Мақала

Озық ойлы жастарды тәрбиелеу,адамзат қоғамын алға сүйреу тек біліммен ғана жүзеге асады.Жаңаша білім мазмұны сол жан-жақты тұлғаны тәрбиелеп,ойшыл,адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр.
Қазіргі заман талабына сай жастарды тәрбиелеуде,білімді игертуде білім жүйесіндегі көптеген өзгерістермен қатар,кері байланыс,яғни,рефлексия да маңызға ие.Бұл не?Кері байданыстың қандай маңыздылығы бар?Бұл жерде кері байланыстың маңызын ашып көрсетпесе болмас.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отырады.Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады.Сабақты кері байланыспен аяқтау,оқушы білімін тексеріп,мұғалімге келесі сабақ үшін бағдар береді.

Имашева Дильназ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *