Балабақшадағы тәрбие – болашақтың бастауы

Маханова Айдана Бақытжанқызы
Балабақша: Нұр-Әлемі балабақшасы


Аннотация

Бұл мақалада балабақша жағдайындағы тәрбие жұмысының маңызы, баланың дамуына әсері және тәрбиешінің күнделікті тәжірибесі қарастырылады.

Кіріспе

Мен үшін бала тәрбиесі ең жауапты әрі маңызды жұмыс. Бала кішкентай кезінен бастап қандай ортада өссе, соған қарай қалыптасады. Сондықтан балабақшадағы тәрбие – жай ғана жұмыс емес, үлкен өмірге бастайтын жол деп ойлаймын.

Негізгі бөлім

Балабақшада бала тек әріп немесе сан үйреніп қана қоймайды, ол адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды, бір-бірін тыңдауды, тәртіп сақтауды үйренеді. Осы нәрселердің бәрі кейін оның мінезін қалыптастырады.

Тәрбиеші ретінде мен күнделікті жұмыста балаларға тек білім беруге емес, олардың жүрегіне жол табуға тырысамын. Әр баланың мінезі әртүрлі болғандықтан, оларға жеке қарап, түсіністікпен қарау өте маңызды.

Сабақ барысында ойын арқылы оқыту, қол еңбегі, шығармашылық жұмыстар қолданамын.

Іс-тәжірибемнен

Өз тәжірибемде байқағаным – балаға айтқаннан гөрі көрсеткен әсерлі болады. Ұжымдық ойындар арқылы балалар бір-біріне көмектесуді үйренеді, ал шағын тапсырмалар олардың өзіне деген сенімін арттырады.

Сонымен қатар ұлттық тәрбиеге де көңіл бөлемін.

Қорытынды

Қорытындылай келе, балабақшадағы тәрбие – баланың болашағын қалыптастыратын ең алғашқы әрі маңызды қадам.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ыбырай Алтынсарин еңбектері
    2. Ахмет Байтұрсынұлы мұралары
    3. Мектепке дейінгі тәрбие стандарты
    4. Педагогика негіздері

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх