Қазақ халқының құндылықтары

МКҚК  №8 «Балбөбек» МДҰ

Тақырыбы: «Қазақ халқының құндылықтары»

 Тәрбиеші : Қыстанова А.Р.

Актобе қаласы

Мақсаты: Болашақ қазақ халқының ұрпақтарына еліміздің  ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру. Бала тәрбиесі дәстүрінің өзекті негіздері: тілі мен тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-мәдениетке тәрбиелей отыра күнділікті өмірде қолдануға баулу. Қазақ салт-дәстүрлері  туралы білімдерін кеңейту. Балалардың сөздік  қорын , есте сақтау, танымдық қабілеттерін  дамыту. Қазақтың салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлттық аспаптар, асықтар, ұлттық тағамдар.

Шаттық шеңбер:

-Балалар бүгін көңіл-күйлерің қалай? Балалар көңілдерін тақтадағы  суретке  аударады.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Балалар ,Отан туралы тақпақ кім біледі?

Билингвальды компонент: салт-дәстүр-традиции и обычай, Отан-Родина, флаг-ту.

Бүгін біз қазақ елінің салт-дәстүрлері туралы ой қозғайймыз.

Ғажайып сәт: Хат келіпті Айжаннан.

(Хатты оқу )

Сәлеметсіздер ме балалар «Гүлдер» тобының балалары  ақылды қазақ салт-дәстүрлерін  жақсы білгілерің келеді екен мына хатта тапсырмалар бар жіберіпті мына сандықшада  тапсырмалар орындайық.

-Танысамызба?

1) Тапсырма: Жұмбақ жасыру:

Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп.

Жауабы: Домбыра

Тақтаға бір бала шығып  домбыра сөзінің  бірінші әріпін  торкөзге жазады. Қалған балалар партада жазады.

 

2) Тапсырма:

Дидактикалық ойын: Ою-өрнектермен құрақ көрпе құрастыру.

Тіл ұсарту жаттығуы: Ю-ю-ю,  түрлі түсті ою.

Балалар кесені ою-өрнекпен әсемдейді.

Сергіту сәті:

-Кел балалар  тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп ,

Кереге етіп құрайық.

3) Тапсырма: Қазақ халқының ұлттық  тағамдарымен таныстыру.

Балалар құрт жасайды.

 

-Балалар  әжейдің барлық тапсырмасын орындадық, енді мына сандықта не бар екенін көрейік.

Сандықта әжейдің  берген тәттісі бар екен.

Балаларға үйлестіріп беріледі.

 

Тәрбиеші: Бүгін біз не туралы айттық?

Балалардың жауабы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы.

Тәрбиеші: Қандай сөз үйрендік?

Балалардың жауабы: Естеріне сақтаған  жаңа сөздерді айтады.

Тәрбиеші: Не жасадық?

Балалардың жауабы: Құрт.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі:

Игереді: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айта алуды:

Меңгереді: Сөздерді саналы түрде есте сақтауды:

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *