Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8275 тіркелді.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2015 № 676 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда — ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бөбек жасындағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топқа / мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (5 жастағы балалар) бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.09.2022 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
      Министр Б. Жұмағұлов

 

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына
1-қосымша

Бөбек жасындағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Рет № Ұйымдастырылған іс-әрекет* Жас топтары
ерте жас тобы (1 жастағы балалар) кіші топ (2 жастағы балалар)
1 Дене тәрбиесі аптасына үш рет аптасына үш рет
Дене тәрбиесі** күн сайын күн сайын
2 Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет күн сайын күн сайын
3 Сенсорика күн сайын күн сайын
4 Қоршаған әлеммен таныстыру күн сайын күн сайын
5 Сурет салу күн сайын
Мүсіндеу күн сайын күн сайын
Жапсыру күн сайын
Құрастыру күн сайын
6 Музыка аптасына бір рет аптасына бір рет
Музыка*** күн сайын күн сайын
7 Арнайы түзету іс-әрекеті күн сайын күн сайын

Жүктеу

Ескерту:

*Ұйымдастырылған іс-әрекет — «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру міндеттерін іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

** Бөбек жасындағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

*** Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы ән айтуға, музыка тыңдауға, әндерді жаттатуға, импровизацияға, музыкамен ырғақты қозғалыстарға, балалардың шулы аспаптарында ойнауға және музыкалық іс-әрекеттің басқа түрлеріне уақыт бөлінеді.

**** Арнайы түзету іс-әрекеті арнайы және жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда, арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына
2-қосымша

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.10.2018 № 556 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда — ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Рет № Ұйымдастырылған іс-әрекет* Жас топтары
ортаңғы топ
(3 жастағы балалар)
ересек топ
(4 жастағы балалар)
1 Дене тәрбиесі аптасына үш рет аптасына үш рет
Дене тәрбиесі** күн сайын күн сайын
2 Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет күн сайын күн сайын
Қазақ тілі аптасына бір рет аптасына бір рет
Қазақ тілі *** күн сайын күн сайын
3 Сауат ашу негіздері
4 Математика негіздері күн сайын күн сайын
5 Қоршаған әлеммен таныстыру күн сайын күн сайын
6 Сурет салу күн сайын күн сайын
Мүсіндеу
Жапсыру
Құрастыру
7 Музыка аптасына бір рет аптасына екі рет
Музыка**** күн сайын күн сайын
8 Арнайы түзету іс-әрекеті***** күн сайын күн сайын

Жүктеу

Ескерту:

* Ұйымдастырылған іс-әрекет — «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру міндеттерін іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

***Басқа тілдерде оқытатын топтарда мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы педагогке бағдарлама айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салтымен және дәстүрімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалардың шулы аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.

*****Арнайы түзету іс-әрекеті арнайы және жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда, арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.

 

Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топқа / мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (5 жастағы балалар)

Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды — ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2014 № 479 (алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысққа енгізіледі); жаңа редакцияда — ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Рет№ Ұйымдастырылған іс-әрекет*/ Балалардың іс-әрекеті Аптадағы өткізу жиілігі Аптадағы нормативтік жүктеме
1 Дене тәрбиесі 3 сағат
Дене тәрбиесі** күн сайын
2 Сөйлеуді дамыту 2 сағат
Көркем әдебиет 2 сағат
Қарым-қатынас іс-әрекеті күн сайын
Қазақ тілі 2 сағат
Қазақ тілі*** күн сайын
3 Сауат ашу негіздері 3 сағат
Қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет күн сайын
4 Математика негіздері 3 сағат
Танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті күн сайын
5 Қоршаған әлеммен таныстыру 2 сағат
Зерттеу іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, қарым-қатынас
іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті
күн сайын
6 Сурет салу 1 сағат
Мүсіндеу
Жапсыру
Құрастыру
7 Шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті күн сайын
Музыка 2 сағат
Музыка**** күн сайын
8 Барлығы 20 сағат

Жүктеу

      Ескерту:

*Ұйымдастырылған іс-әрекет — «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру міндеттерін іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

**Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы Үлгілік бағдарламада айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салтымен және дәстүрімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыка тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалардың шулы аспаптарында ойнау және басқа музыкалық іс-әрекетке уақыт бөлінеді.

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх