Көне Талхиз қалашығы

Қазақ даласы тарихи мәдени ескерткіштерге өте бай. Қазақстанның археологиялық ескерткіштері көрсетілген картаға назар аударатын болсақ, аталмыш картадан Жетісу өңірінде тарихи ескерткіштердің көп шоғырланғандығын көруге болады. Дегенмен, әлі де зерттелмеген тарихи ескерткіштердің бар екендігін ескерсек, зерттелмеген нысандар мен тарихи орындар қазіргі таңда білім алып жатқан студенттер мен оқушылардың болашақ еншісінде екендігін әрбір өткізілген сабақ барысында айтып отырамыз.

Жетісу өңіріндегі ортағасырдан жеткен тарихи ескерткіштердің бірі  Ортағасырлық Талхиз (Талғар) қалашығы.  Ортағасырлық Талғар (Талхиз) қалашығы VIII-XIV ғғ мерзімделінеді, Ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени, сауда, діни орталықтардың бірі. Алматы қаласының шығыс жағында 25 шақырым қашықтықта, қазіргі Талғар қаласының оңтүстігінде орналасқан. Қазіргі уақытта көлемі 298х302 м (9 га) болып келетін қалашықтың орталық бөлігі ғана сақталып қалған. Ортағасырлық Талғар қалашығы тарихи ескерткіш ретінде  1921 жылдан бастап зерттеле бастаған. Қалашық 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. 2018 жылдан бастап Ортағасырлық Талғар (Талхиз) қалашығы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне тұрақты пайдалануға берілген. Біз білім беретін оқу орында өлкетану пәні бойынша алдымен өтетін тақырыптарымыз өлкеміздегі Талғар қалашығымен тікелей байланысты. Сондықтан білім мекемесіндегі студенттерді мүмкіндікке қарай жыл сайын Ортағасырлық Талғар қалашығына апарып, ондағы мамандардың экскурсиясын тыңдатып, Талғар қалашығындағы мамандарды колледжімізге өлкеміздің тарихын терең білу мақсатында тақырыптық дәріс оқуға шақырамыз.  Мұндай үрдіс жыл сайын жалғасын табады деген ойдамыз.

Өлкеміздегі тарихи нысан Ортағасырлық Талғар қалашығының тарихи туралы қысқаша айта кететін болсақ, Талхиз қалашығы туралы алғашқы мәліметтер X ғасырдың соңында парсы географының «Худуд ал-Әлем» (Әлем шекаралары) атты еңбегінде Жетісудың аты аталған. Яғни түрік чигилдері мен қарлұқтар арасындағы тауларда орналасқан делінген. «Ортағасырлық географтардың сипаттамалары бойынша оның тұрғындары  жауынгер, батыл және ержүрек» екен. Ғалымдар Талғар қалашығын өзеннің оңтүстік шетіндегі ортағасырлық қоныстың қирандыларына қарап, Талғар тау шатқалымен тығыз байланыстырды. Осы күнге жеткен деректер бойынша «Үлкен Алматыдағы» ескерткіштердің көптігіне қарамастан, Талғар бес ғасырға жуық өмір сүрген қалашық екен. [Байпаков К. М., Савельева Т. В., Чанг К. 2005: 20-22]

Талғар қаласының оңтүстік шетінде, Талғар өзеннің оң жағалауындағы шатқалда орналасқан. Талғар қалашығы —  қолөнермен сауданың орталығы болған. Талғар шеберлері болат өндірудегі жасалатын құпияларды жетік меңгерген. Елді мекен — шамамен 300х300 м көлемді төртбұрышты аймақ, оның бұрыштары мұнаралы  қабырғалармен қоршалған. Қала маңындағы қабырғалардан тыс жерлерде оңтүстік бөлігінде күрделі бекініс болған екен. Қаланың орталық бөлігін барлық жағынан сауда және қолөнер дамыған ғимараттар құраған. Сонымен қатар қала 30 гектарға жуық аумақты алып жатқан екен. ХІХ ғасырдың екінші жартысында жүргізілген зерттеулер  археологиялық нысандардың ішіндегі ең ұзақ болған. Ежелгі Талғар қонысына сол кездегі көрнекті саяхатшылар мен ғалымдар П. П. Семенов-Тяншанский, Шоқан Уәлиханов, В. В. Радлов, Н. А. Северцов, Н. М. Пржевальский, Н. Н. Пантусов, акад. В. В. Бартольд және басқалары да келіп, қала тарихына қызығушылық танытқан [Савельева Т. В.1994: 35].

Ортағасырлық Талғар қалашығына жыл сайын археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Талғар қаласына жүргізілген көпжылдық зерттеу ортағасырдағы Жетісу өңірінің  қала мәдениеті жөнінде бай материалдар жинауға және өңдеуге үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

Талғар қалашығына жүргізілген зерттеулер соңғы жылдар және соңғы онжылдықта классикалық схема бойынша қазба жұмыстары, артефактілер туралы есеп жазылып жүргізіліп келеді. Алайда, болашақта өлкеміздегі қазба жұмыстарына біз білім беретін оқу орнынан қызығушылық танытқан студенттерді қатыстырсақ деген де жоспарымыз бар.

1921 жылы алғаш рет мәдени қабаттардың археологиялық ашылуын В.Д. Городецкий, 1930 жылдары А.Н. Бернштам зерттеген. Алайда, ескерткішке ХІХ ғасырдың ортасында Ш.Ш. Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, Н.Н. Пантусов, В.В. Бартольдтар барған уақыттан бері бір жарым ғасырдан астам уақыт өтті. Ескерткіштің зерттелу тарихы аңызға айналды. Өзен арқылы өтетін төрт өткелдің біреуі Іле өзені арқылы Талғар мен Есік өзеніне құятындығы туралы Ш. Уәлиханов жазды. Осылайша, Ұлы Жібек жолының Талғардан Іле өзеніне дейінгі тармақтары Талғар өзенінің бойымен Жетісу Алатауының бөктеріне дейін жетті. Жолдың тағы бір тармағы Іле өзенінің шығыс жақ бөктерімен жүрген [Савельева Т. В.1994: 42].

1960 жылдардың соңында К.М. Байпаков, Т.В. Савельева, И.И. Копылов сынды археологтар қалашықты зерттеумен айналысты, XX ғ 70-жылдарының басында Абай атындағы АМУ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жас мамандары аталмыш қалашыққа қазба жұмыстарын жасаудан бастады. Соңғы жылдары  Т.В. Савельевамен  жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары жүргізіп келді.

Талғар қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында және кездейсоқ (шаруашылық жұмыс барысында) табылған заттар аудандық және Қазақстандағы ең ірі музейлерге өткізіліп отыр. Бұл дегеніміз, Талғар қалашығын бүкіл Қазақстанға насихаттауға болатындығын көрсетеді. Қалашықта жан жақтан келген керуендер мен саудагерлердің әсерінен сауда саттық қарқынды дамығандығын осы күнге жеткен артефактілерден көруге болады. Қалашықта кез-келген темір бөлшектерін жөндеудің хас шеберлері жұмыс жасаған екен. Сырттан келушілер қалашыққа түрлі қалада және қолөнер орталықтарында жасалған шетелдік бұйымдарды қалдырып отырды, христиандық, буддистік, мұсылмандық, зороастрлық ғұрыптық табыну бұйымдар, қола құмыралар, шамдар, сәнді өрнектелген айналар, селадон тостағандары, зергерлік бұйымдар, қыш бұйымдар, әйнектер және тағы басқа заттар кеңінен таралды. Демек, жүз ғасырдан астам уақыт бері зерттеліп келе жатқан Талғар қалашығының әлі болса зерттелмеген тұстары мен ашылмаған сырлары бар екендігіне кәміл сенеміз.

Талғар агробизнес және менеджмент білім беретін колледжде өлкетану пәні бойынша жүргізетін сабақтарымыз алдымен Талғар біздің өлкеміз, Ұлы Жібек жолы, Ортағасырдағы қалалық мәдениет, біздің өлкедегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Іле Алатау ұлттық паркіне саяхат сынды тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар өңіріміздегі музейлерге саяхатпен жалғасын табады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

Байпаков К. М., Савельева Т. В., Чанг К. Средневековые города и поселения северо-восточного Жетысу. Алматы. 2005. 187 с.

Байпаков К. М., Савельева Т. В. Великий шелковый путь и урбанизация Казахстана // Центральная Азия на Великом Шелковом пути: диалог культур и конфессий от древности до современности. Алматы: Service Press, 2018.

Савельева Т. В. Оседлая культура северных склонов Заилийского Алатау в VIII–ХIII вв. Алматы: Гылым, 1994. 216 с.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *