Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

2025-2026 жылға арналған әдістемелік нұсқау хат балабақша

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 3 083 оқылым

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен (2025 жылғы 24 маусымдағы №7 хаттама) ұсынылады.
2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат, Астана қ. 2025 ж.– 86 бет.
2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлері мен педагогтеріне және мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың басшыларына, басшылардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, мектепалды сынып педагогтеріне арналған.
«Балаларды ерте дамыту институты», 2025 ж

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары (бұдан әрі - МДҰ) мен мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепалды сыныптарында (бұдан әрі – мектепалды сыныптар) тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқау хат) тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыруда қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (бұдан әрі - Стандарт), Үлгілік оқу жоспарларын (бұдан әрі – Үлгілік жоспарлар), Үлгілік оқу бағдарламасын (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) іске асыруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хатта:
- тәрбиелеу-білім беру процесін реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын басшылыққа алу;
- қауіпсіздікті қамтамсыз ету;
- МДҰ-да тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру;
- мектепалды даярлықты ұйымдастыру;
- балаларға қазақ тілін үйрету;
- ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
- экологиялық мәдениет, құқықтық және қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
- мерекелік шараларды ұйымдастыру (мерекелер, ертеңгіліктер, сауық-кештер);
- ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қамтылған.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда әрбір балаға қолайлы, қауіпсіз, дамытушы білім беру ортасын құру басты назарда болуы тиіс.
Құрметті педагогтер!
Бұл Әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсетеді.

1. 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне1 (бұдан әрі – Тұжырымдама), білім беру саласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде (бұдан әрі – МДТО) жұмыстың мынадай бағыттары өзектендірілді:
 МДҰ мен мектепалды сыныптарда балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
 оқыту басқа тілде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдарда «Тілге бойлау» бағдарламасын жаппай іске асыру;
 «Жасыл балабақша» желісін кеңейту - экологиялық білім беру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
 Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын жетілдіру. Мобильді консультациялық пункттер бойынша «Тәрбие бесігі» жобасын іске асыру;
 «Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған мобильді
қосымшасын қолдану арқылы балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата-аналарды ағарту;
 ауылдық жерлерде «Құзыреттілік орталықтары» желісін кеңейту және «Құзыреттілік орталықтары» - жеке мектепке дейінгі ұйымдар санын ұлғайту;
 әдістемелік орталықтар (кабинеттер) жанында мобильді топтардың қызметін жетілдіру;
 «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша жазғы кезеңде мектепалды даярлықты ұйымдастыру.

Соңғы жаңарту: 13 ақпан 2026, 17:02

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Әдістемелік нұсқау хат

2026-2027 оқу жылына Әдістемелік нұсқау хат. Нұсқаулық хат 26-27. Алтынсарин

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Астана - 2026 Мазмұны Кіріспе3 1. Кiрiспе және нормативтiк-құқықтық база9 1.1 Нормативтік құқықтық актілер9 1.2 Мектепке…

Bilimger Media 39 043 оқылым 98 мин
Әдістемелік нұсқау хат

2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат (PDF)

2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың PDF файлын ашып, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауға арналған ұсынымдармен танысыңыз. Құжатты мектептің оқу жоспары мен пәндік жоспарлауға қолдану жолдары берілген.

Bilimger Media 14 161 оқылым 3 мин