Жастар таңдауы
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының
2 курс докторанты Мағзумов Мақсат
Кез келген талапкерде ҚазҰУ-ды таңдап, сонда білім алып, оның түлегі атану сияқты арманы болады. Бұл арман кейбір жандарда орындалмай қалатыны өкінішті. Өмірде үш таңдауда қателеспе деген сөз бар қазақ халқымызда. Солардың бірі, бұл – мамандық. Яғни, талапкердің қандай болмасын университетке оқуға түсуіне қарамастан, ең маңыздысы өзі қалаған, жан дүниесіне жақын мамандықты таңдағаны дұрыс деп есептейміз. Мен де өзім жан дүниеме жақын мамандықта оқып жатырмын. Ол «Мәдениеттану» мамандығы. Білім алатын дінтану және мәдениеттану кафедрасы екі мамандық бойынша студенттерге білім береді. Кафедрамыздың өз ұраны бар. Бұл ұран атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» атты қанатты сөздерімен байланысты.
Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдаудың көптеген себептері бар. Өз тәжірибемнен сондай себептердің бірнешеуін атап өткім келеді: Білім үш тілде беріледі; Университетке дейінгі бейіндік мектеп және колледж өз жұмысын атқарады; Шетел азаматтарының білім алуына мүмкіндіктер жасалған; Республикалық конкурстар, олимпиадалар, конференция, семинарлар және де т.б. болып өтеді; ҚазҰУ қалашығының табиғаты керемет; Студенттік ұйымдар («Жас Отан», «Сұңқар», «Көмек» және т.б.) мен үйірмелер көп; Үлкен кітапхана және интернет орталығы бар; Студенттерге көмек көрсету орталығы және кинотеатр да бар; Алматы қаласының ішіндегі жеке қалашық. Жоғарыда көрсетілген себептер тізімін жалғастыратын болсам бітпейтін секілді. ҚазҰУ-да студенттердің оқуы мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Студенттерден тек қана оқу, өзінше жұмыс жасау, үнемі іздену, қызығушылықтарын үнемі дамытып отыру және т.б. талап етіледі. ҚазҰУ-дың кең есіктері әрқашан талапкерлерге ашық. Үздік оқу орнында оқығанға не жетсін демекші, ҚазҰУ-ды таңдаңыздар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718