Ұмыт болған салт дәстүр “Аунату”,”Туған жерге аунату”

Жетекші:Phd,аға-оқытушы Алтаева Н.С.

Орындаған:Қойшыбек Бекнұр 

https://www.kaznu.kz/

 

Аннотация.Бұл мақалада көтерілетін басты мәселе-қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлері.Соның ішінде «Аунату», «Туған жерге аунату» секілді көп елене бермейтін көнеден келе жатқан дәстүрлері.Бұл жерде біз осы дәстүрлердің қалай орындалатындығын,екеуінің айырмашылығын жіктеп көрсетеміз.Көп ретте осы екі дәстүрді  атауларына қарай бірдей деп ойлап жатады.Алайда олардың үлкен айырмашылығы бар екендігін атап өтеміз.

Түйінді сөздер:

Аунату,туған жерге аунату,салт-дәстүр,жаһандану,мәдениет,туған жер,болашақ.

 

Қазақта керемет сөз бар:«Ел болам десең бесігіңді түзе».Осы сөздің астарына біз үңіліп көрдік пе?Ел болу үшін,бір ұлт,бір жұдырық болу үшін сол халықтың ең алдымен тілі,діні,ділі,мәдениеті,салт-дәстүрі болуы қажет.Осы факторлардың ішінде маңыздыларының бірі де осы салт пен дәстүр.Өйткені,салт-дәстүр біздің өткенімізден,тарихымыздан хабар береді.Біздің болашағымыздың болуы және оның қалыптасуы осы кейбір еленбейтін факторларға келіп тіреледі.Өзге елге ең алдымен тіліңмен және салтыңмен таныласың деп бекер айтпаған.

Ұлттық бірегейлікті сақтап,мәдениетті дамытуда салт-дәстүрдің маңызы зор.Біздің құндылықтарымызға айналған салт-дәстүр,әдет-ғұрыптарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мүдірмей еш өзгеріссіз сақталуы ол қазіргі таңдағы біздің мойнымызға жүктелген үлкен міндет.Жаһандану заманында түрлі мәдениеттер мен өркениеттер тоқтығысында біздің де бір толқында болуымызда осы салт-дәстүр мен әдет-ғұрып үлкен рөл атқарады.

Әр халық өзіндік болмысымен,рухани құндылықтарымен ерекешеленеді.Ал қазақ халқы әрине салт-дәстүрге бай халық.Әр заманның өзіндік ерекшелікке толы салт-дәстүрі болған.Күні бүгінге дейін біздің ата-бабамыздан қалған рухани бай мұрамыз сарқылған емес десек те болады.

Қазақ халқының әр салты мен дәстүрі терең мән-мағынаға толы.Біздің салт-дәстүрлеріміз көп ретте адамгершілік,жан тазалығы және рухани құндылықтарымызды молайтуға шақырады.Жас ерекшеліктеріне байланысты да дәстүрлеріміз бар.Оларда әр нәрсенің өзінің орны болатындығын насихаттайды.Бұлардың барлығы парқына барып қарасақ барлық нәрсені терістеу немесе оған кедергі қою емес керісінше,адам өміріне салғырт қарамаудан,оның өмірінің соңына дейін өзінің өміріне немесе тұрмысына зиян тигізетін факторлардан сақтау деуге болады.

Е.Тұрысов:-«Бұл жарық дүниеде өмір сүріп жатқан қайсыбір халық болмасын,оның ұлттық болмысы,салт-сана,дәстүрімен ғана ерекеше.Сол ерек жаратылысымен,тілі,ділі арқылы ғана қымбат екені даусыз».Осыдан мынадай ой қалыптастырамыз.Өз уақытында дәріптеліп,құрметтелген салт-дәстүр өз заманында да ерекше орын алып,ұлт болашағының жарқын болуына себепші құрал болып келеді.Ол халықтың-айнасы,бейнесі десек те болады.Салт пен сана қатарласса онда,ол халықтың болашағы да өміршең болмақ.

Уақыттың ағымына қарай дәстүрдің озығы қалып,тозығы сәйкесінше ұмыт бола бастайды.Қазіргі таңда расымен ұмытылған салт-дәстүрлер саны өте көп.Оларды тек көпті көрген ақсақалдар мен ақ жаулықты абыз аналарымыздан біле аламыз.Бүгінгі мақаланың да өзегі де осы жерде.

