Отандық подкастар

 

Отандық подкастар

Соңғы бірнеше жылда подкасттар ең танымал ойын-сауық және білім беру форматтарының біріне айналды.
Ең алдымен подкаст дегеніміз не? деген сұраққа жауап берейік
Подкаст — әртүрлі тақырыптарды талқылайтын аудио және бейне мазмұн түрі. Әдетте, подкасттың өз аудиториясы, форматы және нақты бағыты (қаржы, психология, кітаптар, маркетинг және басқа салалары болады. Подкасттар YouTube, Yandex.Music, VKontakte, Spotify, PodFM және басқа платформаларда жарияланады.
Алғашында подкастар аудио жазба ретінде жазылып Apple өнімдерінде жарық көрді технология қарқынды дамығанан кейін видое подкастарда пайда болды.
Негізгі подкаст үлгілері:
аудио блогтар;
сұхбат;
ток-шоу,
дөңгелек үстел немесе әңгіме; музыкалық подкасттар.
Орташа алғанда, подкасттар 30 минуттан 1 сағатқа дейін уақыт алады.
Қазіргі сәтте сіздің ойыңызша отандық подкастың даму дәрежесі қандай деп ойлайсыздар?
Отандық подкасттар қазіргі сәтте қарқынды дамып келеді,әсіресе қазақ тілінде подкастарға сұраныс артуда
қазір сұранысқа ие подкастардың бірі Zamandastar-бұл подкаста қонақтар қазіргі әлемге деген көзқарастарымен бөліседі.
Подкастың ең қолайлы тұстарының бірі сіз тәуелсіз тыңдаушысыз, сізге экраның алдына байланып отыруды қажет етпейсіз.
Подкаст – тыңдарман өз еркімен тыңдайтын жалғыз медиаөнім. Адам подкаст тыңдағанда қолы мен көзі бос болады, сондықтан басқа шаруамен айналысып жүріп те тыңдайды. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі контент ұзақмерзімді дей алмаймыз. Бір ай бұрын жазылған постты тауып алып, оқу да қиын. Ал подкастарды адамдар ұзақ уақыт өткеннен кейін де тауып алып, тыңдай алады.
Қазір подкастың дамуының арқасында жаңа мамандықтарға сұраныс пайда болды. Мысалы, батыс нарығында подкаст продюсері, редакторы, дыбыс режиссері, подкаст постерінің дизайнері, SMM-менеджері деген мамандар шықты.
Отандық подкастар жүйесі жаңа тағы бір деңгейге көтерілуде актриса Айжұлдыз Адайбекова қазақ тілінде Sezapp қосымшасын қазақ тілінде шығарды.
Бұл қосымшада медитация, подкастар,тілек картасы( армандар картасы), шүкіршілік күнделігі,инсайттар бөлімшелері бар.
Қазір қазақ тілді контентті тұтынатын жастар алғыр, білімге құштар, ізденіске ұмтылып тұрады. Бізде сол жастардың сұранысын қанағаттандыратын контент аз. Сұраныс өте көп. Сонымен қатар қазір Youtube қазақ тілді контентке мұқтаж.Сондықта арналарды, қосымшаларды қазақша контентке толтыру қажет.
Ойымды қортындылай келсем
Қазір подкастың тыңдармандары өте білімді, ересек, лояльді. Олар өзін-өзі дамыту, мақсат қою, салауатты өмір салтына қызығатын азаматтар мен азаматшалар болып келеді.
Қазақ контентін дамытып, желіні сапалы, пайдалы отандық подкастарға толтыру. Қазақ контентін толтыра отырып қазақ тілінің дамуына үлес қосамыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *