БІЛІКТІ ПЕДАГОГ– ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ БАЙЛЫҒЫ

БІЛІКТІ ПЕДАГОГ– ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ БАЙЛЫҒЫ

 

автор Танабаева Құттықыз -Қазыбек би атындағы ЖББМ директоры

Аңдатпа

Бұл мақалада мұғалім қызметінің құндылығы мен бүгінгі күндегі рөлі сөз етіледі. Білікті мұғалім болу – елдің ертеңін жарқын ету. Біліктілікті арттыру, үнемі жаңашылдық пен дамуға ұмтылу – бүгінгі мұғалімнің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалім бойында болуы тиіс негізгі қасиеттер сараланып, біліктілікті арттыру жолдары көрсетіледі.

Тірек сөздер: білікті ұстаз, мұғалім, білім, оқу, тәрбие, құзіреттілік

 

Мектеп – келешекте ел мен жер басқарар, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер қасиетті ұя. Осы орайда, мектептің тірегі мен жүрегі білімі мен білігі жоғары маман – мұғалім. Мұғалім ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу барысында кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы маңызды. Білім берудің мақсаты ретінде 2015 жылғы тұжырымдамада «… терең білім мен кəсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген[1,3]. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалім қаншалықты білімді болса, құзыреттілік аясына кең болмақ.

Анасының әлдиін ұмыта қоймаған, әр отбасының еркесіне мейірім мен жүрек жылуын көрсетіп, бауырына басатын, білімді меңгертіп, мектепке деген шексіз махаббатын оятатын алғашқы ұстаздың орны ерекше екендігі баршамызға белгілі. Оқушының өмірдегі маңызды  білім саласының бөлігі – бастауыш білімді құрайды. Дәл осы бастауыш мектепте білімнің негізі қалана бастайды.

Бастауыш сынып мұғалімі білім беруде мына ережелерді үнемі есінде сақтап, өз жұмысында қолдануы керек:

  • Балаларды өз болмысымен қабылдап жақсы көру;
  • Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыра білуі;
  • Оқу материалдарын меңгеру жолдарының тиімді жолдарын ұйымдастыруы;
  • Білімді өмірмен байланыстыра қолдануды;
  • Жан-жақты, үнемі өзін дамыта алатын дарын иесі болуы;
  • Білімділік, төлімділік, икемділік, адалдық,талапшылдық сынды қасиеттерді бойымда қалыптастыру арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке баулу;

Әлемдегі кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі оның озық ғылымымен өлшенеді. Жаңа өнім, сапалы қызмет, технологиялық процестер – мұның бәрі ғылыми жаңалықтардың жемісі. Білім мен ғылымсыз дүниені тану, бәсекеге түсу, елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкін емес. Сондықтан мұғалімдер өз ісін асқан жауапкершілікпен, шексіз сүйіспеншілікпен жасауы керек.

Әрбір сабақты қызықты өтіп,білім алушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі нәтижесі мен мүмкіндіктерін мақтан ететіндей білім беруіміз қажет. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол. Осы орайда, білікті ұстаздың ерекшелігі – өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы, өзін-өзі сынай білуі, эрудициясы мен жоғары еңбек мәдениеті. Мұғалімнің кәсіби өсуі өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігінсіз мүмкін емес. Мұғалімнің жұмысы өте қиын, бірақ сонымен бірге қызықты, ол шексіз шығармашылыққа мүмкіндік береді. Мұғалім жұмысында жүзеге асатын қағидаларды келесі формуламен көрсетуге болады: дәстүрлілік – жаңашылдық – шеберлік. Мұғалімнің дарындылығы – білім мен дағдыны басқаларға жеткізе білуінде, қиын істерді жеңілдете білуінде. Сондықтан оқудағы қуаныш өте маңызды жетістік.

Мұғалім кәсібилігі білімі мен білігінен байқалады. Себебі, мұғалім мәртебесі білімі, лауазымы, тәжірибесі  арқылы жеке тұлғаны тәрбиелейді. Мысалы, өзінің біліктілігін көтеруге талпынбаған мұғалім заман ағымына ілесе алмай жаңылады. Осы орайда, орыс жазушысы М.Горкийдің: «Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім-жаман мұғалім» деген сөзін қаперімізде ұстайық. Сондықтан Цифрлы Қазақстанның біліктілікті арттыру курстары, бір-бірімен тәжірибе алмасу алаңдары, түрлі сайыстар мен байқаулар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі – мұғалімге берілген ғажап мүмкіндік.

Біз күнделікті байқап, пайдалана алатын өркениеттің барлық игілігі нағыз кәсіпқойлардың қолымен жасалған.Кәсіби әрі білікті мамандар әрқашанда көпшіліктің назарында. Мен кәсіби мамандардың тәжіибесін бойымызға сіңіру арқылы да кәсіби маман болу аламыз. Өз дәрежемізден де жоғары деңгейде жүрген адамнан үйренуге асық болу керек. Бүгінгі цифрлы әлемнің пайда болуы да кәсіби мамандардың өз ісін жоғары дәрежеде атқара алуы. Кәсібилілікті шыңдауға мен ұмтылыс болмаған сәттерде «Қазіргі әлемде кәсіби болмау – мүмкіндіктерден қағылу, бір орыннан жылжымау» деп осы сөздерді еске аламын. Расымен, бүгінгі күнде кәсіби маман болмауға себеп жоқ. Қайда қарасақ да «біліктілікті қалай арттыруға болады», «білікті маман болу үшін» деп жан-жақтан өсуге жол сілтеп  жатыр. Америкалық кәсіпкер, ресторатор, McDonald’s корпорациясының негізін қалаушы Рэй Кроктің бүгінгі күнде жеткен кәсібилігі мен танымалдылығын көріп: «Кәсіп майданында сан мәрте рет жараланып, құлаған сайын шыңдалып, әрдайым шайқасқа дайын болдым» деген сөздері – маған да шабыт сыйлайды. Демек,  кәсіпқойлыққа ие болу үшін кем дегенде 10 000 сағат тынымсыз еңбек  етіп, жоғарыдағы айтылған пікірлерді ұмытпауымыз керек.Айта кету керек, біздің бүгінгі әрекетіміз – ертеңгі күннің жемісі. Сол себепті, әрекетті, жоғары деңгейді, біліктілік пен білімділікті арттыруды бүгіннен бастап мақсат етіп, іске кірісуіміз қажет.

Қорыта келе, Бауыржан Момышұлының «Ұстаз — ұлық емес, ұлы қызмет» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамыған мемлекеттер арасында топ жаруы үшін ұстаздардың еңбегі орасан зор екендігін айтқым келеді. Мұғалім мемлекеттің ең маңызды маманы. Себебі, мемлекетіміздің оқу-білім бағытында жеткен жетістіктері тікелей ұстаздардың еңбегінің нәтижесі. Мен –Жаңа Қазақстан ұстазы болғанымды мақтан тұтамын. Ел боламын деген кез – келген мемлекет ұрпақ тәрбиесін басты мақсат етеді. Сондықтан да ,  жақсы ұстаз болу – біздің ең негізгі мақсатымызға айналуы тиіс.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Абдуллина, О.А. Студенттердің педагогикалық тәжірибесі: пед. студенттеріне арналған оқу құралы. ин-тов / О.А.Абдуллина. – 2-бас., қайта қаралған. және қосымша – М .: Білім, 1989. – 175 б.
  2. Адольф, В.А. Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі / В.А.Адольф. – Красноярск: РИО ҚМПУ, 1997. – 310 б.
  3. Кенжебеков Б.Т. Университет студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен практикасы. (монография). – Астана, 2001. – 275 б

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *