Қасақана қылмыс және айыппұл

Болысбайұлы Дарын
Тұран университеті, Құқықтану мамандығы, 1 курс
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна

Аңдатпа: Мақалада қасақана қылмыс пен оған қатысты қолданылатын жазалардың бірі – айыппұл туралы толық ақпарат беріледі. Автор өз досының қатысы бар оқиғаны мысалға ала отырып, қасақана қылмыс қоғамға тигізетін әсері мен жазаның қоғамда әділеттілікті орнатудағы рөлін талқылайды. Сонымен қатар, айыппұлдың қылмыс жасаушыларды түзетуге және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қандай ықпал ететіндігі қарастырылады.Мақалада қылмысқа қарсы күрес жолдары,құқықтық тәрбиенің рөлі және қоғамның жауапкершілігі туралы ойлар айтылады.

Кілт сөздер: қасақана қылмыс,айыппұл,құқықтық тәртіп,әділеттік,қылмыстық жазалар,қоғамдық қауіпсіздік,қоғам,құқықтық мәдениет

Аннотация: В статье представлена полная информация о преднамеренных преступлениях и одном из видов наказания за них — штрафе. Автор, используя пример из жизни своего друга, рассматривает влияние преднамеренного преступления на общество и роль наказания в установлении справедливости в обществе. Также обсуждается, как штраф влияет на исправление правонарушителей и поддержание общественной безопасности. В статье затрагиваются вопросы борьбы с преступностью, роли правового воспитания и ответственности общества.

Ключевые слова: преднамеренное преступление,штраф,правопорядок,справедливость,угаловные наказание,общественная безопасность,общество, правовая культура

Abstract: The article provides detailed information about premeditated crimes and one of the punishments applied to them – fines. The author, using an example from a personal experience involving a close friend, discusses the impact of premeditated crimes on society and the role of punishment in establishing justice within the community. Additionally, the article examines how fines influence the rehabilitation of offenders and the maintenance of public safety. The article also explores methods of combating crime, the role of legal education, and the responsibility of society.

Keywords: intentionаl crime,finе,law order, justicе, criminal punishment, public safety, society, legal culture

Кіріспе:

Қасақана қылмыс — бұл қоғамның тыныштығын бұзатын, адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және оларды физикалық немесе психологиялық тұрғыда зақымдайтын әрекет. Қылмыстың салдары ауыр болғандықтан, оған қарсы күресудің әртүрлі тәсілдері қарастырылуда. Осы мақалада қасақана қылмысқа және оған қатысты қолданылатын айыппұл мен басқа да жазаларға талдау жасалады. Досымның оқиғасы осы мәселені терең түсіндіріп қана қоймай, қазіргі құқық қорғау жүйесінің жасап жатырған жұмысын және де, әділеттілікті орнату, қоғамның бұл мәселеге қалай жауап беру керектігін ашып көрсетеді.

Бұл мақалада қасақана қылмыстың мәнісі,түрлері,себептері мен салдары, айыппұлдың қылмысқа қарсы күрестегі рөлі,сонымен қатар қылмыстың алдын алу жолдары жан-жақты қарастырылады.Менің бұл тақырыпты қозғауымның басты себебі жақын адамымның ауыр оқиғасы. Бұл жағдай менің өміріме еш ұмытылмайтын,әрі сабақ болатын із қалдырды және қылмыс мәселесіне басқаша көз-қараспен қарауға мәжбүр етті. Осы оқиға арқылы қылмыстың қаншалықты ауыр екенін,оның зардаптарының қаншалықты орны толмас екенін, айыппұлдың әрқашан тиімді жаза бола бермейтінін жеткізгім келеді.

Мақсаты: Қасақана қылмысқа және айыппұлға қатысты мәселелерді талдап, қылмыстың қоғамға тигізетін әсері мен жазаның маңыздылығын қарастыру.

Міндеті:

Қасақана қылмыс пен айыппұл туралы түсінік қалыптастыру.

Айыппұлдың әлеуметтік және құқықтық маңызын анықтау.

Қылмысқа қарсы күрес жолдарын көрсету және құқықтық тәрбиенің рөліне тоқталу.

Қоғамның жауапкершілігін арттыру үшін қандай шаралар қабылдануы керек екенін анықтау.

Негізгі бөлім:

Қасақана қылмыс дегеніміз не?

Қасақана қылмыс – бұл құқық бұзушының жасаған әрекетінің алдын ала ойластырылған, әдейі жасалған әрекет екендігін білдіреді. Бұл дегеніміз, қастандық жасаушы әр қадамын жоспарлап және өз іс-әрекетінен бұрын оның салдарын түсініп, белгілі бір мақсатпен заңды бұзады. Бұл қылмыстың басты ерекшелігі – қылмыскердің ниеті мен мақсатының алдын ала анық болуы.

Қасақана қылмыс және оның қоғамға әсері

Қасақана қылмыс – алдын ала жоспарланған, жәбірленушіге нақты зиян келтіру мақсатында жасалатын әрекет. Мұндай қылмыс түрлері қоғамға үлкен қауіп төндіреді, өйткені олар тек жәбірленушіні ғана емес, оның жақындарын, отбасы мен қоғамды да зардап шектіре алады. Досымның оқиғасы, оның құрдастары арасындағы түсініспеушілік нәтижесінде қасақана қылмысқа ұласып, оны ауыр жағдайға әкелді. Бұл оқиға қоғамдағы қылмыстың алдын алу және құқық қорғау жүйесінің маңыздылығын айқындайды.

Қасақана қылмыс, айыппұл және адам тағдыры: жақынымның оқиғасы

Қоғамдағы әрбір қасақана қылмыс, оның салдарынан адам өмірінің қиылуы – бұл тек құқық бұзушылық емес, рухани күйзеліс әкелетін оқиға. Менің досымның тағдыры – осының айқын мысалы. Оның күтпеген жерден пышақ астына түскені,оның өміріне ғана емес, біздің өмірімізге де үлкен сабақ болды. Бұл оқиға тек менің досымның жеке тағдыры ғана емес, қоғамдағы үлкен әлеуметтік мәселелердің бар екендігін көрсетті: қасақана қылмыс, жазалау жүйесінің әділдігі, және заң алдындағы жауапкершілік.

Қaсақана қылмыс-адамзат қоғамын ежелден мазалаған күрделі әлеуметтік мәселе. Ол жалғыз адамның тағдырына ғана емес,тұтастай қоғамның қауіпсіздігіне,тұрақтылығына және дамуына нұқсан келтіреді. Қасақана қылмыс,өз атауынан көрініп тұрғандай, адамның әдейі жасаған іс-әрекеті,яғни қылмыскер өз әрекетінің салдарын алдын ала біле тұра,оны жасайды. Бұл қылмыстың басқа түрлерінен ерекшелейтін негізгі фактор.

Зиян келтіру ниетінің болуы қылмыстың ауырлығын арттырып,жазаның да қаталдау болуына-айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейін әкеп соғады.

Айыппұл, матералдық шығын келтіреді, бірақ кейбір жағдайларды ол қылмыстың келтірген зардабын өтемейді. Мысалы адам өмірін қию сияқты ауыр қылмыстарда ешқандай айыппұл шығынды өтей алмайды.

Қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы ашушаңдық, тәрбие кемшіліктері, дұрыс емес орта қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік-осының бәрі қасақана қылмыстарға итермелейтін негізгі фактор болып табылады.

Айыппұлдың әлеуметтік маңызы және қылмыс түзету

Айыппұл – қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын жазаның бір түрі болып табылады, ол қылмыстық заңға сәйкес белгіленеді. Айыппұлдың басты мақсаты – қылмыскердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру және оның жасаған әрекетіне сәйкес жаза қолдану. Бұл жаза, әдетте, қылмыс ауырлығы мен оның салдарына байланысты белгіленеді. Айыппұлдың тиімділігі көбінесе оның сомасына, сондай-ақ қылмыскердің қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-құлқына тәуелді болады. Айыппұлдың әділетті қолданылуы ғана қоғамдағы тәртіпті қалпына келтіруге және қылмыскердің түзелуіне ықпал ете алады.

Қылмысқа қарсы күрeс жолдары және құқықтық тәрбиенің рөлі

Қылмысқа қарсы күрес жүргізуде құқықтық тәрбие маңызды рөл атқарады. Жастарға құқықтық білім беру, оларды заңды құрметтеуге тәрбиелеу және қылмыс жасаудың салдарын түсіндіру арқылы қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендетуге болады. Құқықтық тәрбие қоғамдағы әділеттілік пен бейбітшілікті сақтаудың маңызды құралы болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау мен психологиялық көмек көрсету, қылмыскерлердің қоғамға қайта бейімделуіне жол ашады.

Айыппұл және қасақана қылмыс үшін қолданылатын жазалар Қасақана қылмыс үшін заңда нақты жазалар қарастырылған. Алайда, тек жаза арқылы қылмыстарды шешу мүмкін емес. Қылмыскердің қайтадан қоғамға бейімделіп, түзелуі үшін оған психологиялық көмек пен реабилитация қажет. Қылмыстық жазаның тиімділігі мен оны қолданудың әділдігі үлкен сұрақ туғызады.

Айыппұл немесе түрмеге қамау: Жазаның түрлері мен оларды қолданудың маңызы:

«Қасақана қылмыс жасаған тұлға үшін жазалау шаралары оның ауырлығына, қылмыстың салдарына байланысты анықталады. Заң бойынша, қасақана кісі өлтіру немесе ауыр дене жарақаттарын салу үшін ауыр жазалар қарастырылады. Бұл түрдегі қылмысқа қатысты айыппұл жеткіліксіз болады».

Менің досымның трагедиясынан кейін бұл сұрақтар мені жиі мазалайды: «Айыппұл немесе басқа жеңіл жазалар қасақана қылмыс жасаған адамдар үшін жеткілікті ме? Әр қазаға әділетті жауап бар ма?» Қасақана қылмыс жасаған адамдарды қоғам үшін қауіпті тұлға ретінде есептеу керек. Айыппұл немесе жеңіл жазалар мұндай әрекеттерді толықтай тоқтата алмайды, және бұл жазалардың ауырлығы қылмыстың көлеміне, оның қоғамға тигізген зиянына байланысты болуы тиіс.

Әділдік іздеуде: Қылмыскерлердің алар жазасы және қасақана қылмыстың салдары

Менің досымның бір өлімнен аман қалуы – бұл жеке бір адамның ғана емес, бүтін бір қоғамның көз алдында болатын жан түршіктірер жайт. Бұл оқиға тек заңға ғана емес, барлық адамдарға, жалпы қоғамға жауапкершілік жүктейді. Егер қасақана қылмыс жасаған адамдар әділ жазасын алмаса, онда қоғамның құндылықтары мен құқықтық жүйесіне деген сенім бұзылады.

Бұл трагедияның маған үйреткені – әрбір адамның өмірі қымбат, және біз осы өмірді құрметтеуіміз керек. Қасақана қылмыс жасаған адамдар үшін заңның қатаңдығы маңызды. Бірақ сонымен қатар, қоғамның өздігінен адам өміріне құрметпен қарап, қылмыскерлерді тек қылмыстық жауапкершілікке тартуға ғана емес, қайта тәрбиелеуге, олардың қоғамда қайтадан дұрыс жолға түсуіне көмек көрсету керек.

Қасақана қылмысқа қарсы күресте заңның қатаңдығы мен әділдігі ғана емес, адамдық тұрғыда жауапкершілік сезімі де маңызды. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін әр адам қоғамның бір мүшесі ретінде өз жауапкершілігін сезінуі қажет. Қылмыстың салдарын алдын алу үшін барлық тараптар – құқық қорғау органдары, сот жүйесі, және қоғамның өзі де бірлесіп әрекет етуі тиіc.

Қорытынды:

Қасақана қылмыс қоғамдағы ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады, өйткені ол адам өмірін, қауіпсіздігін және қоғамдағы тыныштықты бұзады. Қасақана жасалған қылмыс тек қылмыскердің ғана емес, барлық қоғамның зардап шегуіне әкеледі. Менің жақынымның трагедиясы осыны терең түсінуге көмектесті. Қоғамда осындай жағдайды басынан кешіріп жатырған, тіпті сорақысын көріп жатырғандар жетерлік. Бұл уақытта отбасына оңай болмайтыны сөзсіз. Қоғамдағы әр адам жаны аманат, адам жанымен ойнау және қылмыс жасау бұл ақылға сыймас тірлік.

Қасақана қылмыс жасаған адамдарға қатысты заңның қатаң болуы қажет. Айыппұл немесе жеңіл жазалар қылмыскерді қоғамға қауіпсіз емес тұлға ретінде қарастыруды қамтамасыз етпейді. Түрмеге қамалу, қоғамдық жұмыстарға тарту және қылмыскердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру сияқты шаралар оның әрекетінің салдарын толық түсініп, қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды сақтауға бағытталған болуы тиіс.

Бұл мақалада қарастырылған мәселе қоғамның әділдікке деген сенімін қалыптастыру үшін маңызды. Әділеттілік пен заңның қатаңдығы қасақана қылмыстардың алдын алу үшін ғана емес, жалпы құқықтық жүйенің тиімділігін көрсетеді. Алайда, тек жазалау емес, адамның қайта тәрбиеленуі, қоғамға қайта оралуы да маңызды. Бұл құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. (2021). Алматы: Заң әдебиеті.
  2. Ашимов, Т. А. (2020). Қылмыстық құқық. – Алматы: ҚазМҰУ баспасы.
  3. Омаров, А. (2017). Қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қылмыспен күресу. – Алматы: Жеті жарғы.
  4. Кожахметова, Д. (2022). Қылмыс пен жазаның әлеуметтік салдары. – Алматы: Қазақстан университеті.
  5. Аманжолов, С. (2021). Қоғамдағы қылмыс және құқық қорғау жүйесінің рөлі. – Алматы: Ғылым.
  6. Мухамеджанов, Р. (2019). Қылмыстық құқықтың теориясы мен практикасы. – Алматы: Дәуір.
  7. Шаханов, М. (2016). Қасақана қылмыс: Заңдық және әлеуметтік аспектілер. – Астана: Білім

 

Басқа мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать − 2 =