Қазақ тіл мәртебесі!

Қазақ тіл мәртебесі 

Қазіргі таңда қай қазақтан сұрасаң да екінің бірі орыс тілінде сөйлейді. Сонда біздің тіліміздің мәртебесі түсіп, ұмытылып бара жатқаныма? Осылай тіліміз шұбарланатыны бар кешегі аталарымыз тәуелсіздік үшін үшін, ұрпақ үшін неге қан майданда жанын беріп соғысты екен деген ойға қаласың. Тіпті қазіргі орыс мектептерінде білім алып жатқан қазақ балалары да аз емес. Сол балаларды орыс мектебіне беріп жатқан өзіміздің қаракөз қазақтар. Ертең орыс тілінде білім алған балалар қазаққа қалай қызмет етеді? Оларда патриоттық сезім бойларында қалама. Өзіміздің тіліміз тұрғанда, өзіміздің әдебиетіміз тұрғанда балаларын орысша оқытатындар олар қазақ тілін менсінбейтіндер деп білемін.

Мен осы тарих сабағын оқығалы бері орыс тіл сабағын алып тастау керек деген қорытындыға келдім. Себебі орыстар бізді ең алдымен тілімізден айырып, дінімізден безіндіріп қазақ екенімізді ұмыттырмаққа күш салды. Тілінен айырылған халық басқа елге оңай бағынышты болады. 

Біздің ата жауымыз орыстар деп білемін. Себебі олар қазаққа не істемеді, қолдан ашаршылық жасады, елім жерім деген азаматтарды бір біріне айдап салып қынадай қырды, жерімізді екіге бөліп жіберді әліде айтылмаған тарих қаншама. Ал осыдан кейін орыс тілінде қалай сөйлейміз, солардың әдебиетін неге оқимыз. 

Біз қанша жерден зайырлы демократиялы мемлекет болсақта дінімізді, салт-дәстүрімізді, тілімізді ұмытпау керекпіз. Сонда ғана біз кешегі ата-баба арманына жетеміз дегім келеді. Қазақ тілі өте таза тіл, сол тілге орыс тілін араластырып сөйлеп қазақ тілін қорламайықшы. Осы сөздер орыс тілін пір тұтып жүрген азаматтардың, азаматшалардың құлағына шалынса екен. 

Яғни қазақ тілінің мәртебесі биік болса біз басқа елдерге күлкі болмайтын едік. Басқа ұлттар бізді өз тілін құрметтемейді деп сыртымыздан күледі. Осыған ішің ашидыма ашымайдыма. Қазіргі өскелең ұрпақтың орыс тілінде сөйлеуіде қоғамның емес тікелей ата-ананың кінәсі!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *