Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі

Серикбекова Назира Жақыпбайқызы
Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Хиуаз Доспанова атындағы № 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Әлеуметтік педагог

«Бала тәрбиесі бұл көрсе қызар еңбек емес,ол ауыр жан күйзелісін,күш-қуат,ұйқысыз түндер мен аса көп ойластыруды қажет ететін тапсырыс». Януш Корчак.

Мақсаты:

  • Ата-ана бала өміріндегі орны мен ролі туралы ойтүрткі салу.
  • Өз баласын жақсы тану,көмек және кеңес беру.
  • Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.

Отбасының көз қуанышы- бала.Сондықтан да «балалы үйбазар,баласыз үй мазар»,деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған.Отбасы-адам баласының түп қазығы,алтын ұясы.Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бестап,ол ортаның ыстық суығына бейімделіп,ықпалына көніп,осында ер жетеді.Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.

Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке бірлікті түсіністікті сақтауы,сонымен қатар әр отбасы мүшесінің арасында сыйластық болуы тиіс.Ата-ана үшін баланың бәрі жақсы,бәрі бірдей.Ешкім баласын жаман болсын демейді.Оларды өсіріп тәрбиелеу үшән бар білгендерін тәлім-тәрбиесін аямайды. «Балаға нені үйрету керек,қалай үйрету керек?» деген мәселе ата-аналар алдындағы жауапты міндеттің бірі.Ең алдымен, әрбір адам өз әрекеттеріне жауап берудібала жасынан үйретіп қоғамдағы міндетін оның білуі өзгелердің құқығына құрмет көрсетуге дағдылануы тиіс.Біздің қазіргі үлкен бірден-бір проблемамыз ата-ана меен балалардың арасындағы келіспеушілік,ұрыс-керіс.Сол келіспеушіліктің салдарынан үйден қашып кету,өзіне-өзі қол жұмсау,ұрлық жасау,зорлық-зомбылық т.б. Сол келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында ата-аналармен жиналыс жасап сауалнамалар жүргізген жұмысымды сіздерге көрсеткім келді.

Шақырылған ата-аналарды «Әке», «Ана» деп жазылған қағазқималары арқылы екі топқа бөлдім.Топқа бөлінген ата-аналарға: «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» атты тест сұрақтарын тарқаттым.Тест 8 сұрақтан құралған.Алғашында ата-аналарға сұрақ оңай сияқты түйілгенмен ,сұраққа жауап бере алмай мүдіріп калған ата-аналар да болды.Тест сұрақтарына жауап берген ата-аналарға «бала тәрбиесіне тағы да жұмыс жасау керек екенін»-деген үлкен ой салды.

 

І. Өз балаңызды жақсы білесіз бе?

  1. Балаңыздың ең жақын досы кім?
  2. Балаңыздың сүйікті асы кандай?
  3. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?
  4. Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?
  5. Балаңыздың сүйікті пәні кандай?
  6. Балаңыз кімді үлгі тұтады?
  7. Балаңыздың сүйікті түсі кандай?
  8. Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?

 

ІІ- бөлімде ата-аналарға берілген тапсырма «Ата-ананың отбасында бала тәрбиесіндегі рөлі қандай?» атты тақырыпта постер қоргау тапсырылды. Екі топтағы ата-аналар  да өз ойларын жарыса қағаз бетіне суреттеп,кесте түзіп,смайлингтер жапсырып,жазп жатты.Бұл тапсырма ата-аналарға қызықты өтті.Соңынан өз ойларын ортаға салып ,салған суреттері мен кесте,смайлингтерін ортаға салып,қызу пікірталас болды.

ІІІ бөлімде  «Отбасындағы әке мен бала,ана мен қызы арасындағы түсініспеушіліктердің адын-алу жолдары.»

Ата-аналардың баламен қарым — қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.

  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

(«Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім  келеді. Оқу

озаты немесе  оқу екпіндісі   боласың» — деп, үміт артуы керек.)

  1. Неге сен басқа балалардай емессің?

(«Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де

қолыңнан келеді» — деп, сенім артуы керек.)

  1. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің

кір — кір.  («Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» — деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.)

  1. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

(«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама»)

Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

(«Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.)

  1. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.

( Балам бүгін  жұмыстан сұрана  алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын)

  1. Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.

(Қателеспейтін адам болмайды, мен саған сенемін, сырлас болайық.)

  1. Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.

(Сен туралы айтылған әрбір жақсы сөз маған күш, қуат береді.)

 

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін   қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай  айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы  мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап  емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.

Отбасы қарым-қатынасындағы қуатты күшке ие,көзге көрінбейтін ықпал,әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да сезініп-түйсінеді.Ер бала болсын,қыз бала болсын әке-шешесі не істесе де оған үлгі өнеге содан үйренеді,көргенін бірде болмаса,бірде қайталайды.Баланың балғын ойымен сенімі –алдында ең беделді тұлға әке,әлеуетті,ақылды, білімдар әке.Ата- ананың ықпалы өзінен –өзі  көреді, ал бір көргенін тағы бір,сосын тағы бір рет көрген соң ,ол мәңгі есте қалып,санасынан мықтап орын алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *