Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет

Айтимбетова Аймгул Алтынбековна,

Хатешов Анарбек Нұрболатұлы,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,

№49 ЖОББМ; Орал қаласы

«Құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет»

22-ақпан күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаментінің оқушылар арасында жаншылуды (давка) алдын алу мақсатында оқушылар қауіпсіздік тәртібін сақтау бойынша 8-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тәрбиенің маңызды бір саласы құқықтық тәрбие туралы сөз алған мектебіміздің инспекторы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция лейтенанты С.Е.Гиметденов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың негізгі факторларына тоқталып өтті. Сабақ уақытында ғана емес, үзіліс кезіндегі оқушылар арасындағы тәртіптілік, электрондық темекі, кешкі мезгілдегі серуен және т.б. мәселелер бойынша түсінідіру жұмысын жүргізді. Бүгінгі қоғамның басты термиіне айналған «Буллинг» бойынша да сөз қозғаған мектеп психологі Р.Ж.Имашева да «Көмек Стоп Буллинг»ақпараттық жүйесі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық тәсілдерді жинау мен құралымдардың жеке құрамы үшін – құтқару жұмыстарын жүргізуге құлақтандыруда, жинауда, жабдықтауда және әзірлікте болуда практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында БҚО ББ Орал қалалық білім бөлімінің хатына сәйкес, 2024 жылдың 23 ақпан күні жоспарлы жалпы облыстық сейсмикалық жаттығудың өткізілуіне орай, АӘДжДТ жетекшісі Р.Е.Таскарин білім алушыларға ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіп, тақырыптық бейнероликтер көрсетті. Шара соңында сөз алған мектеп директоры Н.Д.Ергужиева оқушыларға еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, білімділікке ұмтылып, өзін өзі рухани дамыту арқылы ғана биікке жеуге болатынын айта келе, мектептің ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауы тәріптіліктің басты қағидаты екенін басты назарға ала отырып, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы ертеңі болатын іс-қимылдар жаттығуына жауапкершілікпен қарап, ұйымшылдықпен өткізуге шақырды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *