Қазақ халқының ұмытылған дәстүрі Айтыс
Казахский национальный университет им. аль-Фараби (kaznu.kz)
Орындаған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану 3 курс студенті Далбагаева Аружан
Жетекші: аға оқытушы, PhD Әлтаева Н.
Айтыс-ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.
Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер.
«Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс – қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады.
Айтыс-кез келген қaзақ мерекесінің мерекелік бағдарламасының мiндетті бөліктерінің бірі. Бұл қазақ әнші-импровизаторларының поэтикалық-музыкалық сайысы.
Айтыс кезінде оpындаушылaр бір-біріне қарама-қарсы отырады немесе тұрып, қарсылас бастаған тақыpыпты жалғастыра отырып, бір-біріне үнемі сөз беріп, ән диалогын бастайды. Айтыс кез келген еркін тақырыпта өткізілуі мүмкін. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз таңдалады. Құрметті адамдардан немесе мереке қонақтарынан тұратын қазылар алқасы тек музыкалық және орындаушылық талантты ғана емес, сонымен қатар қарсыластың дәлелдерін, әзіл-оспақ пен тапқырлықты бағалайды.
Айтыс қазіргі заманғы рэп-баттлдарға ұқсайды: дәл осындай қағида сөйлеу кезектілігінде және қатысушыларды бағалауда қолданылады.
Айтысқа бірнеше ақын қатыса алады, дегенмен жұптық қойылымдар дәстүрлі. Еркек пен әйел арасында айтыс жиі өткізіледі. Мысалы, 1946 жылы қазақстандық композитор Мұқан Төлебаев XIX ғасырдың белгілі ақындары Біржан-сал мен Сара Тастанбекқызы арасындағы айтыс негізінде “Біржан мен Сара” операсын жазды
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718