АРУЖАННЫҢ АЛАР АСУЛАРЫ АЛДА

АРУЖАННЫҢ АЛАР АСУЛАРЫ АЛДА

Семен Аружан Мырзабайқызы 1999 жылы Атамекен ауылында туған. «Жібек жолы» мектебінде білім алып, 9-сыныптан кейін Ғани Муратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіне агылшын тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп аяқтады және Шымкент университетінде жоғары білім алды. 2020 жылы Ә.Молдағұлова атындағы № 34 жалпы білім беретін мектепке жұмысқа орналасты.

Аружан мектепке келе сала ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен тез тіл табысып кетті және өзінің белсенділігімен көзге түсті. Білімді де өнерлі қыз Аружан, 2022 жылы мектепішілік «Үздік жас маман — 2022» байқауына қатысып І орынды жеңіп алды және Жетісай ауданының кәсіподақ комитетінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. Сол жылы «USTAZ – MEKTEP TIREGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында  «Бастауыш сынып балаларының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында көлемді мақала жариялап, тәжірибесімен бөлісті. Биылғы оқу жылында «ІІІ Ыбырай жазулары» облыстық байқауының аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды иеленді. Республика күніне орай мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылғы қараша айында Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қанекей, тілім, сөйлеші» атты аудандық байқауға қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» — деген екен ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов.

Осы орайда мектеп әкімшілігі мектептегі жас маман Семен Аружан Мырзабайқызы алдағы уақытта да ізденуден, оқудан, оқытудан талмай, шаршамай шыңдала береді деп сенім білдіреді. Біз оның және шәкірттерінің талай жетістіктеріне, жеңістеріне куә боламыз. Өйткені, Аружанның алар асулары алда! Білім көкжиегінде самғай бер, білім саласында қанатың талмасын, әріптес! Біз сені қолдаймыз!

 

Юсуп Давлатов

Мектеп директорының бейіндік оқыту және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *