.

Бүгінгі кеш өзгелерден өгеше деп өмір мен тағдырды өзектес деп атадым. Бұл кеште өмір мағынасын президент өмірінен өнеге, үлгі алуға кеңінен түсіндіретін боламыз! Бүгінгі кешімізде 2 топтың студенттері: оң жақта өмір камандасы, сол жақта тағдыр командасы.

  • Копитан командасы:
  • Копитан командаы:
  • Бұл интеллектуалдық ойында өмірден алынған әдет – ғұрып, салт – дәстүрлер, қазақ халқының өмірі туралы айтамыз. Жобаның барысы түсінікті деп ойлаймын. Бастамас бұрын топтармен таныса отырайық.
  • Ойын 4 бөлімнен тұрады:

1- тур шарты : Бәйге: ойы жүйрік топтың аты озады. Жалпы сұрақтарды бастаймыз.

  1. қазақ тілі пәнінен.

Сөйлемнің неше түрі бар? 3- жай, күрделі және құрмалас

  1. биология пәнінен.

Ата – бабамыз зиянды жәндіктерден қорғанған дала өсімдігі? Жусан

  1. Химиядан.

Металдың бұзылуы, темірдің жемірілуі және тот басуы? Коррозия – жемірілу

  1. Алтын адам табылған жер? Есік қорған – Алматы
  2. тұңғыш ғарышкер? Тоқтар Әубакиров
  3. қазақ балуаны, қара күш иесі? Қажымұқан Мұңайтпасов
  4. еліміздің тәуелсіздік алған жылы? Биіл 26 жыл болды 1991 жыл
  5. астанадағы Бәйтеректің ұзындығы? 97 метр
  6. қазақ елі монументінің биіктігі? 91 метр
  7. қазақтың атақты үш биі? Әйтеке би? Қазыбек би? Төлеби
  8. желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? 1986 жылы 16 желтоксан
  9. Қазақстанның ең алғашқы астанасы? Орынбор
  10. Ең кішкентай құс? Колибри

1- тур шарты салт дәстүрлер:

  • Қазақ халқының ертеден келе жатқан мейрамдарын ата? 1 наурыз, ораза айт, құрбан айт.
  • Ұлттық тағамдар түрлерін ата? Бауырсақ, қымыз, шұбат, қазы – қарта, жал – жая, сүбе құрт, ірімшік, айран.
  • Салт дәстүрлер (қонақ асы , сыбаға, бастанғы, қонақасы, тоқым қағар, байғазы, енші шашу, тұсау кесер, сүндет той)
  • Қазақтың ұлттық билерін ата? (қамажай, қара жорға, айгөлек)
  • Қазақтың ұлттық киімдері? (сәукеле, тақия, бөрік, тұмақ, шапан, кимешек, камзол т.б.)
  • Қазақ жігітінің үш жұртын атаңыз? Өз жұрты, нағашы жұрты, қайн жұрты

   3 тур.  Жұмбақтар сайысы – логикалық сайыс

  • Кім барлық тілде сөйлейді? Жаңғырық
  • Үш түйекұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? 3 немесе 2
  • Саған қана қатысты, сен оны атамайсын, өзгелер саған атап айтады? Сенің есімің
  • Қай кезде аспан жерде тұрады? Жаңбыр жауғанда
  • Удан ашшы (тіл)? әдепсіз адамның сөзі
  • Тірідей өлу деген сөздің мағынасы? Өтірік айтқанда әшкере болу.
  • Білгенің қанша , белмегенің қанша? Білгенің – 9, білмегенің – 99
  • Делфин қалай ұйықтайды? 1- көзін ашып
  • Кене қорексіз неше жыл тіршілік етеді? 10 жыл

 

Константинополь әдісі бойынша бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.

Қ А З А Қ С Т А Н Д Ы Қ П Ы Н      сөзі ( музыка орындалып тұрады)

 

  Мен өмірге құштармын әні

4 тур Мақал  — мәтелдер.

  • Сөз атасы құлақ (ухо, құлақ,ear)
  • Отан отбасынан басталады (семья, отбасы, family)
  • Дала көркі мал, өзен көркі тал. (ағаш, дерево, tree)
  • Ер қаруы бес қару (бес, пять, five)
  • Су ішкен құдығыңа түкірме (су, вода, wather)
  • Отан оттан да ыстық (ыстық, гоячий, hot)
  • Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды (жел, ветер, windy)

 

5-тур: Патриот сайысы

  1. Алтын адам табылған жер? (Есік)
  2. Желтоқсан көтерілісі өткен қала ? (Алматы)
  3. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Т.Мұсабаев)
  4. Қазақстан туының авторы кім? (Шәкен ниязбеков)
  5. Әнұран авторлары?
  6. Ата заңымыз конституциямыз қашан қабылданды? ( 30 тамыз 1995 жылы)
  7. Тұңғыш президент күні? (1 желтоксан)
  8. Теңге айналымы қашан басылып шықты? (1993 жылы 15 қараша )
  9. Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауы қай жылы жарияланды? (1997 жылы)
  10. Астана еліміздің астанасы болып жарияланды? (1998 жылы 6 шілде)

Қорытындылау: Бейнежазба «Өмірдің 7 ақиқаты»

Ән (хормен) Армансыз күнің болмайды

Сонымен өмірде алға жетелейтін арманымыз асқақ болсын дей отырып, ашық сабағымызды жабық деп жариялаймыз!!!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *