Орта (арнайы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогінің сабақтан тыс тәрбие іс-шарасын бақылау парағы
1-бөлім
|
критерийлер
|
иә (сабақ барысында)
|
ішінара (әрдайым сақталмайды)
|
жоқ
|
|
Білім беру кеңістігін ұйымдастыру
|
|||
|
1 Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күн тәртібі алдын ала айқындалған және қатысушыларға жеткізілген
|
|||
|
2 Сабақ/іс-шара белгіленген уақытта өткізіледі, регламент сақталады. Қатысушылардың белсенді қатысуға (пікір білдіруге, сұрақтар қоюға) мүмкіндігі бар
|
|||
|
Оқушылармен/педагогтермен коммуникация
|
|||
|
1 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының (бұдан әрі – бағдарлама) құндылықтары байқалады, сабақта/іс-шарада іске асырылады және педагогтің жеке үлгісі арқылы көрсетіледі
деңгей/критерий:
жоғары: бағдарлама құндылықтары (тәуелсіздік және патриотизм; бірлік және ынтымақ; әділдік пен жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық пен кәсібилік; жасампаздық пен жаңашылдық) нақты белгіленген, сабақ/іс-шара сценарийіне енгізілген, барлық кезеңдерде жүйелі түрде ашылады
орта: құндылықтар атап өтіледі және мазмұнында ішінара іске асырылады, бірақ бүкіл сабақ/іс-шара бойы жүйелі түрде байқалмайды
төмен: құндылықтар не анық белгіленбеген, не сабақтың/іс-шараның мазмұнымен байланыссыз, формальды түрде көрсетілген
|
|||
|
2 Педагог пен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас құрметке негізделген: педагог сәлемдеседі, қатысушыларға есімдері бойынша жүгінеді және т.б. Қолайлы орта, сенім мен жайлылық атмосферасы қалыптасады
|
|||
|
3 Қауіпсіз орта қамтамасыз етілген: техникалық қауіпсіздік ережелері сақталады, қауіпсіздік сабақтары (бағдарламаға сәйкес) енгізілген
|
|||
|
4 Академиялық адалдық қағидаттары сақталады
|
|||
2-бөлім
|
№
|
Критерийлер
|
3
|
2
|
1
|
0
|
|
1
|
Сабақтарды/іс-шараларды өткізу
|
||||
|
1.1
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері бағдарлама немесе сабақ/іс-шара міндеттеріне сәйкес келеді, нақты және қолжетімді, қатысушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, сондай-ақ ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктерін ескере отырып нақты тұжырымдалған және кездесудің басында оларға хабарланады.
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен нәтижелері айқындалған, бірақ ішінара немесе жеткіліксіз нақты тұжырымдалған және қатысушыларға хабарланады, бірақ әрдайым талқыланбайды.
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен нәтижелері не анықталмаған, не формальды түрде айтылған. Қатысушылар күтілетін нәтижелерді түсінбейді.
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен нәтижелері анықталмаған және формальды түрде айтылмаған. Қатысушылар кездесудің күтілетін нәтижелерін түсінбейді.
|
|
1.2
|
Өзара іс-қимыл нысандары және қатысушылардың тартылуы
|
Барлық қатысушылардың (100%) белсенді қосылуына ықпал ететін өзара іс-қимылдың әртүрлі және тиімді нысандары (жеке, топтық, пікірталас) қолданылады. Пікір алмасу үшін жағдай жасайды.
|
Өзара іс-қимыл нысандары орынды таңдалған және қатысушылардың көпшілігінің (80%) тартылуына ықпал етеді. Кейбір қатысушылар белсенділігі төмен болып қалады, бірақ педагог бұған жауап беріп, оларды тартуға тырысады.
|
Өзара іс-қимылдың шектеулі нысандары қолданылады, қатысушылардың шамамен жартысы (50%-дан астамы) белсенді. Сабақ/іс-шара интерактивті емес, ақпараттық сипатта болады.
|
Кездесу педагогтің монологы форматында өтеді, өзара іс-қимыл жоқ немесе минималды. Қатысушылар пассивті, тартылу жоқ.
|
|
1.3
|
Қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау және тарту тәсілдері
|
Кездесу мақсаттары мен таңдалған формат сабақ/іс-шара міндеттеріне толық сәйкес келеді. Сабақтың/іс-шараның құрылымы қисынды, барлық элементтер мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
|
Мақсаттар мен формат жалпы алғанда міндеттерге сәйкес келеді, кездесу құрылымы негізінен қисынды, бірақ кейбір элементтер мақсаттарға қол жеткізуге толық ықпал етпейді.
|
Мақсаттар белгіленген, бірақ әрдайым таңдалған форматпен байланысты емес. Кездесу құрылымы ішінара қисынды, байланыссыз немесе артық элементтер бар.
|
Мақсаттар белгіленбеген немесе кездесу форматымен байланысты емес. Құрылымы ретсіз, кездесу элементтері мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етпейді.
|
|
1.4
|
Ойлау дағдыларын дамыту және рефлексия
|
Сұрақтар/тапсырмалар сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне толық сәйкес келеді, ойлау дағдыларының дамуын ынталандырады.
|
Сұрақтар/тапсырмалар көбінесе сабақтың/іс-шараның мақсаттарына сәйкес келеді, ойлауға және талқылауға ықпал етеді, бірақ ойлаудың барлық деңгейлерін дамытпайды.
|
Сұрақтар/тапсырмалар сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне ішінара сәйкес келеді, негізінен ақпаратты қайта жаңғыртуға бағытталған.
|
Сұрақтар/тапсырмалар кездесу мақсаттарымен байланысты емес, қатысушылардың ойлануын немесе ойлауын дамытуды ынталандырмайды.
|
|
1.5
|
Жеке тәсіл және кездесу мазмұнын бейімдеу
|
Оқыту/тәрбиелеу барлық қатысушылардың қабілеттерін, дайындық деңгейін және жеке қажеттіліктерін толық ескереді. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері толық ескеріледі.
|
Оқыту/тәрбиелеу қатысушылардың көпшілігінің қабілеттері мен жеке қажеттіліктерін көбірек ескереді, кейбір элементтер әртүрлі топтарға бейімделген, бірақ жүйелі емес. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері көбірек ескеріледі.
|
Оқыту/тәрбиелеу жекелеген қатысушылардың қабілеттері мен жеке қажеттіліктерін ішінара ескереді. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері ішінара ескеріледі.
|
Оқыту/тәрбиелеу қатысушылардың қабілеттері мен жеке қажеттіліктерін ескермейді. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері ескерілмейді.
|
|
1.6
|
Ресурстарды пайдалану
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, күтілетін мақсаттар мен қатысушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін ресурстар көзделген.
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, күтілетін мақсаттарға сәйкес келетін, бірақ қатысушылардың жеке қажеттіліктерін ескермейтін ресурстар көзделген.
|
Сабақтың/іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталмаған және күтілетін мақсаттар мен қатысушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін ресурстар көзделген.
|
Ресурстар қарастырылмаған.
|
|
2
|
Білім алушылармен жұмыс істейтін педагогтердің жұмысына мониторинг жүргізу
|
||||
|
2.1
|
Бағалаудың түрлері мен нысандары
|
Барлық білім алушылардың алға қойылған оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуіне ықпал ететін бағалау түрлері мен нысандары қолданылады.
|
Білім алушылардың көпшілігінің алға қойылған оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуіне ықпал ететін бағалау түрлері мен нысандары қолданылады.
|
Қолданылатын бағалау түрлері мен нысандары білім алушылардың алға қойылған оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуіне әрдайым ықпал ете бермейді.
|
Бағалау түрлері мен нысандары жоқ.
|
|
2.2
|
Кері байланыс ұсыну
|
Қатысушыларға дамуға бағытталған бағалау критерийлері негізінде сындарлы кері байланыс беріледі.
|
Қатысушыларға бағалау критерийлері негізінде сындарлы кері байланыс беріледі.
|
Қатысушыларға жалпыланған кері байланыс беріледі.
|
Қатысушыларға кері байланыс берілмейді.
|
|
3
|
Рефлексия
|
||||
|
3.1
|
Мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу
|
Қатысушылармен бірге сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері талданады, олардың ілгерілеуі тіркеледі.
|
Қатысушылармен бірге сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері талқыланады, олардың ілгерілеуі тіркеледі.
|
Қатысушылармен бірге сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері белгіленеді, бірақ олардың ілгерілеуі тіркелмейді.
|
Сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері талқыланбайды.
|
|
3.2
|
Сабақтың/іс-шараның қорытындысы
|
Даму саласы сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес анық және нақты айқындалады.
|
Даму саласы нақты емес, бірақ сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес айқындалады.
|
Даму саласы сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелерімен сәйкес келмейді.
|
Сабақтың/іс-шараның қорытындысы шығарылмаған.
|
Күшті жақтары (кәсіби, әлеуметтік және тұлғалық құзыреттілік): _______________________________________________
Ұсынымдар (кәсіби, әлеуметтік және тұлғалық құзыреттілік): _______________________________________________
Жиыны: 39 балл (макс. егер білім алушылармен жұмыс істесе); *33 балл (егер мұғалімдермен жұмыс істесе)
|
максималды баллдан %
|
|
|
«Бірінші деңгей»
|
90
|
|
«Базалық деңгей»
|
80
|
|
«Деңгейсіз»
|
70
|
Қысқартулар мен аббревиатуралар:
МЖБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
ЕБҚ – ерекше білім беру қажеттіліктері;
ЦБР – цифрлық білім беру ресурсы.