Бүгін қозғайтын мәселе «аунату», «туған жерге аунату» салт-дәстүрлері.Бұл екі салтты көп ретте шатастырып,атаулары өзгерген бір салт деп ойлайды.

Көне заманнан қалған бұл дәстүрлердің екеуі де қазіргі таңда өте сирек қолданыста.Атаулары ұқсас болғанымен,бұлардың өзіндік ерекшеліктері бар.

«Аунату»дәстүрі.Бүкіл ауыл-аймаққа үлгі қария,ақсақал,білімпаз азамат,елге сыйлы,дарынды адамдар әрқашан алдыңғы орында болатыны белгілі.Қазақ мұндай кісілерді үнемі құрметтеп,тіпті балаларын олардың алдынан өткізіп,батасын алуға асыққан.Ескіліктен қалыптасқан аунату дәстүрінің де мәні осында.Бір отбасына жоғарыда атағандай,тәрбиесі мен келбеті жарасқан ірі тұлға қонаққа келгенде ол отырған орындыққа не жатқан төсекке баласын аунатып алған.Аунату салты ұмыт болғанымен,игі істерге бастайтын құндылық екенін мойындау керек.Оны ата-бабамыз бүгінге дейін қолданған.

Кей деректер бойынша Шыңғыс Айтматовтың үйіне жазушы Мұхтар Әуезов келген екен.Сол кезде Шыңғыс Айтматов баласын сол кісі отырға орындыққа аунатып алған деседі.Бұл аунату дәстүрінің де ерекшелігі осыда.Яғни,сол беделді адамға ұлы ұқсасын деп соның жолын берсін,сол секілді ұлы адам болсын деген ниетте жасалатын дәстүр.

«Туған жерге аунату» дәстүрлі.Бұл салт несімен ерекшеленеді:жыраққа көшіп,сонда қоныстанған не болмаса ұзақ уақытқа туған елінен алысқа сапар шегіпкеткен ер балалар араға ұзақ жылдар салып отанына келеді.Сонда оның ата-анасы мен жақын бауырлар туған өлкесіне аунатып алған.Олай істеудің себебі-туған жерді ұмытпай,азаматтық борышты өтеу керектігін көздесе,тағы бірі-бұл мекенде әке-шешесі,барлық ет-жақыны тұратынын есіне салғаны.Олардың алар орнын әр қашан қадірлеп,жанына мықтап байлап алуын көздейді.Турасына келгенде «туған жерге аунату» ұлттық дәстүрінің мәні мейлі біз қаншалықты туған елімізден жырақта жүрсекте,біз туған жерімізден кетсекте,туған жер бізден кетпейтіндігін көрсетеді.Бұл салт ата-бабаңның кіндік қаны тамған жері сен үшін маңызды орын алатындығын дәріптейді.Бүгінгі таңда шет елдегі қандастарымыздың туған елге келгенде жерімізді құшырлана,мейірленетіні де осыда.Қашанда кіндік қан тамған жер әр жаратылыс иесіне ыстық.Бұлбұл құста өз орманын аңсайды дегенде бекер айтылмаған сөз.

Көріп отырғандай,қазақ халқы қалыптастырған бұл екі салт өздерінше ерекше.Екі түрлі мән-мағынаға ие.Алайда екеуінің мақсаты бір.Ол-адамды жақсы қасиеттерге баулу.

«Аунату» салтында жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге тәрбиелесе, «туған жерге аунату» салтында туған жеріңді,ондағы туған халқыңды ұмытпау керектігін,шыққан тегіңді ұмытпаудың қажеттілігін көрсетеді.

Қорыта келе,қазақта осы күнге дейін қаншама салт өз қадір-қасиетін жоғалтты.Алдағы уақытта да осындай өрескел қателіктер орындалмас үшін біз ұмытылған салт-дәстүрлерді жаңғыртып,оларға мейлінше көп анықтама беріп,зерттеу жасаймыз.Бұл мақаланыңда басты мақсаты осыда.Келер ұрпаққа немесе өзіміздің жастарға бұл үлкен үндеу болса деген  ниеттеміз.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *